Материалдар / Ашық сабақ "Ақ орда"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ақ орда"

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық мұғалімдерге қол жетімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
630
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 6.3. ХІІІ-ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан

Мектеп: Қарағанды облысы Абай ауданы

Топар жалпы білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жетпис Армангуль

Күн:

Сынып: 6

Қатысқандар: Қатыспағандар:-


Сабақтың тақырыбы:

Ақ Орда

Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.2.5 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында ХІІІ-ХҮ ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты



Барлығы: Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтайды. Қазақстан аумағында ХІІІ-ХҮ ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын сипаттайды.

Басым бөлігі:. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлін талдайды.

Кейбірі: Тәуелсіз Қазақ елімен Ақ орда арасындағы тарихи сабақтастықты байланыстырады.

Тарихи концепт

Себеп пен салдар, өзгеріс пен сабақтастық

Бағалау критерийі



Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтайтын дәлелдер келтіреді.

Қазақстан аумағында ХІІІ-ХV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясаттағы маңызын түсінеді.

Тілдік мақсаттар



Оқушылардың оқылым,тыңдалым, жазылым, айтылым дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету үшін тәсілі арқылы мәтінмен жұмыс жасайды, алған ақпараттарын жазып түсіреді. Бейнефильмнен үзінді көрсету арқылы керекті ақпараттарды, терминдерді «Серпілген сауал» әдісі бойынша дәптерлеріне жазады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология.

Ұлыс- улус- ulus

Беклербек, түмен, диуан, інжу, мильк, сойырғал, тархан

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды?

Құндылыққа баулу


Патриотизм, Тәуелсіз Қазақ елімен Ақ орда арасындағы тарихи сабақтастықты оқушы бойына сіңіру, Мәңгілік Ел идеясының мәнін ұғындыру.

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы, география

Алдыңғы білім

Қазақстан аумағында ХІІІ-ХV ғасырларда құрылған мемлекеттер жайлы біледі.

Сабақ барысы


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Саралау

Сабақтың басы

(8 минут)



Оқушылармен амандасу

І. Ұйымдастыру кезеңі:

II.Үй тапсырмасын сұрау:( (5 мин) (ЖД) «Ашық микрофон» әдісімен сұралады.

  1. Қазақстан жерінде құрылған қандай ұлыстарды білесіңдер?

  2. Қазақстан аумағында ХІІІ-ХҮ ғасырларда құрылған мемлекеттердің жер аумағын картадан көрсетіңдер?

  3. Алтын Орданың құлау себептерін еске түсіріңдер?

  4. Алтын орда мемлекетінің этникалық құрамы қандай болды?

  5. Ақ Орда хандары кімдер?

  6. Ақ Орданың астанасы болған қала?

  7. Ақ Орда қай ханның тұсында ислам дінін мемлекеттік дін жариялайды?

  8. Диуан сөзінің мағынасы нені білдіреді?

  9. Беклербектің атқаратын қызметі қандай?


Топтастыру. (3мин) Сыныпты реттік сандар (1, 2-3, 4-5) арқылы 3 топқа бөлу.

1-топ: Ақ Орда

2-топ: Тәуелсіздік

3-топ: Бәйтерек

«Артқа бір қадам» әдісі арқылы алдыңғы сабақпен сабақтастықты жалғастырып жаңа сабаққа көшу.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді, белсенділік танытады, есіне сақтайды.














Оқушылар топтасады




Қарқынмен жылдам жауап берген оқушыны Мадақтау













Топтағы оқушыдан неге осы сандарды таңдағанын білу мақсатында кері байланыс орнату



Оқушылардың білу деңгейін анықтау үшін үш деңгейдің де оқушыларына берілген, қарқынды тәсіл










Топтағы оқушыларды саралау, топқа бөліну өз-өзін реттеуге әкеледі.


