Бекітемін ____________________
Класы: 5 "Ә"
Күні: 22.11.2014жыл
Cабақтың
тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты
тасымалдаушылар.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға
ақпаратты іздеу, жазу, жалпы жұмыс жасай білу, ақпаратты
тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: Оқушылардың
есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз
бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен
жұмыс,Жэтон
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер,
оқулық, презентация, кеспе қағаздар
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
бөлімі: Оқушылармен
амандасу
Сабақтың
эпиграфы:
Сабақта отырайық жылы жүзбен,
Бізге келсін, қуаныш нұр
іздеген
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына
бізден.
Бірінші топқа бөлінбестен бұрын, менің қолымдағы
тәттілерден таңдап алайық. Сол алған тәттілердің түсі бойынша
топ-топқа бөлінеміз.
II. Үй тапсырмасын
тексеру: "Кім жылдам" ойыны арқылы
тексерейік. Яғни, сөзжұмбақ шешейік.
ИНФОРМАТИКА деген сөзден
шығарамыз:
1.
Мәліметті сақтау құрылғысы-ДИСКЕТ
2.
Қағазға басып шығару құрылғысы-ПРИНТЕР
3.
Аты бар бірқатар байттар тізбегі-ФАЙЛ
4.
Компьютердің ең басты бөлігі-ПРОЦЕССОР
5.
Арнайы қолданбалы .......... - ПРОГРАММА
6.
Мәліметтерді көруге мүмкіндік беретін құрылғы -
МОНИТОР
7.
Түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымды білдіреді -
АҚПАРАТ
8.
Компьютерге мәліметті енгізуге арналған құрылғы -
ПЕРНЕТАҚТА
9.
Компьютермен жұмыс жасайтын, программа қондыратын
адам-ПРОГРАММИСТ
10.
Дыбыс шығаруға арналған құрылғы - КОЛОНКА
11. Мышка сөзінің қазақшасы -
ТЫШҚАН
III. Жаңа тақырыпты
түсіндіру
Мұғалім: Оқушылар ең алдымен
ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер
едіңіздер?
Екі
топқа берілген А-3 қағазына өз ойларыңызды
жазыңыздар.
-
Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып
жатқан түрлi құбылыстар туралы мәлiметтер
жиынтығы.
-
Кез
келген ақпаратты алмасу процесiнде оның көзi (кiм ақпаратты бередi)
және қабылдаушысы (кiм алады) ерекше орын алады. Ақпарат оның
көзiнен қабылдаушысына шартты сигнал көмегiмен берiледi. Сигналдар
типтерi әр түрлi болып бөлiнедi:
-
Физикалық табиғат бойынша: электрлiк, жарықтық,
жылу, дыбыстық, механикалық, радиосигнал.
-
Қабылдау тәсiлi бойынша: көз, дыбыс, иiс,
дәм.
-
Аталған сигналдар өзгеруi мүмкiн. Сигналдар
өзгерiсi ақпаратты алуға мүмкiндiк бередi. Ақпарат көзiнен
қабылдаушысына байланыс каналдары арқылы
берiледi.
-
Ақпарат
қасиеттері:
дәлдік, толықтылық,,
бағалылық, түсініктілік.
-
Егер ақпарат істің ақиқаттық
жағдайын толық ашатын болса, онда ол
ақпараттың дәлдік
қасиетін қанағаттандырады.
-
Егер ақпарат түсінуге және
белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда ол
ақпараттың толықтылық
қасиетін қанағаттандырады.
-
Егер ақпарат қандай да бір
мәселелерді шешуге байланысты пайдаланылса, онда ол
ақпараттың бағалылық
қасиетін қанағаттандырады.
-
Егер ақпаратты оны
пайдаланушылар тілінде жазса, онда ол
ақпараттың түсініктілік
қасиетін қанағаттандырады.
АДАМ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ
ҚАБЫЛДАЙДЫ?
-
Қоршаған ортадағы ақпаратты алуда адам сезім
мүшелерінің бес түрін қолданады: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу,
дәм сезу.
