Ашық сабақ Ақша қар 2-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ақша қар 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сартова Алия Тенеловна

Сам орта мектебі

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы


Әдебиеттік оқу 2-сынып (ашық сабақ)



Сабақтың тақырыбы: З. Шүкіров. Ақша қар.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік. З.Шүкіровпен таныстыру. Өлеңнің мазмұнын ашу.

2. Дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу мен сөздік қорларын байыту.

3. Тәрбиелік. Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: З.Шүкіровтың портреті, қыстың суреті.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, ашық сабақты хабарлау.


ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

1. М. Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» әңгімесін мазмұндау.

2. Үй тапсырмасын бекіту: «Аққала жасайық!»

1) Мағжан Жұмабаев туралы әңгімеле.

2) Әңгімеде жылдың қай мезгілі бейнеленген?

3) Балапан неге жыллы жаққа кете алмаған?


ІІ Қызығушылықты ояту.

Жаңылтпаштарды оқу.

1) Бұл қар-

Сұр қар.

Сұр қар-

Кір қар.

Үстінде ойнама,

Үстіңді былғар.

2) Қырбық қар құрғақ па,

Құрғақ қар құрғақ па?

Қырбық қарда құрғақ,

Құрғақ қар да құрғақ.

Жаңылтпаштардан қардың қандай түрлері бар екенін білдің? Тақтаға жазу.


Shape1



ІІІ Жаңа сабақ.

-Тағы қандай қар болатынын білгің келе ме? Онда белгілі ақын

З. Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңімен танысамыз.

Мақсатымыз: Автормен таныса отырып,өлең мазмұнын ұғынып, шығармашылық тапсырмаларды орындаймыз.

1.Зейнолла Шүкіров-1927 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында Бөген кеңесінде туған. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанымен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды. Оның балаларға арнаған жинақтары бар. Шығармалары шет тіліне аударылған. Оның «Менің достарым», «Теңіз жыры», «Арал дәптері», «Алау» атты өлеңдер жинағы мен қатар тағы да басқа әңгімелері өте көп.

2. Ақша қар

(мұғалім оқиды)


Айналамда ұшып жүр

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір

Ақ қанатты көбелек.


Үстіме жалп-жалп жауады

Ақ тауықтың жүніндей.

Жайнатады даланы

Ақ жібектің түріндей.



Ақ желегін жамылды

Сұрғылт тау-тас, сай-сала.

Ақ қардан көрпе жамылды

Ауыл үсті айқара.


3. Оқулықпен жұмыс: әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқиды.


4. Сұрақ:

1. Өлең не туралы?

2. Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен теріп дәптерге жазу.


Shape2 Ақ мамықтай

АShape4 Shape3 Shape5 қша қар Ақ қанатты көбелек

Ақ жібектің түріндей

Ақ тауықтың жүніндей


5.Сергіту сәті: музыкамен би қимылдарын жасау.

6.Топтық жұмыс:

1-топ: Сурет бойынша әңгіме құрау.

2-топ: Өлең мазмұнына сурет салу.

3-топ: Шығарма жазу.

7. Сабақты бекіту: «Шыршаны безендірейік» ойыны

Шарты: ойыншықтағы сұрақтарға жауап беру.

1. З. Шүкіров кім?

2. Өлең не туралы?

3. Ақын ақша қарды неге теңейді?

4. Қардың қандай түрлері бар екен?

5.Қыс айларын ата.

6. Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсізтөбеге. (шана)

ІV Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.


V Үйге тапсырма беру: өлеңді жаттау.


VІ Қорытындылау.

Мұғалім:

-Желтоқсан-аппақ әлем. Жыл он екі айда айналып келер әр маусымның өзінің ерекше бір сыйы, өзіндік өрнегі болатын болса, қылышын сүйреткен қыстан көбіне біздің күтетініміз азя бен аппақ қырау, сосын көк күмбезінен ақ күміс болып шашылатын ақ ұлпа қар. Ақ мамық қарды осы қыстан әлі күтудеміз. Көңіл түкпірінде «жаумай қояр ма екен» деген күдік те бар. Күн сәл бұлттанып, аспан түнерсе қар жауды деп болжап, оны сағына күтеміз. Себебі қар жауса дала ақ тоғынға оранып, аспан мен жер арасын жалғастырып ақ қанатты көбелектер ұшып жүргендей болады емес пе?! Осындай сұлу сәтті қимай, ақ көрпесін айқара жамылған аппақ дала, кіршіксіз аппақ әлем құшағында ұзақ серуендеп, асыр салып ойнағанға не жетсін?! Көшелер, талдар, үйлер, саябақтар ... бәрі-бәрі аппақ, тап-таза. Ақ ұлпа себелеген осы сәтте жан біткеннің бәрінің көңілдері қылаусыз, жүректері ақша қардай аппақ болып көрінеді. Шіркін адамдардың пейілі, ойы жаңа жауған қардай аппақ болып, зұлымдық, қастандық атаулы болмаса ғой деген игі тілекпен ақша қардың жауғанын сағына күтеміз. Алда келе жатқан 16-желтоқсан –Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды барша қазақстандықтар ақ көңілмен, кең пейілмен тойлауға дайындалудамыз. Келе жатқан мерекелер құтты болсын!



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2018
711
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі