Материалдар / Ашық сабақ "Анашым-жан шуағым" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Анашым-жан шуағым" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты : оқушыларға 8-наурыз халықаралық аналар мерекесі екенінен түсінік беру.Балаларды аналарына деген үлкен сүйіспеншілік пен мейірімділікке баулу, аналарын әр кез құрметтеп,сыйлай білуге тәрбиелеу. Аналарға арналған өлең жолдары мен айтылған әндерін терең ойлап түсінуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
706
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Анашым –жан шуағым. (тәрбие сағаты)

Сабақтың мақсаты : оқушыларға 8-наурыз халықаралық аналар мерекесі екенінен түсінік беру.Балаларды аналарына деген үлкен сүйіспеншілік пен мейірімділікке баулу, аналарын әр кез құрметтеп,сыйлай білуге тәрбиелеу. Аналарға арналған өлең жолдары мен айтылған әндерін терең ойлап түсінуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

оқушылар ата-аналарын сыйлайды

жақсылық әр кез жасайды,ата-анасы тыңдайды

үлкен-кішіге қамқор бола біледі.



Түйінді идея : «Ата-ананың ақылы

Сайрап жатқан жолмен тең.»

Көрнекілігі: Балалардың аналарымен түскен суреттері,мақал-мәтелдер,слайд.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

Мейірмді аналарым ,қадірлі ұстаздарым және ару қыздар !Мерекелеріңіз құтты болсын ! Әр кез сіздерге жазлың жайдары күнін, көктемнің гүлін, қыстың аппақ қардай тазалығын, күздің молшылығын тілейміз.Ата-ананы мәңгі құрметтеп,сыйлау.Қандай да жұмысына әзір тұру.Айтқанын екі етпей орындау.Тапсырған жұмысынан бас тартпау.Оқу,өнер-білім игеру,ата-анаға күйік емес,қызық болу.Әр бала арлы да намысшыл болу.Ата-ананың алдынан қия өтпеу. Беттеріне шіркеу келтірмеу.

Ата-анаңа мәңгі тіл және қол тигізбеу.

Ата-ана алдында мәңгі сәбидей болу,мәңгі борышты,мәңгі қарыздар екеніңді сезіну керексің.

Ана тілі мен салт-дәстүрін толу білуің керек.

Осы жақсы қасиеттер бойларыңнан табылса ешуақытта жамандық көрмейсіңдер.

1-жүргізуші

Алдарыңызда Ақай орта мектебінің 4 а класс оқушыларының «Анашым-жан шуағым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Нұрислам

Бәрі де ана бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғашқы өлең дастанды

Қуандым ба өзің бар деп қуандым

Жыладым ба өзің жоқ деп жыладым

Бәрі де ана бір өзіңнен басталды

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем бір өзіңе еркелеп

Жасқандым ба тек өэіңнен жасқандым

Алғашқы дәм ол да сендік сүт еді

Ақ сүт берген қашан да үміт күтеді

Отанымның өзі сенен басталып

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Би «Қазақ қызы» Жұлдыз, Жансая, Жұлдыз.



Нұрислам Жұлдыз Искалиева

Рахмет саған Ана Рахмет саған Ана

Мені тастап кетпегені үшін Адал еңбек еткенің үшін

Жетім бала етпегенің үшін Балаңды ойлап болашақ

Тектілігіңді жоғалтпай Арақ-шарап ішпегенің үшін

Темекі де шекпегенің үшін

Рахмет саған Ана Рахмет саған Ана

Әкемді ғана сүйгенң үшін Маған бәрін әпергенің үшін

Әркімді бір сүймегенің үшін Мінезімді көтергенің үшін

Ұрпағың үшін үнемдеп Он екі мүшемді сау қылып

Қымбат киім кимегенің үшін Дүниеге әкелгенің үшін

Рахмет,саған Ана! Рахмет саған Ана!

Кінәлі болсам,,кешіргенің үшін Сенің әрбір жылағаның үшін

Ауыр бейнет көргенің үшін Жоқтан барды қылғаның үшін

Ауырмайтын, аман-сау Бақыты үшін балаңның

Адам қылып өсіргенің үшін Барлығына шыдағаның үшін

Ән: «Анашым қартаймашы»



Жансая

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқымды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін бердің ақ сүтін

Кең құшағы аясындай гүл бақтың

Ән: «Қос бәйтерек»

Батырбай

Мен өзіңмен қайда барсам біргемін,

Махаббаттың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай-жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Алибек

Ержеткізіп,елге берген баласын,

Ақылдысың ,ардақтысың,данасың

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің

Қайратыңнан қайта көрме,анашым.



Ән: « Көңілді күн»

Аят

Аналар-күнім менің,

Бабалар-гүлім менің,

Өзендер-күйім менің

Асқар тау- үйім менің

Соларға сүйсінемін,

Соларға сүйенемін.

Мақал-мәтелдер: Ата-аналар туралы ақыл сөздер

Ата-анаңды құрмет тұт. Ешқашан ренжітпе.Ата-анаңа ауыр сөз айтпа.Үнемі бала екенәңді біл.Ата-анаңды ұрма, айқайлап сөйлеме.

Әр кез ата-анаңа қамқор бол. Табиғаттағы барлық жылу—күннен,Өмірдегі барлық жылу –ата-анадан.Ата-анаңның ақылын тыңдасаң өмір бойы қор болмайсың.Ата-анаң сені өмірге келген күннен бастап,бағып адал азамат болып өсуіңе үлесін қосты,енді сен де ата-анаңа қамқорлықпен қарап,ренжітпей асырауың керек.Бақыт –өз қолыңда егер осы қағидаларды есіңе сақтап,мейірімді бола біл.

Ана ----қуанышымыз,бақытымыз,ақылшымыз,сүйенішіміз,қамқоршымыз,асыраушымыз,ардақтымыз.

Ана----мейірімді,ардақты,күн шуағы,жылулығы мол жан.

Бала-----болашағымыз,үмітіміз,жұбанышымыз,қуанышымыз,із жалғастырушымыз,үйіміздің берекесі мен мерекесі,болашақ қамқоршымыз.

Көрініс: Мен кімге ұқсаймын? (Оқушылар)

Би: Танго (барлығы)

Көрініс: Анамның қолдары.(оқушылыр)

Хор: Ақ мамам.

Қортынды. Балалар аналарына өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын берді. Өмірге әкелген ата-аналарына қуаныш сыйлады

«Табиғаттағы барлық жылу-күннен,

Өмірдегі барлық жылу-адамнан»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!