Материалдар / Ашық сабақ "Асық ату" 3сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Асық ату" 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ факультатив,үйірме сабақтарын өткізу үлгісі. Ұлттық ойын түрлерін дұрыс өткізу жолдары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
1562
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Асық ату


Сыныбы.

3 «Ә»

Мұғалім Ниязгалиева О.А

Сабақтың атауы

«Омпы ойыны»

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға омпы ойынының ойналу ережесін түсіндіру. Міндеттері: 1.Асық ату тактикасын дамыту.2.Қимыл қозғалысын жетілдіру.3. Ептілікке,Икемділікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Мозайка әдісі арқылы бөлінеді.

1-топ «Алшы»

2-топ «Тәйке»

3-топ «Бүк»

4-топ «Шік»

Дұрыс жауап беріп , көп асық жинаған оқушы және топ жеңіске жетеді.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Асық әні» әнді тыңдау арқылы қимыл-қозғалысжасау.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылық ты ояту

Не білемін?

Не білдім?

Асық-ұлттық ойын. Топта жеке ойналатын ойын. Асықты түрлі-түске бояйды.Ауырлату үшін қорғасын құяды. Алшы,бәйге,бүге,тәйке түсті деп бағалайды. Т.с.с.




Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында бейнетаспа көрсету. Асық ойынының түрлеріне тоқталып өту.



-Бой сергіту мақсатында оқушыларға музыканың сүйемелдеуімен бой жазу жаттығуын жасату.

-Асық ату бұл қазақтыңдәстүрлі ойындарының бірі.Балалар назарымызды бейнетаспаға аударайық.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Бейнетаспа қарау асық ойындарына тоқталып өтіледі.

-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (Көкпар,қыз қуу, арқан тарту,алты бақан, күрес,аударыспақ, ақ сүйек, асық,бәйге, құрық салу,ханталапай, орамал тастамақ т.с.с.)

-Соның ішіндегі «Асық» ойындары туралы не білесіңдер?

«Т» кестесі стратегиясы «не білемін?» бөлімі бойынша балалардың бастапқы білімі ортаға шығарылып толтырылады. Талқыланады.

(«Не білдім?» бөлімі сабақты қорытындылағанда толтырады.)

-Балалар өткен сабақтарымызды есімізге түсіріп өтейікші. (Өтілген жұмыстарға шолу)

-Ал енді балалар сіздің алдыңыздағы асықтарыңыздың астында сұрақтар тұр сол сұрақтарға ойланып жауап берейікші.


+

-Балалар қазақ халқында Асығың алшысынан түссін немесе асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар деп бекерге айтпаған.Асық ойыны ептілікке, мерендікке, алғырлыққа тәрбиелейді. Асық ойыны туралы дерек:

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыныАсық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар: Құмар, Тәйке, Омпы, Хан ату, ҚАРЖУ (қақпақыл), «БЕС ТАБАНДЫ» топаймен ойнайды, ШЫР «АЛШЫ»

-Омпы ойыны ережесімен таныстыру, командалық жарыс өткізу.


Мағынаны тану

«Т» кестесінің «не білдім?» бөлігі тортырылады

Не білемін?

Не білдім?


«Асығым» өлеңін оқып білдім.

Асықпен ойнайтын ойын түрлерімен таныстық.

Ережесімен таныстық.

Басқа да ұлттық ойын түрлерімен таныстық .

5жолды өлең жаздық.

Асық туралы мақал –мәтелдер оқыдық т.с.с.


Үйге тапсырма

Ұлттық ойындардың бірін таңдап,сол ойынның ережесін жазып келу

Бағалау

Оқшыларды жеңістеріне сай медальдармен марапаттау.


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!