жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Автоматты жинақтау
Өкізілетін күні: 19.12.2018ж
Сабақтыңтақырыбы:Автоматты жинау
Сабақтыңмақсаты: Оқушыларға автоматты пен қол пулеметтің қауіпсіздік ережесімен таныстыру, оларды толық және жартылай бұзуға үйрету
Уақыты: 40 минут.
а) Ұйымдастыру кезеңі
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісінтексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі
1. Бағыттау дегеніміз не және ол қандай элементтерден тұрады.
2. Көздегішті анықтау және көздеу нүктесін таңдау бойынша тапсырманы шешіңіз:
б) Негізгі бөлім
Автоматты бұзып-жинауға жаттығу
Қару және оқ-дәрілерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек. Әр қару түрі бойынша сақталу керек қауіпсіздік шаралары ату істері және сол қару түрі бойынша нұсқаулықтарда, ату ұйымдастыру және өткізу ережелерінде берілген. Қауіпсіздік ережелерінің негізгілері мыналар:
-
оқушы қарудың және оның оқ-дәрілерінің құрылысы мен жұмыс істеу тәртібін білу керек;
-
қаруды қолына алғанда, оның оқталмағандығына және сақтандырғышқа қойығандығына көз жеткізу;
-
қару оқталған болсын, оны адамдарға, жануарларға, автокөлікке және төмен ұшатын ұшақтар мен тік ұшақтарға кезенуге қатаң тыйым салынады;
-
атқанға дейін саусақты шүріппеге салуға болмайды
-
себепсіз шүріппені баса беруге болмайды, ол қауіпті және қарудың бөлщектерімен механизмдерінің істен шығуына әкеліп соғады;
-
патронды оқтыққа себепсіз салуға тыйым салынады;
-
қаруды оқтағанда және оғын алғанда ұңғыны қауіпсіз бағытқа қарату керек;
-
қарумен жұмыс істеуді аяқтаған соң, оны оғы алынып, сақтандырғышқа қою керек;
-
жарамсыз қару мен оқ-дәрілерді қолдануға тыйым салынады;
-
жарылмаған оқ-дәрілер мен гранаталарды алуға және бұзуға тыйым салынады.
Автоматты бұзу ережесі
Автоматты және қол пулеметтін бұзу толық немесе жартылай болуы мүмкін: жартылай бұзу автоматты немесе қол пулеметі тазалау, майлау мен тексеру үшін жүргізіледі. Ал толық бұзу автомат пен пулеметті жаңбырдың немесе қардың астында қалған кезде қалып қатты ластанғанда тазалау және жөндеу үшін жүргізіледі. Автомат пен қол пулеметін жиі бұзып-жинауға болмайды. Себебі, олардың бөлшектері мен механизмдері қысқа мерзімде жарамсыз болып қалуы мүмкін,
Автоматты және қол тпулеметін бұзып-жинау жұмыстарын үстелде немесе таза төсеніштің үстінде өткізу керек. Оның бөлшектері мен механизмдерін бұзу ретімен қойып, еппен алу керек; бір бөлшектің үстіне екіншісін қоюға болмайды. Бөлшектері мен механизмдерін бұзған кезде күш салмай, соққыламай, еппен алу керек. Автомат және қол пулеметін жинаған кезде, оның бөлшектеріндегі нөмірді салыстыру керек. Себебі, әр автоматтың және қол пулеметінің ұңғы қорабындағы нөмері газ түтүгіндегі, бекітпе жақтауындағы, ұңғы қорабының қақпағындағы және басқа да бөлшектеріндегі нөмірінмен сәйкес келуі керек.
Автоматтар мен қол пулеметтерін бұзып-жинауға үйрету ерекше жағдайларда ғана жұмыс істеу техникасының қауіпсіздігін ерекше сақтай отырып жүргізгенде ғана рұқсат етіледі.
Қол пулететін бұзудан бұрын, оның ұңғысын тіркеуішке орнатады. Ол үшін тіркеуіштің аяқтарын серіппелі бекіткіштен босатып, екі жаққа ашу керек. Ал жинаған кезде тіреуіш пулеметке қарай бүгіледі. Ол үшін пулеметті сол қол мен қалыпта ұстап тұрып, оң қолмен тіреуіштің аяқтарын біріктіреді де, ұңғыға қарай қисайтады және серіппелі бекіткішін тағады.
Жартылай бұзудан кейін автомат және қол пулеметін жинау тәртібі
Жартылай бұзудан кейін автомат және қол пулеметін жинау кері орындалатын ретпен іске асырылады;
-
Ұңғылық бастырмасы бар газ түтүгін қосу;
-
Бекітпені бекіипе жақтауына орнату;
-
Бекітпе және бекітпн жақтуын ұңғы қорабына қосу;
-
Қайтармалы механизмді қосу;
-
Ұңғы қорабының қақапағын жабу;
-
Шүріппені басу және сақтандырғышты қосу;
-
Автоматтың ұңғылық тежегіш компенсаторын, пулеметің жалын-басқышын қосу,
-
Сүмбіні тағу.
-
Пеналды дүм ұясында орнату
Қаруды жартылай бұзудан кейін бұзып-жинауға уақытқа орындау бойынша әскери қызметшілерге арналған нормативтер:
№12 норматив «Қаруды жартылай бұзу»
-
Калашников автоматы – үздік - 13 сек; жақсы – 14 сек; қанағаттандырарлық – 17 cек;
-
Калашниковтың қол пулеметі – үздік – 14 сек; жақсы – 15 сек; қанағаттандырарлық – 18 cек;
№13 норматив «Қаруды жартылай бұзудан соң жинау»;
-
Калашников автоматы – үздік - 23 сек; жақсы – 25 сек; қанағаттандырарлық – 28 cек;
-
Калашниковтың қол пулеметі – үздік – 23 сек; жақсы – 25 сек; қанағаттандырарлық – 28 cек;
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қару мен оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезінде сақитау керек қауіпсіздік шаралары туралы айтып беріңдер.
2.Қаруды бұзып-жинау кезінде қандай талаптарды сақтау керек.
3. Автоматты бұзып – жинау бойынша алған дағдыларыңызды барынша жетілдіріңіз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген