Материалдар / Ашық сабақ "Animals" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Ашық сабақ "Animals" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жануарлар туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
696
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

MУЗЫКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Бүгінгі таңда бүкіл дүние жүзіндегі білім беру тәуекелге бел буу алдында тұр. Білім алушылар дәстүрлі білім беру жүйесі бағыт алған білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты педагогтарға қойылатын талаптарда өте жоғары,Қазіргі қоғамның даму қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды талап етеді.Тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылдық даралығын дамыту, баланың бар мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру білім беру жүйесінің басты бағыттары. Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны мен құрылымы өзгеріп отырған кезеңде тұлғаға бағдарланған ойын технологиясының алар орны ерекше. Берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану. Мектептегі музыка сабағында да ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез меңгеруге, музыкалық шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге болады. Бастауышта оқытылатын барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойынның маңызы зор.
Ойынды әдетте мұғалім сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте пайдаланады. Сондай ойындардың бірі – «Ойлан, тап!» жұмбақ ойыны. Жұмбақ ойынды қолдану арқылы балалар аспаптар түрлерін, құрылысын ажырата отырып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрене алады.
Ұзын мойын екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып қалсаң бір-бірлеп,
Күй шығады күмбірлеп, (Домбыра)
Саусақ баипас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды. (Сыбызғы)
Сексен бес тілі бар,
Әр тілдің
Өзіне тән үні бар. (Күйсандық)
Ұсынылып отырған жұмбақтарды оқушыларды екі топқа бөліп жарыс түрінде өткізуге болады. Бірінші топтың балалары жұмбақты айтса, екінші топ оқушылары жауабын табу керек т.с.с.
«Малды төлін емізуге шақыру», «Кімнің даусы» ойындары. Ойынды көрнекіліктер пайдалана отырып, өткізуге болады. Бұл музыкалық ойында ән айтқызу арқылы дыбыс тазалығына, сөздерді анық айтуға көңіл
бөлеміз.
Музыкалық-дидактикалық ойын. Ойын мақсаты.
1. Тоқсан бойынша тыңдалған әндер мен күйлерді тыңдатып, сазгерлер мен
шығармаларының аттарын ажырата білуге дағдыландыру.
2. Сонымен бірге орындалу ерекшеліктеріне (қандай музыкалық аспапта немесе әнді кім
орындады т.б.) көңіл бөлу.
3. Ойынды түрлі көрнекіліктер (карточкалар, таблицалар т.б.) пайдалану арқылы өткізу

