Материалдар / Ашық сабақ, Ар-ұждан үні 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ, Ар-ұждан үні 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, Ар-ұждан үні 8 сынып, Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары, сабақтың барысы.Сабақтың кезеңі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
479
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Тарау:1

Таным қуанышы

Педагогтің аты-жөні

Жакупова Марзия Саментовна

Күні:

14.09.2021ж

Сынып: 8

Қатысушылардың саны: 25

Қатыспағандардың саны:0

3Сабақтың тақырыбы:

Ар-ұждан үні

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:


Даналық, адалдық, келісімге келу, шындық, бақыт, өмір, сүйіспеншілік ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғынады;

Құндылығы:

Ақиқат


Қасиеттер:

Шыншылдық, қарапайымдылық, адалдық

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ар-ұждан үні туралы түсініктерін кеңейте отырып, мәңгі, өзгермейтін жалпыадамзаттық құндылық ретінде ақиқаттың мәнін ашу, түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

-Оқушыларға ар-ұждан ұғымының маңыздылығын ескерте отырып, шыншылдық қасиеті туралы түсінік беру

-Өзінің ойына, сөзі мен ісіне талдау жасай білуді түсіндіре отырып, адалдық қасиетін дамыту;

-Оқушыларды шыншылдыққа, адалдық, қарапайымдылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)



1.Жағымды көңіл-күй (3 минут)







2.Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді. 5Т ережесін еске түсіреді.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену». Баяу музыка қойылады. 1. Жағымды көңіл-күйге келе алдыңыздар ма? 2. Кім өз ойымен бөліскісі келеді? Қорытынды: Олай болса осы нұрға толы қалпыңызда тыныштығыңызды сақтаңыз.

Оқулықтағы 19-бетте Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шын бақыттың айнасы» мәтінін оқып келу тапсырылған. Мұғалім мәттінің мазмұнын оқушылардың қалай түсінгендерін сұрақтар қою арқылы сұрайды. Сұрақтардың көмегімен оқушыларды"ар-ұждан", ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі. Сұрақтар: 1.Шәкәрім өмірдегі қандай «бақ» туралы ой толғады? 2.Адамның тазалығы,шынайылығы қай бақта кездеседі? 3.«Шын бақ айнасынан» қандай ақиқатқа көз жеткіздіңдер? 4.Ар-ұжданға сай өмір сүрудің маңызы қандай?

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

Оқушылар жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.







Оқушылар «ар-ұждан» ұғымы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сұрақтарға жауап береді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемесі







Оқулық

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме (3-4 минут)





«Ар-намысың, жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе.»

В.Сухомлинский

1.Дәйексөз туралы қандай ой түйдіңіздер?

2.Ар-намыспен өмір сүруді ақиқат құндылығымен қалай байланыстыруға болады?

Оқушылар дәйексөздің мағынасын талқылайды, оны есте сақтау үшін 2-3 рет қайталайды және дәптерге жазады.

Оқулық,
жұмыс дәптерлері

4. Оқиға айту (әңгіме) (4-8 минут)



Мұғалім сыйы:

Шындық туралы

Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба?

Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,

Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.
Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.
Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
Ақиқаттың алмасы суынған ба!
Шындық деген шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.
Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,

Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.

М.Мақатаев

Сұрақтар:

1.Неге шындық көзге шұқиды?

2.Адамның ақиқаттан қашып құтылу мүмкін бе?

3.Ар-ақиқат үкімі деген не?

4.Ақын ноқтасыз асаулар дегенде нені айтып отыр?

5.Шындық қандай шымылдықтың бетін ашады?

6.Ақиқат құндылығы жолында өмір сүріп жүрміз бе?


Оқушылар өлең жолдарын тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, адалдық,

шыншылдық қасиеттерінің ұғымдарын түсінетін болады.

М.Мақатаев шығармашылығынан

«Шындық туралы»


5. Шығармашылық жұмыс (12-15 минут)



Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, ортақ жағдаят ұсынады. Әр топқа берілген қасиет бойынша жағдаятты аяқтайды. 1- топ Адалдық 2- топ Қарапайымдылық 3- топ Шыншылдық

Жағдаятты шешу: Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып: «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелерге сенетіндерде бар шығар?» - деді.

Бір оқушы орнынан тұрып: Әрине, - деп жауап қайтарады.

Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталмайтын заттардың болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, - деді.

Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұстала ма, ал біреуге риясыз көмектескенде оған деген жанашырлығыңызды шығарып, үстөлдің үстіне қоя аласыз ба? – деді. Барлығы ойланып қалды... Бұл жағдай ары қарай қалай өрбиді деп ойлайсыздар?

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, ақиқат құндылығы, адалдық, шыншылдық қасиеттерінің ұғымы туралы түсінгендерін көрсетеді.

Баяу музыка, А4 қағаз

6. Үй тапсырмасы (1-2 минут)

Алдын ала берілген үй тапсырмасы: Мұғалім оқулықтан №4 сабақ 15-бет Ахат Шәкәрімұлының «Менің әкем, халық ұлы – Шәкәрім» әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беруге дайындалып келулерін тапсырады.

Оқушылар мәтінді үйде оқып келеді.

Оқулық

7. Топпен ән айту (2-3 минут)


«Шынайы болшы»

Оқушылар хормен ән айтады

8. Сабақтың қортынды сәті (2-3 минут)

Мұғалім жай дауыспен: Балалар бүгінгі сабақта игерген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, оны жүрегінізде сақтаңыздар, әр кез шынайы болыңыздар. Рахмет балалар! Барлықтарыңызға ризамын! Сау болыңыздар!

Кері байланыс жасайды

Баяу музыка











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!