Материалдар / Ашық сабақ: Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың міндеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың міндеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық негіздері аясында сабақ жүргізетін оқытушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2020
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ жоспары


Өткізілетін күні: 13.10.2020ж.

Пән атауы: Азаматтық іс жүргізу құқығы.

Сабақтың тақырыбы:Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың міндеттері

Дайындаған педагог: Мусина Гулипа Марданқызы.

3- курс , 301 топ 2020 жыл.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдіс-тәсілдері: (педагогикалық технологиялар) Түсіндіру, баяндау,сұрақ- жауап, өзіндік жұмыс.

2. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Азаматтық іс жүргізуқұқығын сауаттылықтарын дамыту, қаржылық сауаттылықты нығайту, қазіргі уакытта азаматтық берешектерін өңдеу, азаматтық іс жүргізу туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік:Оқушыларды өзісіне жауаптылыққа және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, мәселені шешу жолын іздеуге, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетімен талдау жасау мен топтық жұмысыты орындау қабілетін дамыту.


2.1. Берілген тақырыпты тәжірбиемен ауыстырып мәлімдеу.

3. Сабақты жабдықтау: Ноутбук, плакаттар, электрондық оқулықтар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі(3 мин)

  • Сәлемдесу

  • Түгендеу

  • Сабаққакірісу

2.Үй тапсырмасынтексеру:жеке-жеке 10(мин)

Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың міндеттері

Қазақстан Республикасының Конституциясына және “Қазақстан Республикасының прокуратура туралы” заңына сәйкес прокуратура органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі кез-келген заң бұзушылықты дер кезінде анықтап, оны жоюға шара қолдану болып табылады. Кез-келген құқықтық мемлекеттегі тәрізді Қазақстан Республикасында да сот және прокуратура органдарының алдына қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады. Халықтың соттарға деген биік сенімін жоғалтпау үшін істерді қараған кезде, қара қылды қақ жаратындай әділдік болуы шарт. Ал, прокуратура болса ҚР “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” заңына сәйкес сот процесі барысында мемлекет мүддесін білдіріп, ақиқатты анықтауға ат салысатын мемлекеттік орган. Прокуратураның қызметкері – прокурор, іске қатысушы тұлғалар құрамына енгізілген (ҚР АІЖК 5 тарау 44 бап). Прокурор процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша (ҚР АІЖК 55 бабы) іс жүргізудің кез-келген сатысында және кез-келген іс бойынша қатыса алады. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда міндетті: мұның өзі заңмен көзделгенде; осы іске қатысу қажеттілігін сот танығанда (ҚР АІЖК 52 бабы 2 бөлігі). Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге міндетті қатысуы ҚР АІЖК-нің 287, 299, 317-4, 350, 398 баптарында көзделген. Прокурор іс бойынша бірінші сатыдағы соттың, апелляциялық, қадағалау және жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау сатыларындағы соттардың бастамасы бойынша қатыса алады. Прокурордың процеске кіру тәртібі және оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің көлемі процестің қай сатысында кіргеніне және іске қатысу нысанына байланысты. ҚР-ның прокуратура туралы заңы және ҚР-ның АІЖК-сы азаматтық процеске прокурордың қатысуының екі нысанын белгілейді: 1-сотқа арыз, талап арыз беру арқылы процеске қатысуы; 2-іс бойынша қортынды беру үшін процеске қатысуы. 1) Прокурордың сотқа талап қою арқылы қатысуы. ҚР-ның АІЖК-нің 55-бабы 3 бөлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға құқылы. Прокурордың талап қоюдағы міндеттерінің негізгі мақсаты – заң бұзушылықты жоюға сот тәртібімен уақытылы және тиімді шара қолдану, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау. Прокурордың талаптары – заң бұзушылыққа қарсы күрестің тиімді де маңызды құралдарының бірі. Егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, онда мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоя алады. Ал әрекеті қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады. ҚР-сы Бас Прокурорының 1999 жылғы 15 шілдедегі № 60 “Әлеуметтік және экономикалық салалардағы заңдардың қолдануына прокурорлық қадағалау ұйымдастыру” атты бұйрығына сәйкес, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылғандығы анықталып, ал олардың денсаулығына немесе жасы ұлғайғандығына байланысты өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғау мүмкіндіктері жоқ болса немесе бірнеше азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылып жатса, прокурор олардың мүддесін талап ету және арыз беру арқылы сотта қорғай алады. Басқа жағдайларда, прокурор әрбір азаматтың өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауға конституциялық құқығы бар екендігін түсіндіреді. Прокурордың талап қоюына лауазымды тұлғалардың, жеке азаматтардың құқыққа қарсы әрекетінің немесе қылмыс жасауының нәтижесінде келтірілген мүліктік залал немесе басқа да зиян негіз болып табылады. Талап арыз прокурор мүддесін қорғайтын адам мен жауапкер арасында туындаған мүліктік-құқықтық қатынас мазмұнына байланысты болады. Прокурордың талабы тексеруден өткен, дәлелденген материалдарға негізделуі қажет. Сонда ғана талаптың негізі болып табылатын айғақтардың мөлшерін анықтау, талап ету, сонымен қатар, жауапкерге (жауапкерлерге) прокурордың талабын дәлелдейтін және олардың талапқа қарсы қарсылығын теріске шығаратын қажетті айғақтық материалдарды талдау төңірегінде талап етудің жүйелі жұмысы қалыптасады. Осы саладағы прокурордың жұмысы тек талаптың негізіндегі фактілер құрамын дұрыс анықтаса ғана нәтижелі болмақ. Прокурор талапты дайындау барысында ол бағалауға жататын болса, талап қоюдың бағасын міндетті түрде белгілейді (ҚР АІЖК 150-баптың 2-бөлігі, 6-тармағы). Талаптың бағасы ҚР АІЖК-нің 102-бабына сәйкес белгіленеді. Қандай сотқа арыздануды шешу үшін прокурор ҚР АІЖК-нің 27, 28, 31, 32, 35-баптарын басшылыққа алу қажет. ҚР АІЖК-нің 150-бабы 2-бөлігіне сәйкес прокурор талап арызда азаматтық істердің қаралуы тиісті соттың атауын, талап қоюшы прокурордың аты-жөнін, мүддесі қорғалатын адамның аты-жөнін көрсетеді. Прокурор талап арызда жауапкерге қоятын талаптарын дәлелдейтін жағдайларды, сонымен қатар талаптың негізі болып табылатын айғақтарды толық келтіреді. Бұл талап арыздың ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі, заңды және дәлелді түрде сауатты баяндалған себептер мен айғақтар таластың дұрыс және жан-жақты шешілуіне көп көмегін тигізеді. Арызда прокурор қандай жағдалардың лауазымды тұлғалар мен азаматтардың түсініктемелері арқылы, жазбаша және заттай айғақтар арқылы, маманның қорытындысы арқылы дәлелденетінін толық көрсетеді. Бұлардан басқа, ҚР АІЖК-нің 150-бабы 4-бөлігіне сәйкес прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін арызды мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратының, қандай құқықтың бұзылғанын дәлелді түрде негіздеп, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасауы тиіс. Ал азаматтардың мүдделерін қорғау үшін берілген талап арызда азаматтың өздігінен талап қою мүмкіндігі жоқтығын негізгі түрде дәлелдеп көрсетеді, арызға, әрекет қабілеті жоқ адамның мүдделерін қорғау үшін арыз берілетін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюға келісім бергенін растайтын құжат қоса тіркелуі тиіс. ҚР АІЖК-нің 151-бабына сәйкес прокурор арызға жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесін қоса тіркейді. Талап арызға прокурор қол қойып, өзінің сыныптық шенін, арыздың сотқа жіберілген уақытын көрсетеді. 2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қортынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады. Жауапкер мен оның өкілі соңғы сөздерін айтып болғаннан кейін іс бойынша тарап болып табылмайтын және ҚР АІЖК-нің 55-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор жалпы істің мәні бойынша қортынды береді. Сотта азаматтық істерді қайта қарау сатысы бойынша прокурор 2 (екі) нысанда қатысуы мүмкін: 1-Осы саты бойынша өндірісті (апелляциялық не қадағалау наразылықтарын келтіру арқылы) қозғау. Заңсыз және дәлелсіз шешімдер мен ұйғарымдарға наразылық жасау прокурордың лауазымдық міндетіне жатады, осының негізінде азаматтық сот істерін жүргізу саласында мемлекет атынан заңдардың тура және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалау жүзеге асады. Сонымен, заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне, ұйғарымдарына прокурор апелляциялық наразылық келтіреді, ал заңды күшіне енген сот актілеріне қадағалау тәртібі бойынша наразылық келтіреді. Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады (ҚР АІЖК 55 бап, 1 бөлігі). 2-Іс бойынша қатысатын не қатыспайтын тараптардың немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен міндеттері жөнінде қабылданған сот шешімі бойынша шағымды қарайтын іске қатысу. Азаматтық істерді қайта қарау сатыдағы сотта прокурор процеске қатысу нысанына қарамастан іс бойынша қортынды береді. Сот қаулыларын орындау сатысында прокурор сот шешімдерінің уақытылы және заңды орындалуына қадағалауды жүзеге асырады. Бұл сатыда прокурор екі нысанда қатысады: сотта арыз, талап арыз беруші болған себептен өтініш жасау, атқару және өзге де әрекеттер жасауға қатысу арқылы; сот орындаушының әрекетіне наразылық келтіру арқылы.