-
Адам көзбен көру ақпаратын алады. Мысалы,
теледидардағы кинолар мен мультфильмдерді көру, тақтадағы жазулар,
көшеде жүру белгілері және т.б.
-
Адам құлағымен есту ақпараттарын қабылдайды.
Мысалы, мұғалім сөзі, досының әңгімесі, қоңырау шырылы, музыка
дыбысы және т.б. мұның барлығы дыбыстық ақпарат болып
табылады.
-
Адам мұрны арқылы қоршаған ортадан иіс сезу
ақпаратын алады. Мысалы, бауырсақтың иісі, гүл иісі және т.б. иіс
сезу ақпараттары болып табылады.
-
Адам тілдің көмегімен заттың ащылығын,
қышқылдығын, тәттілігін, тұздылығын анықтайды. Мысалы, қышқыл
лимон, тәтті конфет, тұзды қияр және т.б. осы сияқты мысалдар дәм
сезу ақпараты болып табылады.
-
Саусақ ұшы және тері арқылы заттың температурасы
жайлы ақпарат аламыз. Басқаша айтқанда, кез келген заттың ыстық
немесе суығын, құрғақ немесе ылғалдылығын, тегіс немесе кедір-бұдыр
екендігін денеміздің терісі арқылы анықтаймыз. Мұндай ақпараттар
сезу (тактілік) ақпарат деп аталады.
АҚПАРАТТЫ БЕРУ ТҮРЛЕРІ
-
Ақпаратты беру
түрлері: мәтіндік, сандық,
графикалық, дыбыстық.
-
Мәтін түрінде берілетін
ақпараттар мәтіндік
ақпарат деп
аталады. Мысалы, ертегі кітаптарындағы
қиял-ғажайып ертегілер мәтіндері, өлең кітаптарындағы өлең жолдары
және т.б.
-
Сан түрінде берілетін
ақпараттар сандық
ақпарат деп
аталады. Мысалы, математикалық есептер,
сағаттардағы уақыт мезгілдері және т.б.
-
График түрде берілетін
ақпараттар графикалық
ақпарат деп
аталды. Мысалы, суреттер, фотографиялар,
диаграммалар, гистограммалар және т.б.
-
Дыбыс түрінде берілетін
ақпараттар дыбыстық
ақпарат деп
аталады. Мысалы, мұғалімнің сабақты
түсіндіруі, теледидарда берілетін музыкалық хабарламалар,
магнитофондағы әуендер және т.б.
-
Ақпараттық
процесс – бұл ақпаратты алу, өңдеу,
сақтау және жеткізу процестері.
Ақпарат туралы мәліметтерді алып болсақ, енді сол
ақпаратты жазу және сақтау, ақпаратты тасымалдаушылар туралы
мәліметтер алайық. Компьютердің негізгі құрылғыларына мыналар
жатады: жүйелік блок, монитор, пернетақта,
тінтуір.
IV.
Тапсырмалар.
«Оқыған жетер мұратқа» тест
тапсырмаларын орындайық. Тест парақшаларын таратып беремін, соған
тездетіп жауап береміз.
V. Сергіту
сәті
VІ. Жаңа сабақты
бекіту.
Жаңа сабағымызды бекіту үшін, екі топқа тапсырма
беремін. Яғни, Ақпарат тобы өздері жайлы суреттеме құрастырады.
Болашақ тобы да дәл солай суреттеме құрастырады.
VІІ. Үйге
тапсырма. 109 беттегі, 13 тақырыпты
оқу
VІІI. Бағалау. Өзін - өзі бағалау. Топтағы
оқушылар өздерін бағалайды, яғни топ басшысы бағалап, мұғалімге
айтады.
-
-
№
|
Оқушының
аты-жөні
|
Бағасы
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
5
|
|
|
6
|
|
|
7
|
|
|
8
|
|
|
Тақырыпты жақсы
меңгердім
Сабақты жақсыдан төмен
меңгердім, әлі де жұмыс жасауым
қажет
Бұл тақырып бойынша
көп жұмыс жасауым
қажет.