Материалдар / Ашық сабақ. Ақша. Ақша түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Ақша. Ақша түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақшаежелгізамандапайдаболды. Олартауарөндірісініңдамуындағыбірден-біршартжәнеөнімболыптабылады. Тауар – бұлсатунемесеайырбастауүшінжасалынғанеңбекөнімі. Адам еңбегініңөнімі, оны өндірушілердіңқоғамдыққатынастарынтудыраотырыптауарнысанынқабылдайды. Заттардыңтауарғаайналуыақшаныңпайдаболуындағыобъективтіалғышарттардықұрайды. Құнныңеңжоғарғыақшаформасындағыжалпығабірдейбаламарөлібіртауардыңеншісінетиді, яғниерекшетауартүрі-ақшапайдаболды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
1189
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«БАИШЕВ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС



"БЕКІТЕМІН"

ОЖ және ІТ технологиясы бойынша

Директордың орынбасары

_______Ахметкиреева Г. И.

«___»__________2021 ж







Теориялық ашық сабақтың әдістемелік нұсқамасы




Тақырыбы: «Ақшаның пайда болуы. Ақша түрлері»

Пән: Денсаулық сақтаудағы экономика және құқық негіздері

Мамандық: "Мейіргер ісі-202"

Өтетін орны: 202 аудитория

Уақыты: 08.12.2021ж. 14:00-15:20










Дайындаған оқытушы: Н.А.Қадырәлі





«Қаралды»

ЦӘК отырысында

ЦӘК төрайымы:

_________ А.М.Махашова

Хаттама №_______

«___» __________20____ж.








Ақтөбе қаласы





сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Ақшаның пайда болуы. Ақша түрлері.

Модуль/пән атауы: Денсаулық сақтаудағы экономика және құқық негіздері

Сабақтың түрі: теориялық

І. Жалпы мәліметтеР

     Курс, оқу жылы, топ: 2 курс , 2021-2022 жыл, 202 топ

ІІ. Мақсат, міндеттері

1.Білімділік- студенттерге ақшаның маңыздылығын түсіндіру, ақшаның қоғамдағы қызметінің маңызын түсіндіру.

2.Тәрбиелік- студенттерге өзіне белгіленген жұмысты ұқыпты,ынта жігерімен істеуге, қарапайым,кішіпейіл,инабатты,жауапкершілігі жоғары болуға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық- студенттердің ой-өрісін,сана сезімін дамытып, қоғамдық ойлау қабілетінің өсуіне ықпал тигізу.

   ІІІ. Сабақтың жабдықталуы

Пайдаланылған материалдар:

І. НЕГІЗІ ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ғабит Ж.Х. Микроэкономика-Астана,Фолиант 2012

2.Темірбекова А.Б «Экономикалық теория негіздері»,2011

3.Айдарханова М.Х. Жумашбекова С.К Микроэкономика,Алматы 2011

4.Шеденов У.К Жалпы экономикалық теория.-Ақтөбе:А-Полиграфия,2004



ІІ. ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР

1. Жолдасова Г.А Экономика негіздері Астана,Фолиант,2011

2.Хамитова Г. Экономика және кәсіпкерлік негіздері Фолиант

Пән аралық байланыс: Философия, медицинадағы латын, денсаулықты нығайту мен жалпы гигиена негіздері.

Құрал-жабдықтар: Ноутбук, презентация, кітап.

Студент білуі тиіс:

  • Ақшаның қоғамдағы рөлін білу.

  • Ақшаның түрлерін ажырату.

  • Ақшаның атқаратын қызметін білу.

Сабақтың хронокартасы (14:00-15:20)


І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин

Блиц сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексеремін.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 20 мин

ІV. Игерген тақырыпты бекіту – 20 мин

Бақылау-тест арқылы игерген тақырыпты бекітемін.

V. Қорытындылау – 10 мин

VI. Бағалау кезеңі – 5 мин

VІІ. Үйге тапсырма – 2 мин



Сабақтың барысы:

4.1. Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут. Амандасу, оқушыларды түгендеу, аудиторияның сабақка дайындығын қадағалау, студенттердегі санитарлы ережелердің сақталуын қадағалау: маска, антисептик барын тексеру.

4.2. Үй жұмысын тексеру.

Тақырып «Экономика түсінігі. Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері» бойынша негізгі білімдерін тексеру үшін ауызша блиц сұрақтар қойылады. Студенттер сұрақтарға ауызша жауап беріп, қалған студенттер толықтырып отырады.

Блиц сұрақтар:

  1. Экономика дегеніміз не?