Музыкалық-дидактикалық ойын. Ойын мақсаты.
1. Ұрмалы немесе ішекті аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, қобыз, жетіген т.б.) дыбыс ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсенділігін, қызығушылығын жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды шешімін
дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.
2. Күйді тыңдатып, одан алған әсерін сұрау немесе күйді тыңдата отырып, оларға күйден алған әсерін, көңіл-күйін, ой сезімі мен толғанысын суретке салдыру керек.. Бұл ойындар баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында негіз болатын оның өзін-өзі сезінуі, психикалық процестерінің дамуына бағытталып, сабақ үстінде,сергіту сәттерінде және сабақтан тыс кездерде жүргізіледі. Мысалы, жүйелі жүргізілген ойындар кезінде төмендегідей ойындар жүргізілді. Эмоцияны дамыту, қарым-қатынас, эмоционалдық дискомфорт жағдайын жақсартуға бағытталған ойындардан «Әуенді тап!», “Шатасқан”, “Ноталар”, “Кім немесе не үні екенін тап”, “Әуенге қозғалыс ойла да, сыйла”, «Музыка арқылы менің эмоцияларым”, “Көңіл-күйді көрсет”, “Әнді тап”, “Музыкалы-мимикалық гимнастика” т.б.
Жеке тұлғаның адекватты өзін-өзі бағалауды дамытуға бағытталған ойындардан «Сақина», “Үндемес”, “Отырып-отырып жалықтым”, “Ертегі құрастырамыз”, “Ақындар бізде қонақта”, “Судан балық аулайық”, “Би”, “Алма теру”, “Сазгерлер” т.б . Қабылдауды дамытуға арналған ойындардан «Әуенге не жетіспейді?», «Не бейнеленгенін анықта?», «Аспаптарды боя», «Шығарма әуенін сызықтар арқылы беру» т.б. Есті дамытуға арналған ойындардан «Тыңда да таны», «Әуенді есте сақта» т.б. Ойлауды дамытуға арналған ойындардан «Төртіншісі артық», «Музыканы салыстыр»,
«Әуенді аяқтау», «Артық нотаны тап», «Әуен құра» т.б. Зейінді дамытуға арналған ойындардан «Не өзгерді?», «Айырмашылығын тап», «Алақан
шапалақтау», «Рұқсат етілмейтін қимыл» , «Ұшты-ұшты»және тағы да басқа көптеген ойындар өткізілді. Ойындық өзара әрекет – бұл өмірдің имитациясы емес, бұл баланың қоғамда өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, өзін-өзі бекітуге мүмкіндік беретін ерекше іс-әрекет түрі. Яғни,
ойын бала тұлғасының әлеуметтік дамуының негізгі факторы.
Музыкалық ойындар оқушының музыкаға деген құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қоймай, есте сақтау, ойлай білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды. Қорыта келе, бүгінгі таңда дидактика саласындағы негізгі мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық меңгермегенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.АмонашвилиШ.А. Здравствуйте, дети! — М., 1990
2.АмонашвилиШ.А. Как живете, дети? — М., 1989
3.Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. — М., 1989
4.Мазепина Т.Б. Развитие навыков общения ребенка. В играх, тренингах, тестах. — Ростов-
на-дону. 2002
5.М.Балтабаев, Б.Өтемұратова «Елім-ай». – Алматы: «Атамекен» 1993.









































Алғашқы талап – педагогикалық қабілеттіліктің болуы – оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа. Көбіне педагогикалық қабілеттер сөз сөйлеу мәдениетін, ән айту, балаларды ұйымдастыру және т. б. нақты әрекеттерді орындай білумен сипатталады.

Мәселен, В. А. Сластелин қабілеттердің мынандай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:

1)      Ұйымдастырушылық. Мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығыру және т. б. біліктерінен байқалады.

2)      Дидактикалық. Оқу материалын көрнекілік, құрал-жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сенімді және бірізділікпен баяндау;танымдық қызығушылықтар мен рухани қажеттіліктердің дамуын ынталандыру, оқу -танымдық белсенділігін арттыру және т. б.

3)      Рецептивтік. Тәрбиеленушілердің рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциональдық көңіл-күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.

4)      Коммуникативтік. Мұғалімнің оқушылармен, олардың ата- аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым-қатынастар орната алу білігінен байқалады.

5)      Сугессивтік. Оқушыларға эмоциональды-еріктік ықпал жасаудан көрінеді.

6)      Зерттеушілік. Педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.

7)      Ғылыми-танымдық. Мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге саяды.

Мұғалімдер арасында жүргізілген толып жатқан сауалнамалар нәтижелері бойынша жетекші педагогикалық қабілеттерге педагогикалық қырағылықты (байқағыштық) жатқызуға болады, ал дидактикалық, ұйымдастырушылық, экспрессивтік, басқалары қосалқы, көмекші топқа санала алады.

Гуманизм – бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылық ретінде қарым-қатынас жасау, бұл қарым-қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.

Мұғалім мамандығында тұлғалық сапалар кәсіби сапалардан ажыратылмайды. Кәсіби сапалар арнайы білімдер, біліктер, ойлау жолдарын, әрекет әдістерін игерумен байланысты.

Өзінің кәсіби еңбегіне сүйіспеншілік – өз ісіне адалдық пен аямай берілгендік, тәрбие нәтижелеріне қол жеткізгенге қуану, өзіне, өзінің педагогикалық мамандығына ұдайы арттырып отыратын талап қоюшылық деп санаймыз.

