Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Әнет баба батасы" 3 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Әнет баба батасы. Әнуар Мамашәріптегі
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұны бойынша сөз құдіреті жайлы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Бір –бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастырып, тақырып мазмұнын ашады, талқылайды.
2.Топтық іс- әрекет арқылы өз бетінше ізденіп, ойын еркін жеткізуге, проблема шешуге дағдыланады.
3. Шағын топтар құрамында бір- бірінің пікірімен санасады, бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді. Тақырып бойынша үлкенді сыйлауға, бірлікке үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
-Әнет баба жайлы мағлұмат алады;
- билердің өнегесі мен өресін үлгі тұтады;
- топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Оқыту технолоиясы: АКТ, СТО, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілдері: топтастыру, ЖИГСО, «Мен саған, сен маған», «Ойлан, жұптас, талқыла», Автор орындығы.
Көрнекілігі: слайдтар, оқулық.
Құрал- жабдықтар: А1 форматты қағаз, маркер, стикер
Сабақтың барысы:
-
Қызығушылықты ояту:
«Жүректен шыққан жылы сөз» Бір- біріне үйден жасап келген жүрек суреті арқылы бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Топтарға бөліну: әріптерден сөздер құрау арқылы топтарға бөліну. (2 мин)
Оқушылар сөз жайлы өз білетіндерін жазып шығады, әр топ жазғандарын оқиды, бір- бірін толықтырады.
Жоғары деңгейлі сұрақ қою: (2 мин)
-Сөзде қандай құдіретті күш бар?
2.Мағынаны тану:
Сөздік жұмыс: (интерактивті тақтада) (2 мин)
Төрткілдеу- төрт бұрыштылау.
Төбел- жылқы малының маңдайында болатын ақ дақ.
Қорамсақ- жебе салып жүруге арналған арнайы қалта.
Жебе- садақ оғы
Қозыжауырын- масағы болаттан жасалған, жалпақ басты садақ оғы.
Алаш- қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы.
ЖИГСО әдісі арқылы мәтінді оқып, талдату. (20 мин)
Мәтінді 4 бөлімге бөліп, әр топқа таратамын. Оқушылар өз жанұя мүшелерімен оқып, мазмұнын талдайды. Әр жанұя мүшесі мәтіннің тиісті бөлігін мұқият түсінгені маңызды, себебі олар басқа топта өз оқыған бөлімдерін түсіндіреді.Оқушылар 1,2,3,4- ке санап, бөлінеді. 1-лер бөлек, 2,3,4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды.Оқуға ұсынылған тақырып талқыланады.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.
Сергіту сәті: Аппақ болып таң атты,
Түтін тіке ұшады.
Қарлығаштар қанатын
Биік самғап ұшады.
Сәйкестендіру тесті : (2 мин)
Бірлік туралы мақал –мәтелдердің жалғасын сызба бойынша қосу:
«Мен саған, сен маған» (4 мин)
-
Мәтінді оқығанда неге таңдандыңдар?
-
Әнет баба Төле биге қандай бата берді?
-
Тақтадағы қай жауап Төле бидің сөзіне ұқсайды?
-
Әнет бабаның жұмбақтап айтайын деген ойы не еді?
- Мәтін мазмұнынан үлкенді сыйлау дәстүрі байқала ма? Дәлелде
«Ойлан, жұптас, талқыла» (3 мин)
-Қазіргі кезде даулы мәселелерді шешумен кімдер айналысады?
Ойтолғау. (3 мин)
-
Әнет бабаның Төле биді қабылдауына, сөздеріне қарап, ол қандай адам деп ойлайсыңдар?
Шағын эссе жазу.
Жазған эсселерінен әр топтан бір оқушыға оқыту.
Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу.
Бағалау: Екі жұлдыз бір тілек . Өзара бағалау (2 мин)
Критерийлер:
-
Оқылған мәтіннің мазмұнын меңгеруі.
-
Сұрақтарға жауап табуы.
-
Топпен жұмыс барысындағы белсенділігі.
Кері байланыс.(1 мин)
-Бүгін не үйрендіңдер?
-Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар?
-Сабақта қандай қиындықтар болды?