Сабақтың ортасы

(20-25 минут)

Сабақтың тақырыбы: Ақ Орда

Сабақ мақсаты: Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында ХІІІ-ХҮ ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

Ой шақыру. Тапсырма 1. (10 мин) (Т) «Серпілген сауал» әдісі арқылы бейнетаспадан 3-5 мин үзінді көрсетемін, сосын оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды. Сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды ұсынып, топтарға тапсырма беріледі.

Мақсат: тақырыптың түсіну деңгейін анықтауға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу.

1-топ. Ақ Орданың тарихы оның ішкі және сыртқы саясатының даму жолында қанша кезеңнен тұрады және қалай аталады? (тірек сызба)

2-топ. Қазақстан аумағында ХІІІ-ХҮ ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатының ұқсастығы мен айырмашылығы неде? (кесте)

3-топ. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды? (постер)


Тапсырма 2. (7 мин) (Ж) «Ойлан, жұптас, талда» әдісі бойынша Алтын орда мен Ақ Орда мемлекетін салыстыру арқылы ерекшелігін талдау мақсатында «Венн» диаграмммасын толтырады. Мақсаты: оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беру, жауап алдындағы 1 мин. үнсіз ойлану, жұпта 2-3 минуттық миға шабуыл жасау, жауап бермес бұрын бірнеше ойларын жазу, өз көршіңмен нақты жауапты талдау.

Алтын Орда Shape2 Shape1 Ақ Орда








Тапсырма 3. (10 мин) (ЖД) «Шығармашылық» жұмыс. Оқушыларға қосымша мәтін беріледі.(5 мин). Содан кейін өздерінің оқып түйгендерінен шағын эссе жазады

Мақсаты: оқушылардың үздік жұмысын көру үшін және орын алған түсінбеушілікті шешуге мүмкіндік беру.

Критерийлері:

  1. Мемлекеттердің тарихи оқиғаларын байланыстыра алуы (2 балл)

  2. Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы қарым-қатынасын сипаттауы (3 балл)

  3. Қазақстан аумағындағы ХІІІ-ХV ғасырларда құрылған мемлекеттердің экономикалық жағдайына дәлелдер келтіруі (3 балл)

  4. Тәуелсіз Қазақ елімен Ақ орда арасындағы тарихи сабақтастықты байланыстыру (5 балл)

СShape11 Shape8 Shape9 Shape5 Shape10 Shape7 Shape6 Shape4 Shape3

Ақ Орда

абақты бекітуде: «Ассосация» әдісі арқылы білімдерін жинақтайды.





Бейнефильм көргеннен кейін ақпараттарды, терминдерді түртіп алады, ортада сұрақтарды талқыға салады, пікірлерін айтады.











Оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, бір-бірін толықтырады, талдайды.















Деректерді жүйелей отырып эссе жасады.















Оқушылар сабақтан алған білімдерін жинақтайды.










Топтық бағалаудағы кері байланыс

2 жұлдыз, бір тілек












Кері байланысы бар екі

«бутерброд»

1.Жағымды түсініктемелер айтылады.

2.Нені және қалай жақсарту қажет екенін ұсынады.








Бағалау критерийлеріне сәйкес ұпаймен бағаланады

















Диалог және қолдау көрсету. Оқушылардың талқылау дағдысының қалыптасады.











Тапсырмаларды орындағанда нақтылыққа, түйінді тұстарын түсінуге және сыни ойлауын дамытуға әкеледі.











Күрделігіне қарай ілгерлеу

оқушының ойлау дағдысын қалыптастырады.












Сабақ бойы алған білімдерін тияқнақтауда оқу мақсатына жету.




Сабақтың соңы:

(5 минут)


Үй тапсырмасы: тақырыпқа байланысты тест құрастыру.


Оқушылар бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендігін ауызша жеткізеді.

«Мен мына басқыштамын», Өзінің іс-әрекетіне рефлексия жасайды


Сабақтың басындағы реттік санның өзгеріске ұшырауын саралау

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!