Өзге мамандықтарға дәл осы мұғалімдік секілді соншалық жоғары талаптар қойылмайды.

Сондай-ақ, музыка пәні мұғалімінің жұмысын талдауға мұғалімдік шеберлік деп аталатын интегральды (біріктірілген) сапа алдыңғы орынға шығады. Педагогикалық шеберліктің анықтамасы көп. Ең жалпы мағынада ол – тәрбиелеу мен оқытуды жоғары және ұдайы жетілдіру өнері. Шеберліктің негізіне мұғалімнің жеке мәдениеті, білімі мен ой-өрісінің педагогикалық техникамен, сондай-ақ алдыңғы озық тәжірибемен ұштасып, қорытылуы алынған. Шеберлікті меңгеру үшін көп нәрсені білу және істей алу қажет. Теорияны білу, оқу-тәрбие процесінің тиімді технологиясын пайдалана білу, оларды нақты жағдай үшін дұрыс таңдау, тиісті деңгей мен сапаны белгілеу, болжау және жобалай алу қажет.

Педагогикалық шеберлікті құрайтындар аз емес. Ол, ең алдымен, оқу процесін барлық, тіпті жағымсыз жағдайлардың өзінде қажетті деңгейдегі тәрбиелік даму және білімге қол жеткізуге болатындай етіп ұйымдастыру білігінен көрінеді. Мұғалімнің шеберлігі, әсіресе, сабақтарда үйрете білуден білінеді.

Шеберліктің тағы бір маңызды көрсеткіші ол, оқушылардың белсенділігін арттыра алуы, олардың қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істеуін, білуге құмарлығын дамытуы, балаларды сабақта ойлануға мәжбүр ете білуі.

Я.Коменскийдің айтуы бойынша мектептегі оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары тікелей мұғалімге байланысты. Мұғалім қазіргі кезде мектептің негізгі басты ұлғасы болып есептеледі. Мектеп мұғалімі қандай болса, болашақта қоғам да сондай болады.

Қоғамда ұстаз ролінің төмендеуі оқу сапасына әсерін тигізгені анық. Р.Безделина зерттеуі бойынша 85 пайыз мұғалім өзінің функциясын білімді беруде, ал А. Орловтың пікірінше 10 пайыз мұғалім өздерінің оқушылары арқылы жеке тұлғаны бағалайды. С. Рескина 85 пайыз мұғалім өздерінің оқушыларын танып білмеу салдарынан оларға мамандық таңдауда ешқандай кеңес бере алмайды десе, ал  И.Скрипюк 70 пайыз мұғалім оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната алмайтынын, Е.Захарова 60 пайыз мұғалімнің авторитарлық бағытты таңдағанын айтады. Осы фактілірдің бәрі педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды қажет етеді.

Қазіргі мектеп оқушыларын тәрбиелеуде үлкен орын алатын мәселе ол мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Осыған байланысты В.Симоновтың мамандық шеберлігінің мінездемесін қарастыруғы болады.

Ол мына төмендегідей:

Кесте 4 В.Симоновтың мамандық шеберлігінің мінездемесі

Р/с

Оңтайлы деңгей

Қалыпты деңгей

Сыни деңгей


1. Жеке тұлға ретінде индивидуалдық мінез бітісі

1.1

Жоғарғы жүйке жүйесінің күшті, тепе-тең типі.

Жоғарғы жүйке жүйесінің күшті, тепе-теңдігі қозғалмалы.

Жоғарғы жүйке жүйесі инертті, әлсіз тип.


4 — кестенің жалғасы


1.2

Басшылыққа ұмтылу.

Қаталдық.

Шамадан тыс қаталдық.

1.3

Өзіне сенімділік.

Өз-өзіне сенімділік.

Өзін- өзі жақсы көру.

1.4

Қатаң талап қоюшылық.

Талапқа бағынбау.

Қаталдық.

1.5

Тіліктестік, ықыластық.

Дербестіліктің жеткіліксіздігі.

