Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділік адамның ең ізгі
қасиеттерінің бірі екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік
құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға
айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын
ұғындыру.
2. Дамытушылық: Оқушылар
бойындағы бауырмалдық қасиеттерін
дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды тату
болуға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
1.bilim-all.kz
2.https://infourok.ru
|
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
-
Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық.
Балалар ережені есімізге
түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып,
тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік. Тыныштық
сәті. «Орманға
серуен». Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді
жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек
босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге
шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды,
дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып,
шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған
күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда
абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға
көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.
Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына
зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар
нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен
ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға
ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті.
Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын
тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.
Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып
отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен
құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге
және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз.
Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның
жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.Бізге қалайша жеңіл әрі
тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша
сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян
тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар
екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте
ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз.Міне, мектептің
алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең
жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз.
Көзіңізді ашып,
күлімсіреңіз!Рахмет.
-
Үйге тапсырманы
тексеру.
1.
№19 –
сабақ. 3 – тапсырманы
орындау.
2. Келесі сабақ.
№19, «Рақым» мәтінін оқып
келу.
Сұрақтар:
1. Сағаттың кеудешені ұсыну
себебі неде?
2. «Шын жақсыда тарлық жоқ»
дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Сағаттың іс – әрекетінен
қандай үлгі алуға болады
|
|
-
Сабақтың
дәйексөзі.
Мейірімділікті анадан
үйрен.
Халық
даналығы
Сұрақтар:
1. Мейірімділікті қалай көрсетуге
болады?
2. Өздеріңе мейірімділік
көрсеткен кезде қандай сезімге
бөлендіңдер?
3. Дәйексөзден қандай ой
түйдіңіз?
Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз
табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің
дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың
барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың
кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз
қолында.
|
|
-
Оқиға айту (Мұғалім
сыйы).
Әділет өлмейді
Үлкен жерді иеленіп отырған
бір бай көршілес шаруаның аз ғана жеріне құмартыпты. «Осыны амалын
тауып, алып алсам, мынау алаң түгелдей менікі болар еді- ау», деп
ойлайды екен. Сөйтіп, көршісіне жеріңді сат деп қолқа салады. Күнін
сол жерден көріп отырған шаруа бұған көнбейді.
Жалынып та, қорқытып та
көреді, сатпайды. Сосын бай
амал іздейді: себеп құрастырып, шаруаны сотқа береді. Сотты
паралап, істі өз пайдасына шешкізеді де, шаруаны көп ақшаға
борыштар етеді. Жоқтан пайда болған қарызынан құтылу үшін шаруа
жерін сатуға мәжбүр болады. Бай оған қарызынан артылдырып,
жүз динар береді.
Шаруа әділдік іздеп әкімдерге
барады, олар әлбетте анда-санда шақырып, көңілдерін көтеретін,
қалталарына ақша салып тұратын байдың айтқанын
сөйлейді.
Содан шаруа шіркеуге барып,
жүз динарын береді де «Әділет өлді» деп хабарлап, қоңырау қағуды
тапсырады. Қоңыраудың қатты-қатты қағылғанын көріп, жүрт дүрлігіп
шіркеуге жетеді, кім өлгенін сұрайды, «Әділет өлді» деген жауап
алады. Бұл сөз патшаға да
жетеді.
Патша шіркеу қызметшілерін
шақырып, бүндай сөзді айтуға кім өтініш жасағанын
тексеріп, шаруаны алдырады. Шаруа болған
жағдайды айтып береді, патша өз елінде әділеттің жоқтығына
намыстанып, байдан шаруаның жерін қайтарып алып
береді, сот
пен әкімдерді жазаға
тартады.
-
Әділеттілік жоқ жерде
адамдарға қиянат жасала ма?
Неге?
-
Неліктен дұрыс жасалмаған
әрекеттің нәтижесіне патша
намыстанады?
-
Қалай ойлайсыздар,
әділеттілік заңдылығының орындалуы нәтижесінде қиянат бола ма?
Неге? Жауаптарыңызды өмірден
алынған мысалдармен
дәлелдеңіздер.
-
Дұрыс әрекетті ұғынумен
байланысты адамдарғақиянат жасалмаудың маңызын мысалдармен
түсіндіріңіздер.
|
|
-
Шығармашылық жұмыс, топпен
жұмыс.
Тапсырма:
Суреттерге қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Суре бойынша әңгіме құрастырыңдар.
Сұрақтар:
1. Аулада балалар не істеп
жүр?
2. Кішкентай қыз неге жылап
қалды?
3. Оның қасына кім жақындап
келді?
4. Қыз неліктен жылағанын
қойды?
5. Баланың іс – әрекетінен
нені көруге болады?
|
|
-
Топпен ән
айту.
«Дос болайық
бәріміз»
Сөзін
жазған:Х.Талғаров
Әнін
жазған:И.Нүсіпбаев
Әрқашан дос,
біргеміз,
Ажырамас
іргеміз,
Ілгері
жүріңдер,
Достық жырын
біліңдер,
Ту ғып ұстап
бірлікті
Еңбекті
сүйіңдер!
Қайырмасы: Дос болайық
бәріміз,
Жарасып тұр
әніміз.
Тыныштықты
сақтаймыз
-
Атсын күліп
таңымыз!
|
|
7. Үйге
тапсырма
1.
№19 –
сабақ. 6 – тапсырманы
орындау.
2. Келесі сабақ.
№20, «Мейірбан» мәтінін оқып
келу.
|
|
8. Сабақтың қорытынды
сәті.
Тыныс алуға зейін
қою.
Баяу музыка
қойылады.
Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар.
Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге
қоюға болады...
Д е
м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
|
|