Материалдар / Ашық сабақ "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы туралы менің пікірім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы туралы менің пікірім

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім: Махаббат және абырой

Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп: «Лисаков қаласы білім бөлімінің

Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

Күні: 02.03.2023 ж.

Мұғалім: Ескенова Б.А.

Сынып: 8 «А»


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы менің пікірім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.

Сабақ мақсаты:

шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

Бағалау критерийі

  • шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;

  • шығарманың жаңашылдығына баға береді,

ананың іс-әрекетіне баға береді

  • әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады

Құндылықтарды игерту:

«Ашықтық». Тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізуге, шығармашылық жұмыстарға белсенді, еркін қатысуға, барынша ашық болуға баулу.

Пәнаралық байланыс:

музыка, бейнелеу өнері,

Осыған дейін меңгерілген білім

Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен шығармашылығымен таныс. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұнын біледі, кейіпкерлеріне талдау жасай алады.


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар мұғаліммен бір-бірлеп сәлемдесу, топпен тілек айту, топқа бөліну арқылы жақындасады, көңіл-күйлерін көтереді және ынтымақта болады.

Үй тапсырмасын сұрау «Анамен диалог»

Мұғалім жауап берген әрбір оқушылардың жауабына бір сөйлем айту арқылы баға береді. Кері байланыс: Тамаша! Жарайсың!

Оқулық, жұмыс дәптерлері

АКТ,

Күй МР3 тыңдау, , таратпа қағаздар

Жаңа сабаққа кіріспе


Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.

-Оқушылар, біз бүгін «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы менің пікірім» тақырыбында сабақ өткізетін боламыз. Сабақ барысында оқу мақсатына негізделген шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына, ананың іс-әрекетіне

баға беретін боламыз, өзіндік сыни пікір айтатын боламыз.

1-тапсырма. Жеке ж. Тыңдалым алды

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын жеке талқылау. Парақша таратылады








Ақынның табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасын қандай құндылықтар арқылы бергенін?





Әр оқушы өзіне берілген сұрақтарды дауыстап оқып, жауап береді

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.











Дескриптор:

-сұрақты дауыстап оқиды, сұраққа жауап береді –

1 балл



Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу. 4 мин.

2-тапсырма.

Тыңдалым.

Н. Тілендиев

«Аққу» күйі


Сұрақ:

Күйдің сазы мен поэма мазмұнында үндестік бар ма? Күйді тыңдағанда қандай сезімге ендің?









Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?

Күйді тыңдаған кезде осы тақырыпқа арқау болған үш белгіні сезіне алдық па?

3-тапсырма

Топтық жұмыс

1 топ «Аққу» тобы

Аққудың әсемдігін білдіретін сөз жазыңдар. Шығармадан оқ тиген аққудың мүшкіл халін суреттейтін детальдарды табыңдар


2 топ «Ана» тобы

Берілген үзіндіні оқыңдар. Өлең жолдарындағы рухани және материалдық құндылықтарды анықтап, салыстырып, жаңашылдығына баға беріңдер.


3 топ «Табиғат» тобы

Поэмадан өз қалауынша үзінді таңдап алып жаз, сол үзінді туралы сыни-пікірлеріңді жазыңдар.



Жақтаушы, даттаушы, сараптаушы топтарының жұмысы


4-тапсырма

«Ыстық орындық»







Кері байланыс:

1«Поэмада көтерілген экологиялық

мәселе туралы не айтар едіңдер?»

2«Қазіргі заманда жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма?»

3Баланың өліміне не себеп болды деп ойлайсыңдар? Баланы емдеуге болар ма еді?

Үйге тапсырма:

«Аққулы көл...» деген тақырыпта эссе жаз. Эсседе ақынның табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасын қандай көріктеу құралдары арқылы бергенін талдап жаз.

Айтылым:

Н. Тлендиевтің «Аққу» күйін тыңдайды. Күйдің сазы мен поэма мазмұнының үндестігін сипаттап, талдайды.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.

-Сұлулық;

-Махаббат;

-Зұлымдық


Оқушылардың жауабы тыңдалады






Тапсырманы А4 форматты қағазда орындайды, детальдарды тауып, дәлелдейді.






Тапсырманы А4 форматты қағазда орындайды, рухани және материалдық құндылықтардың жаңашылдығын бағалайды.



Тапсырманы А4 форматты қағазда орындайды, үзінді бойынша сыни-пікірлерін жазады.


Әр топ жеке тапсырма орындайды







Ана кейіпкер орындыққа отырады, оқушылар сұрақ қояды, «Ана» жауап береді




«Lays чипсы» әдісі бойынша үш топ бір-бір сұрақ таңдап алады, сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды.















Дескриптор:

Күйді тыңдайды, мазмұнын түсінеді, не түсінгенін дәлелдеу арқылы ойын ашып айтады – 2 балл




















Дескриптор:

-Аққудың әсемдігін білдіретін сөздерді тауып жазады,

оқ тиген аққудың мүшкіл халін суреттейтін детальдарды табады –

3 балл;



лең жолдарындағы рухани және материалдық құндылықтарды анықтайды, салыстырады, жаңашылдығына баға береді - 3 балл;





-поэмадан үзінді таңдап алып жазады, сол үзінді туралы сыни-пікірлерін айтады - 3 балл.













Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді,

-Қайғысы мен қасіретін баяндайды,

-кім үшін мұндай әрекетке жол бергенін түсіндіреді,

-орны толмас өкінішті түсінеді – 4 балл.












Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3 мин.


«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!