Шамадан тыс конформизм.

1.6

Гипертимдік.

Тақуалық.

Демонстративтік, қызбалық.

1.7

Эмотивтілік.

Бөгелуші.

Дистимділік, қобалжушылық.


2. Қарым – қатынас құрылысындағы мінез бітістері

2.1

Демократиялық қарым – қатынас.

Авторитарлық қарым – қатынас.

Либералды қарым – қатынас.

2.2

Ұстанымды сұрақтарға байланысты конструктивті дау – жанжал.

Оқушылармен ұжым мүшелерімен дау – жанжалға түспеу.

Көптеген сұрақтарға байланысты деструктивті дау-жанжал.

2.3

Ұжым мүшелерімен бірлесуге ұмтылу.

Ұжым мүшелерімен қарсылықта болу.

Компромисс, үнемі бейімделу.

2.4

Өзін-өзі бағалауы қалыпты.

Өзін-өзі бағалау төмен.

Өзін-өзі бағалауы жоғары.

2.5

Ұжымда бөлектену деңгейі 0-ге тең

Бөлектену деңгейі 10 %.

Бөлектену деңгейі 10 % жоғары.


3. Оқушының мамандық шеберлігінің бітістері

3.1

Материалды еркін жеткізу.

Тек өз пәнін білу.

Тек қана конспект бойынша жұмыс жүргізу.

3.2

Оқушының психологиялық жас ерекшелігімен, іскерлігімен санасу.

Оқушының жас ерекшелік, педагогикалық психологиясы туралы білімнің болуы.

Жас ерекшелік, педагогикалық психология туралы білім жоқ.

3.3

Оқушылардың атын атайды.

Оқушылардың фамилиясын атайды.

Оқушыларға қарым-қатынасы тексіз.


4 — кестенің жалғасы


3.4

Мәнерлі қимыл қозғалыс, сырқы пішімі әдемі.

Қимыл-қозғалысы мәнерсіз, киім пішіні стандартты.

Шамадан көп қимыл-қозғалыс, киім пішіні қисынсыз, салақ.

3.5

Сөйлеу қарқыны 1 минутта 120-130 сөз.

Сөйлей қарқыны 1 минутта 120 сөзден төмен, дауысы ақырын, қыстырма сөздерді көп пайдаланады.

1 минутта 150 сөзден жоғары, сөзі ұғынықсыз, сөздерінің аяғын жұтады.

3.6

Тез жауап қайтару, шешім таба білу.

Абдырап қалу, жауапқа шешім табудағы реакция.

Реакция әлсіздігі, шешімнің жоқтығы.

3.7

Нақты мақсатты анық анықтау.

Жалпы мақсатты ғана бағдарлау.

Мақсат тұтастығының болмауы.

3.8

Барлық оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыра алу.

Көптеген оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыра алу.

Көпшіліктің пассивтігі, тек қана жекелеген оқушылармен жұмыс.

3.9

Оқу материалын түсінгенін үнемі тексеру.

Түсіну деңгейін үнемі тексермейді.

Түсіну деңгейін ешқашан тексермейді (түсіндіру барысында)


4. Мамандық іс-әрекетінің тиімділігі

4.1

Оқу әрекетінің нәтижелігі 85 %, одан жоғары.

Оқу әрекетінің нәтижелігі 65-84 %.

Оқу әрекетінің нәтижелігі 45-64%.

4.2

Өзіне талапты жоғары деңгейге қоюдағы жұмыс.

Орташа талап қою.

Талап қою деңгейі төмен.

4.3

Үйрену деңгейі 64-100%.

Үйрену деңгейі 36-63%.

36 % төмен.

4.4

Оқытушы рейтингісінің ұпайы 4,4 одан жоғары.

3,8- 4,3 ұпай.

3,8 ұпайдан төмен.

Ұпай саны

100

75

50

 

Оқыту процесінде тәрбие жұмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтық шеберліктің тағы бір элементін құрайды.

Осылайша, музыка пәні мұғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!