  2. Экономиканың негізгі бағыттары қандай?

  3. Макроэкономика дегенді қалай түсінесіз?

  4. Микроэкономика ұғымына анықтама бер.

  5. Экономикалық даму дегеніміз не?

  6. Экономиканың негізгі үш сұрағын атаңыз.

  7. Ресурс дегенімізді қалай түсінесіз?

  8. Ресурстың қандай түрлерін білесіз?

  9. Экономиканың қоғамдағы маңызы.

4.3. Теориялық сабақты демонстрациялау:

Демонстрациялау кезеңінде студенттерге плакаттардан, презентациядан ақша туралы түсіндіріп және оның түрлерін көрсетемін. Ақшаның маңыздылығы мен құндылығы туралы тереңірек тоқтап өтемін.

Сабақтың тақырыбы: Ақшаның пайда болуы. Ақша түрлері.


Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі, оны өндірушілердің қоғамдық қатынастарын тудыра отырып тауар нысанын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі-ақша пайда болды.Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі сауда –саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда: мәселен, ертедегі гректерде, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда- мал, Скандинавияда, ертедегі Русьте-аң терісі, Қытайда-шай, Абиссинияда- тұз атқарды.

Тарихи деректерге қарағанда жезден және күмістен жасалған ақша белгілері біздің жыл санауымыздан 3мың жыл бұрын Азия елдерінде пайдаланылған. Ресей тарихында металл ақша ретінде ІХ ғасырдан бастап қолданылды. Қазақ елінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуына байланысты металл ақша жасау қажеттігі ертеден қолға алынғанын бүгінде тарихи деректер дәлелдеп отыр.

ҮІ-ҮІІІ ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементері болады.




Ақша жүйесінің типтері

-металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

-несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:

Биметализм;

Монометаллизм.

  • Ақша жүйесінің элементтері:

  • 1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.

  • 2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

  • 3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

  • 4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

  • 5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

  • 6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Ақшаның қажеттілігі. Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық еш нәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.

  • Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа    тауарды (Т ‘)сатып алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар.

  • өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Ақшаның түрлері. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар

*Толық құнды ақшалар —  номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.

*Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.Оларға мыналар жатады:

  • құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

  • құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:

  • металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

  • металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

  • бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

  • эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

  • бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Несиелік ақшалар —  тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.


4.4 Өзіндік жұмыс.

Тақырып бойынша тапсырмалар.

А)Біз жолда тақырыпты пысықтау үшін интерактивті тақтада берілген әлемдік нарыққа қатысушы ірі елдердің валютасын сәйкестендіруіміз керек.

  1. Лира

  2. Доллар

  3. Иен

  4. Теңге

  5. Юан

  6. Дирхам

  7. Марка

  8. Рубль

  9. Франк

  10. Рупия

  1. Ресей

  2. Қытай

  3. Жапония

  4. Америка

  5. Турция

  6. Франция

  7. Индия

  8. Германия

  9. Араб біріккен әмірлігі

  10. Қазақстан

Жауаптары:

1-e

2-d

3-c

4-j

5-b

6-i

7-h

8-a

9-f

10-g


Б) «Дұрыс па, бұрыс па?» тесті. Қойылған сұрақтардың тұсына тиісінше «+» немесе «-» белгісін қою.



Берілетін сұрақтар:

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан валютасы басқа елден әкелінген?

+

Ақша – халық қазынасы

+

Ақшаның негізгі 4 экономикалық маңызды белгісі бар?

+

Ұлттық валюта күні деп 13 қараша күні атап өтеміз.

-

Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков

-

Тиыннан теңге құралады?

+

Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енгізілді

-

С) Кроссвордқа сәйкес берілген сөзді табыңыз.


Сабақ бойынша рефлексия: Өткізілген сабақты бағалау мақсатында студенттермен «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс өткізу.

Ү. Қорытындылау кезеңі

Ақша – тауар өндірісі мен айырбастың даму қарқыны бойынша жалпыға бірдей эквивалент түрінде бөлініп шыққан тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды. Кез - келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады.


ҮІ. Бағалау кезеңі. Тақырып бойынша сабақ айтуын, ақша түрлерін талдауын, бақылау сұрақтарына жауап беруін, сабақ барысында студенттің сабаққа қатысып отыруын қадағалап, бағалаймын, алған бағаларынын интерпретациялаймын.


ҮІІ. Үйге тапсырма. «Ақшаның пайда болуы. Ақша түрлері» тақырыбында материалдар жинақтап келу.



І топ

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!