Үйірме
атауы: «Тіл дамыту
»
Тобы: ІІІ
топ
Сабақтың өтілетін
мерзімі:
Сабақтың
тақырыбы: Ата-баба
сөздері.
Мақсаты: Қазақ халқының қанына сіңген
ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт дәстүрлерімен
сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал- мәтелдерін
үйрету.
Сабақтың
типі: Имандылық, инабаттылық,
ізеттілік мағынасын түсініп, ерекшеліктеріне ұғындыру
сабағы.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: Түсіндіру әңгімелеу,
сұрақ-жауап.
Сабақтың
көрнекілігі: Суреттер, теледидар, буклет,
оқулықтар.
Пән ара
байланысы: Әдебиет
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Саламатсыздар ма, оқушылар.
Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, кәне
сәлемдесейік!
Ұл-қыз сәлем береміз
,
Өнегелі
өренбіз.
Білер қазақ
баласы
Сәлем сөздің
анасы
Орнымызға
тұрайық
Сәлемдесіп
алайық.
Сәлеметсіздерме!
-Қане балалар сендер не көріп
тұрсыңдар?
-Шаңырақ.
-Шаңырақ қайда
орналасады?
-Киіз үйдің төбесіне
орналасады.
-Қане балалар уығымен тұрған
шаңыраққа киіз үйдің қабырғасын
құрастырайық!
Бір шаңырақ
астындамыз
Шаңырағымыз
шайқалмасын
-Ал енді, жүректен шыққан жылы
тілектерімізді бір – бірімізге айтамыз.
-Жарайсыңдар, балалар,бүгінгі
күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
-Бүгінгі сабағымызды
бастайық.
Тәрбиелік
бағыт: Имандылық- адамдықтың
белгісі.
Имандылық- ол адам бойындағы
ең әдемі, сыпайы, ізгі ниеттерді көрсете білетін ғажайып бір
сезім.Имандылық- тәрбиенің негізі болып саналады.Үлкенді сыйлай
білу, адамның бойындағы жақсы қасиет. Қазіргі кезде елдің болашағы
жастар болса, оның иманды да түсінігі мол адам болып жетілуі- қоғам
мен ата-ана, ұстаздардың қолында. Әлбетте, қай халықтың да
болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға , жас буынға,
олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса
назар аударылады. Балалардың тура жолдан адаспай, толық, кемел,
ақыл-есі түзу азамат қатарына жетуі, жас шағында алатын тәрбиесіне
байланысты.
Өткен сабаққа
шолу:
Мұғалім оқушыларға өткен
сабақтан сұрақ қояды.Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы өткен
сабаққа шолу жасайды.мен елімнің
азаматымын
Сұрақтар:
1.Сендер өз елдеріңді қалай
сүйесіңдер?
2.Нағыз азат деп кімдерді атар
едііңдер
Жаңа
сабақ:
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат
алдында тұратын басты міндет- адал, еңбек сүйгіш, білімді ұрпақ
тәрбиелеп өсіру.Бұл міндетті әрбір халық салт- дәстүріне орай іске
асырады, яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық
салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланып
келген.
Ата-баба дәстүрін ұмытпас үшін
келер ұрпаққа мұра етіп, қазақтың қазақ болып дамуына үлкен
септігін тигізеді.Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана
берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына
берілгенге дейінгі өзі көріп білген салт- дәстүрлер, әдет- ғұрып
атадан балаға қалып отыратын бол мұра. Әр ұлттың өзіне тән
салт-дәстүрі бар. Салт –дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына
көз жіберсек ,олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс- тіршілік болмысынан
туып қалыптасатынын көреміз.
Халық тәрбиені балаға ана
құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында
дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар
жасайды.
Ал оқушылар сендер
ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақтың қандай салт-дәстүрлері мен
өлең жырларын білесіңдер?
1
оқушы:
Бесік жырын айтып
береді
2
оқушы:
Шілдехана- сәби дүниеге келген
соң ,бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп ,оның
қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түпкірінде бұл рәсім
әрқалай өтеді.Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған
тиындар салады, балаға денсаулық пен бірге байлық та тілейді.
Шілдехана өткізілген күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін
шығаруы тиіс.
3
оқушы:
Қырқынан шығару- бөбек дүниеге
келген соң 40 күннен соң, оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып,
бесікке салу рәсімі орындалады.
4
оқушы:
40 күннің өзі ананың бой
көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Осы уақыт ішінде ананың
да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет
етеді.
5
оқушы:
Бесік салу- бұл кішігірім той
ретінде өтеді.Келушілер тарту ,шашу, жоралғыларын алып келеді.
Бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға
жүктеледі.
6оқушы
:
Бесікті түбегімен ,жабдығымен
кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады,ыдыстары отырғандарға
таратылып беріледі.Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ
тәрізді тоқаштар өткізіліп оны «тыштырма» деп атайды. Осы жерде
жиналған аналар бесік жырларын айтады.
7
оқушы:
Есімін атау (ат қою) -бұл
рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі.Қазақ аттарының көптігі басқа
халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың
көркемдігі.Ат қою «көз тимесін» деген оймен
қойылады.
8
оқушы:
Бата
беру
Бесіктегі
бөбектің
Ұйқысы тыныш
болсын
Анасының жүрегі
болсын
Өмірлік тірегі
болсын
Бабалар қалдырған
.
Мұрамызға ие
болсын.
Салт- дәстүрді
жалғайтын
Қазақтың ұлы
болсын!
Қорытынды
Мұғалім:
«Ата көрген оқ жанар, ана
көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл- қыздарын жасынан
бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін
еңбекпен тәрбиелеген.
Қазақ халқының салт-дәстүрі
болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты,
адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет- ғұрыппен өте
тығыз байланыста болған.
«Қыз өссе- елдің көркі»
дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі
мәдениетімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз- болашақ ана, ақ
босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы жасынан
төзімділікке ,әдептілікке, сыпайылыққа
тәрбиеленген.
Жеті атасын үйрету ескіден
қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін азаматтығын
балаларға ұғындыру –әке міндеті болып
есептелген.