Материалдар / Ашық сабақ "Ана тілі-жүрек үні" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ана тілі-жүрек үні" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен 8 сыныпқа "Ана тілі-жүрек үні" тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақ ана және тіл туралы өтті. Сабақтың дәйексөзі шығармашылық жұмысы да жақсы болды. Мұғалім сыйына тіл туралы бейнеролик көрсеттім. Топпен бірігіп Анамның тілі -аяулыф үні деген әнді оқушылармен бірге қосылып шырқадық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2018
586
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Исатай Сүйеубаев атындағы №8 «жалпы білім беру орта мектебі»

Мерзiм: 20.04.2018

Мұғалiм: Қалмұрат Перизат Ғабиденқызы

Сынып: 8 «А»

Оқушылар саны: 24

Тақырып: Ана тілі – жүрек үні

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық, кішіпейілділік, мейірімділік.


Мақсаты: Оқушыларға тілдің адамдар арасындағы қарым-қатынастағы, әлеуметтік өміріндегі орны туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға ана тілінің ұлттық құндылық ретіндегі рөлін ұғындыра отырып, қамқорлық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың жүрегінде ана тіліне деген мақтаныш сезімдеріне дағдыландыра отырып, кішіпейілділік қасиетіне баулу;

Тәрбиелілік: Оқушыларды қамқорлыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

5 «Т» ережесі

  1. Тәртіп

  2. Тазалық

  3. Татулық

  4. Тыныштық

  5. Талап

Топқа бөлу. (Конверттермен топқа бөлу)

1. Ана

2. Тіл

3. Ұлт

4. Қазақ

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды отбасыңызға, туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға бағыттаңыз.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Үй тапсырмасын тексеру

Ж.Дәулетбек. «Ана – өмір тірегі» мәтінін бойынша сұрақтарды талдау:

1. Мәтінде не туралы айтылған?

2. Ана-өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?

3. «Отбасының берекесі де, мерекесі де ана» дегенге не айтар едіңдер?

Ескерту

3.Дәйексөз.

Ананың сүті бой өсіреді,

Ананың тілі ой өсіреді.

Халық мақалы

Хормен айту

Қыздар бөлек айту

Ұлдар бөлек айту

Дәйексөздің мағынасын сұрау

Дәптерге жазғызу


4.Мұғалім сыйы

«Тіл – ұлттың басты негізі» видеоролик көрсету

Видеоролик бойынша талдау сұрақтары:

1. Видероликтен не ұқтыңыздар?

2. Тіл адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

3. Тіл арқылы қарым-қатынас не үшін қажет?

4. Өз бойларыңда ана тіліне деген сүйіспеншілік бар ма?


5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1. Ана тобы: «Ана тілім -арым» эссе жазу.

2. Тіл тобы: «Тілім менің байлығы» постер қорғау.

3. Ұлт тобы: «Жер ана-тіл ана» тақырыбында өлең шығару

4. Қазақ тобы: «Қазақстан - мақтанышым» сурет салу.

Оқушыларға түрлі – түсіт қағаздар мен карандаштар беріледі.

6.Топпен ән айту.

Анамның тілі – аяулы үні

Өмірге келдім,

Анамды көрдім.

Деді ол: «Жаным»,

Арайлы таңым.

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай,

Бал тілін, әнін.

Қайырмасы:

Анамның тілі – Айбыным менің,

Анамның тілі – Ай, Күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан.


7.Үй тапсырмасы.

________________________________________________________



8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Ауаны терең жұтып, өздеріңізді тек жақсылықтың ішінде екендігін сезініңіздер. Сіздерден тек жақсы сөздер және жақсы істер бағытталсын. Бүгінгі сабақ барысында жасаған жақсы істеріңізбен, сөздеріңізді жүрегіңіздің түбінде сақтаңыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!