Материалдар / Ашық сабақ «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек» өлеңіндегі автор тұжырымы 10-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек» өлеңіндегі автор тұжырымы 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлеңдегі объективті идеяны, (пәлсапалық трактаттардағы мәнді), көркемдік шешімді айқындау; Өлеңнің идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2021
711
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МЕКТЕП: Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат


Абайтану пәні

Сабақ мерзімі: 45 минут


Сабақтың тақырыбы:

«Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек» өлеңіндегі автор тұжырымы

Күні:

Мұғалімнің есімі: Ағыбаева Ұлжалғас Бұрханқызы

Сынып: 10

Сабақ реті: 3

Қатысқан оқушылар саны: 23

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

- шығармадағы объективті идеяны, (пәлсапалық трактаттардағы мәнді), көркемдік шешімді айқындау;

- шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазу

Бағалау критерийлері

-шығармадағы объективті идеяны, (пәлсапалық трактаттардағы мәнді), көркемдік шешімді айқындайды;

- шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазады.


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ақыл, жүрек, қайрат.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

- Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік елдің» жалпыұлттық идеясының құндылықтары

«Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығы негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлтаралық қатынасты нығайтуға, бейбітшілік пен келісімге баулу.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар дерекқордан жеке интернеттен ақпараттарды іздеп таба алады.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс-тар

Басталуы

Ұйымдасты-ру кезеңі

1-әрекет Раппорт (сенім орнату).

2-әрекет Үй тапсырмасын, жаттаған өлеңдерді сұрау

.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

3-әрекет Оқушыларды топқа бөлу


«Абай» жинағы 1-том. Өлеңдер мен аудармалар. Алматы «Жазушы» баспасы

1995 жыл


Ортасы

4-әрекет

«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңіндегі автор тұжырымын талдау

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық,
Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

Дескриптор:
Өлеңнің идеясын ашады, өлеңнің өн бойындағы пәлсапалық трактаттарды анықтайды.

- шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазады.

5-әрекет

Жүрек тобы: Өлең бойындағы пәлсапалық трактаттарды анықтайды, идеясын ашады;

«Ақыл» тобы. «Жазғым келгені...» «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңінен алған әсері мен сезімдерін еркін білдіру мақсатында әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазады.

Жазба жұмысына дескриптор:

- ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйінін ажыратады;.
- толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігін дәлелдейді;
- адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда қалыптасатындығы туралы ақын пікірін дамытады;

«Қайрат» тобы: «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңі қай қара сөзіне сәйкес келеді? Неліктен? Мағынасын ашады. .

6-әрекет

«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау.
1. Авторы:

2. Өлеңнің тақырыбы:
3. Жанр түрі:

4. Өлеңнің идеясы:

5. Әр тармақтағы буын саны
6. Әр тармақтағы бунақ саны
7. Әр шумақтағы тармақ саны
8. Өлеңдегі шумақ саны
9. Ұйқас түрі

Аяқталуы

«Төрт сөйлем» Мәтін бойынша өз көзқарастарыңызды сөйлем ретінде жинақтап жазыңыз

Пікір ...........................................................

Дәлел...........................................................

Мысал .........................................................

Қорытынды ...................................................

Дескриптор:

Өз ойларын нақты жеткізеді

Дәлелдер келтіреді

Жинақы сөйлеммен толықтырады.

Үйге тапсырма: «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңін жаттап келу.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!