Сабақтың тақырыбы: Төле би. Төле бидің толғауы
Сабақтың мақсаты: Төле бимен таныстырып, шешендік сөздерінің мағынасын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Төле бидің ұлағатты сөздерінің мағынасын талқылап, осы сөздерді күнделікті өмірде қалайша қолдануға болатындығы туралы ойланады.
2.Өз беттерінше ізденеді, проблемалық мәселені шешуге дағдыланады.
3. Топтар құрамында өзара әрекеттеседі, сыйластық атмосферасы қалыптасады, бір- біріне жәрдемдеседі.
Күтілетін нәтиже: Төле би жайлы мағлұмат алады, би- шешендердің даналық сөздерін үлгі тұтады, топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Оқыту технологиясы: АКТ, СТО, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, рөлдік ойын, топтастыру, «Пікірлер ағашы», «тізбектей оқу», «түртіп алу» стратегиясы, «Жалғасын тап» ойыны,эссе, автор орындығы.
Көрнекілігі: слайдтар, оқулық.
Құрал- жабдықтар: А1 форматты қағаз, маркер, стикер
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылықты ояту:
Психологиялық дайындық: Бүгінгі сабаққа келгендегі көңіл- күйлерін, әзірліктерін үш түрлі түсті таңдау арқылы білдіреді.
Қызыл түс- дайындық нашар
Сары түс- орташа
Жасыл түс- дайындық жоғары
Мозайкалық әдіспен топтарға бөліну. Топ басшысын сайлап алу.(2 мин)
-
Үй тапсырмасын сұрау: (8 мин)
Сұрақ- жауап:
-
Әнет баба жайлы не білеміз?
-
Үш биді ата.
-
Ұстазсыз шәкірт болмайтынын Төле бидің қай сөзінен аңғаруға болады?
Рөлдік ойын. Оқып келген мәтіндерін сахналау.
2. Мағынаны тану:
Т
ақылды
оптастыру: «Шешен» (2 мин)
сабырлы
«Пікірлер ағашы» (6 мин)
Әр топ Төле би жайлы берілген мәліметтерді оқып, ұжымда ой бөлісіп, пікірлер ағашына нақты деректерін орналастыру.
2. Тізбектей оқу стратегиясы арқылы өлең мазмұнын ашу. «Түртіп алу» стратегиясы. Оқи отырып түсініксіз деген сөздерді түртіп жазып отыру. 15
Тапсырма: әр топ өздеріне тиісті бөліктен оқыған даналық сөздерінің мазмұнын ашатын мақал- мәтелдер іздеп, тауып жазу.
1-топ: достық, ақылдылық, зұлымдық
2- топ: ұл мен қыз әдептілігі,нанды құрметтеу
3- топ: білімді, білімсіз адамдар, саулықтың маңызы
4- топ: араздасу, ел бірлігі
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар,
Үп- үлкен боп өседі.
«Жалғасын тап» ойыны: (2 мин)
Сөз – сүйектен өтеді, (таяқ еттен өтеді.)
Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді (сөз жеткізер)
Ойнап сөйлесеңде, (ойлап сөйле)
Сөз тапқанға, (қолқа жоқ)
Ойын: «Мен шешен боламын, ол үшін мына баспалдақтардан өтуім керек» (3 мин)
- Шешен адам болу үшін не істеуіміз керек? деген сұрақ көлемінде топтасып тізім жасайды, ең құнды бір ойды таңдап алады, дәлелдейді, интерактивті тақтаға жазады.
Ойтолғау:
-
Төле би қандай адам? Ойыңды жеткізіп, эссе жаз.(3 мин)
Автор орындығы (2 мин)
Үйге тапсырма: Төле би жайлы деректер жинау, шешендік сөздерін жаттап алу.
Бағалау: смайлингтер бойынша топ басшысы бағалайды. (1 мин)
Критерийлер:
-
Топпен жұмыс барысындағы белсенділігі.
-
Мәнерлеп оқуы.
-
Мақал- мәтелдер табудағы көшбасшылығы.
-
Ойын еркін жеткізе білуі.
Кері байланыс: 1. Сабақ ұнады ма? (1 мин)
2. Бүгінгі қай тапсырма қызықты болды?
3. Сабақта қандай қиындықтар болды?
Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би. Кім жақын, не қымбат, не қиын?
Сабақтың мақсаты: Қазыбек бимен таныстырып, би айтқан қымбат ұғымдардың мағынасын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Қаздауысты Қазыбек бидің шешендік сөздерінің мағынасын талқылап, өмірде кездесетін ең жақын, ең қымбат, ең қиын не екендігі туралы ой қалыптасады.
2. Оқушылар тақырып бойынша өзіндік пікірлер қалыптастырады, ой қозғайды, оларды талдайды, тұжырымдайды, дәлелдейді.
3. Оқушылар топта бірлесіп әрекеттеседі, сенім мен сыйластық атмосферасын қалыптастыруға атсалысады, бәрі де оқу материалын меңгеруін қадағалайды, бір- біріне жәрдемдеседі.
Күтілетін нәтиже:
- Қазыбек бидің тарихтағы орны жайлы мағлұмат алады;
- би- шешендердің даналық сөздерін үлгі тұтады;
- топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады;
- өз беттерінше ізденіп, өз ойларын эссе жазу арқылы жеткізе біледі.
Оқыту технологиясы: АКТ, СТО, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілдері: «Алдын ала берілген атаулар», «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою», Венн диаграммасы, «Бірлескен зерттеу тәсілі», эссе, автор орындығы.
Көрнекілігі: слайдтар, оқулық,
Құрал- жабдықтар: А1 форматты қағаз, маркер, стикер
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту:
«Астаналық жауын» ойыны.
«Ассорти» ойыны арқылы топтарға бөліну. (2 мин)
-
Үй тапсырмасын сұрау: (8 мин)
-
Төле би жайлы жазып келген деректерін оқыту, Төле бидің толғауын жатқа сұрау.
-
Жаңа тақырыпқа бағыттау: (5 мин)
«Алдын- ала берілген атаулар» тәсілі:
Интерактивті тақтада бірнеше сөздер жазылған:
-
Қазыбек би
-
Орта жүз
-
Абылай хан
-
Мемлекет басқару ісі
Тапсырма: осы сөздердің арасында қандай байланыстар бар?
Мағынаны тану:
«Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» тәсілі. (15 мин)
-
Оқушылар топ ішінде төртке бөлініп, өлеңнің бірінші бөлімін оқиды. Оқып болғаннан кейін, бірінші номерлі оқушылар екінші нөмерлерге , ал үшінші нөмерлі оқушылар төртінші нөмерлі оқушыларға оқыған бөлімдері бойынша сұрақтар қояды.
-
Оқушылар тапсырманың екінші бөлімін оқиды. Оқып болғаннан кейін олар бір- біріне кері тәртіппен сұрақтар қояды: екінші нөмерлі оқушылар біріншілерге, ал төртінші нөмерлі оқушылар үшінші нөмерлерге.
-
Оқушылар өлеңнің үшінші бөлігін оқиды. Оқып болғаннан кейін олар бір- біріне жұптасып жұмыс жасайды. Бірінші және екінші нөмерлі оқушылар үшінші және төртінші нөмерлерге сұрақтар қояды, содан кейін керісінше.
Венн диаграммасы (3 мин)
Т өле би Қазыбек би
«Бірлескен зерттеу тәсілі» (5 мин)
Тапсырма: Өмірде адамға ең жақын, ең қымбат, ең қиын не ?
О
Адамға ең қымбат
Адамға ең қиын
Адамға ең жақын
қушылар өз қалауы бойынша тауып топтастырады,
Ойтолғау
Қазыбек би айтқан жақын адамдар жайлы эссе жаз.(3 мин)
Автор орындығы. (2 мин)
Үйге тапсырма: Шешендік сөздерді жаттап алу. Би айтқан қымбат ұғымдар туралы мақал- мәтелдер жаз.
Бағалау: бағдаршам бойынша өзін- өзі бағалау. (1 мин)
Жасыл түс- 5, Сары түс- 4, Қызыл түс- 3
Критерийлер: 1. Үй тапсырмасының жүйелілігі.
2. «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» тәсіліндегі белсенділігі.
3. Көшбасшылығы
4. Топтық жұмыстағы белсенділігі.
Кері байланыс: (1 мин)
-
Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар? Бір- біріңізге көмек бердіңіздер ме?
-
Тақырып бойынша түсінуге қиын сөздер болды ма?
Сабақтың тақырыбы: Әйтеке би. Әйтеке бидің шешендігі
Сабақтың мақсаты: Әйтеке бимен таныстырып, шешендік сөздерінің мағынасын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Қазақ халқының өміріндегі билердің рөлі мен тарихтағы орнын олардың ұлағатты сөздері арқылы түсінеді.
2. Шешендік сөздердің мағынасын өз беттерінше оқып, талдап, сыни ойлауға дағдыланады.
3. Халқымыздың, ата- бабамыздың ұлттық ұстанымдары мен мінез- құлықтарындағы жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіреді.
Күтілетін нәтиже: бірлесе жұмыс жасау арқылы білім мазмұнын игереді, сыни ойлауы, сөйлеу мәнерлері артады.
Оқыту технологиясы: АКТ, СТО, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілдері: ББҮ кестесі, топтық жұмыс,эссе, автор орындығы.
Көрнекілігі:суреттер, слайдтар
Құрал- жабдықтар: А1 форматты қағаз, маркер, стикер
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
«Сапқа тұр» ойыны.
Гүл құрастыру арқылы топтарға бөліну. Әр топ өзіне ат таңдау. (2 мин)
«Әнет баба» , «Төле би», «Қазыбек би» : «Әйтеке би».
2. Үй тапсырмасын сұрау: (6 мин)
- Үйге не берілді?
Қазыбек би. «Кім жақын, не қымбат, не қиын?»
Шешендік сөздерді жатқа айту немесе мәнерлеп оқу.
Би айтқан қымбат ұғымдар жайлы үйден жазып келген мақал- мәтелдерін оқыту.
3. Жаңа сабаққа бағыттау:
ББҮ кестесі
-
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Оқушылар алдымен бірінші бөлімін өздігімен толтырады. Топ ішінде бір- біріне жазғандарын оқып береді, оларды талқылайды. Әр жұп ең маңызды идеяларын айтады, тақтадағы кестеге жазылады.
-
Біз Әйтеке би, шешен- билер жайлы көп білеміз. Бірақ біз көбірек білгіміз келеді. Біз тағы не білгіміз келеді?
Өз сұрақтарын ойластырады.Топта өз сұрақтарын талқылай отырып, ең маңызды сұрақтарды таңдап алады. Екінші бағанды толтырамыз. (10 мин)
Сергіту сәті: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Топтық зерттеу: (15 мин)
I топ: Әйтеке би жайлы мәліметті оқып, мазмұнын талдап, жариялайды.(қандай әдіспен жеткізу өз еріктерінде.)
II топ: Берілген шешендік сөздердің 1- шумағын оқып, мазмұнын топта талдап, ашу мен ақыл деген сөзге сипаттама береді.
III топ: Өлеңнің 2- шумағын оқып, аға мен іні арасындағы сыйластық туралы айтылған даналық ақылды түсіндіреді.
IV топ: Берілген мақалдарды оқып, мазмұнын топта талдап, осы мақалдарды шешендік сөздердің мазмұнымен байланыстыру.
Венн диаграммасы. (5 мин)
Т өле би, Қазыбек би, Әйтеке би
Бекіту: (4 мин)
-
Біз бүгін сабақта не үйрендік?
Оқушылар топ ішінде берілген сұрақты талқылайды. Тірек сөздерді айқындайды. Әр топтан бір оқушы өз ойын айтады. Кестенің үшінші бөлімі «Білдім» атты бөлімін толтырады.
Ойтолғау: (2 мин)
Өз отбасыңдағы сыйластық, құрмет пен ізеттілік туралы әңгімеле.
Үйге тапсырма: Әйтеке бидің шешендігін жаттап алу.
Бағалау: (1 мин)
Критерийлер: 1.Шешендік сөздерді жатқа айтуы.
-
ББҮ кестесін толтырудағы белсенділігі
-
Эссе жазуда ойын еркін жеткізе білуі.
-
Би- шешендер жайлы сұрақтарға жауап беруі.