Тест сұрақтары:


  1. Прокурор процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша (ҚР АІЖК қай бабы бабы) бойынша іс жүргізудің кез-келген сатысында және кез-келген іс бойынша қатыса алады.


A. ҚР АІЖК 55 бабы

B. ҚР АІЖК 56 бабы

C. ҚР АІЖК 57 бабы


  1. . Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы қандай жағдайларда міндетті?


A. Аталғандын бари

B. Мұның өзі заңмен көзделгенде;

C. Осы іске қатысу қажеттілігін сот танығанда



  1. Талап арыз прокурор мүддесін қорғайтын кімдердің арасында туындаған мүліктік-құқықтық қатынас мазмұнына байланысты болады?


A. Адам мен жауапкер арасында

B. Адам мен талапкердің арасында

C. Жауапкер мен талапкердің арасында


4. Прокурор талапты дайындау барысында ол бағалауға жататын болса, талап қоюдың бағасын міндетті түрде



A. Белгілейді

B. Белгілемейді

C. Міндетті түде жауап береді



5.Жауапкер мен оның өкілі соңғы сөздерін айтып болғаннан кейін іс бойынша тарап болып табылмайтын және ҚР АІЖК-нің нешінші баптың кай бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор жалпы істің мәні бойынша қортынды береді?


A. 55-бабының 2-бөлігінде

B. 56-бабының 2-бөлігінде

C. 57-бабының 2-бөлігінде


6. Сотта азаматтық істерді қайта қарау сатысы бойынша прокурор неше нысанда қатысуы мүмкін?


A. екі

B. он төрт

C. тоғыз


7. Азаматтық істерді қайта қарау сатыдағы сотта кім процеске қатысу нысанына қарамастан іс бойынша қортынды береді?


A. Прокурор

B. Судья

C. Адвокат

8. ҚР АІЖК-нің қай бабына сәйкес прокурор арызға жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесін қоса тіркейді.


A. 151-бабына

B. 154-бабына

C. 150-бабына

9. Әрекеті қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя аладыма?


A. Талап коя алады

B. Талап қоя алмайды

C. Аталғандардың бәрі дұрыс

10. Заң бұзушылыққа қарсы күрестің тиімді де маңызды құралдарының бірі.

A. Прокурордың талаптары

B. Судьяның талаптары

C. Адвокаттың талаптары





Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:Тақырып бойынша тест құрастыру.

Сабақты қортындылау кезеңі: Берілген тақырып бойынша сұрақ жауап алу, рефлексия жүргізу.

Бағалау кезеңі: Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалау.

Үйге тапсырма беру кезеңі: Тақырып бойынша мәлімет дайындау.









 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!