Ашық сабақ "Бабамның киген киімі" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Бабамның киген киімі" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстардарға күнделікті сабақта қолдануға арналған көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 2-бөлім: Киім, сән, талғам.3-сабақ

Мектеп: «Нұра ЖББОМ» КММ күні:16.06.2017

Мұғалімнің аты-жөні:Мустафина Айза Тлеубергеновна сынып:5

Қатысқандар: Қатыспағандар:



Сабақ тақырыбы

Бабамның киген киімі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап,хат,жарнама,хабарландыру құрастырып жазу.

5.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу,нақты ақпаратты табу үшін оқу;

5.ӘТН4.2.Зат есімнің мағыналық түрлерін мән мәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Сабақ мақсаты

1. Бабамның киген киімі тақырыбы бойынша ресімделуі мен құрылымын сақтап жарнама жазу;

2.Мәтін мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты табу үшін оқу;

3.Зат есімнің мағыналық түрлерін сөйлемдерде тәуелдік жалғауы арқылы түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі

- мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты табу үшін оқылым стратегияларын қолданады;

- бабамның киген киімі тақырыбы бойынша жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама жазады;

- зат есімнің мағыналық түрлерін мән мәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: зат есімнің мағыналық түрлері, зат есімнің тәуелдік жалғауы, тақия,қасаба, төбетей,қалпақ, құлақшын,жалбағай,сәукеле, сәлде,желек.

Құндылықтарға баулу

  • қарым-қатынас жасау;

  • өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау;

  • жауапкершілік;

  • ұлттық киімдерді білу,қолдану,насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп зияткер оқушы тәрбиелеу.

Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті,тарих және сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, ұлттық киімдерге жарнама жасауда сурет салу бейнелеу өнерімен және желімдеу арқылы еңбек пәнімен байланыс орнатылды.

Алдыңғы білім

Оқушылар бұған дейін жарасымды киім стилі мен сән үлгілері туралы ақпаратпен танысып, лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдің айырмашылықтарын мәтіндер арқылы ажыратуға дағдыланды. «Арқан тарту» әдісі арқылы екі топ өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды, дұрыс жауап айтқан топ арқанды өзіне тартады.Осы білім жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал етеді. «Бағдаршам» арқылы бағалау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы – 15мин.

Оқушыларды «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу.





Ширату.«Кубизм» әдісі

Ортаға куб тасталады.Сыныптан 6 оқушы ойынға шығады.Оқушылар кубты кезек кезегімен лақтырады.Лексикалық тақырып бойынша сұрақтарға жылдам жауап береді.

Сұрақ үлгілері:

- Ұлттық киімдерді ата.

- Бас киім түрерін ата.

- Қысқы киімдерді ата.

- Қыздардың ұлттық киімдерін ата.

-« Киім»сөзіне сөз тіркесін айт.

- Киімге қатысты мақал айт.


Жаңа тақырыпқа шығу үшін оқушылар назарына интербелсенді тақтадан қазақтың ұлттық киімдері туралы бейнеролик көрсетіледі.




Балалар, біз бүгін сабақта «Бабамның киген киімі» мәтінімен танысып, оның мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береміз. Мәтіннен зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратып, жалғанған жалғаулары бойынша грамматикалық өзгерісті анықтаймыз. Ұлттық киімге жарнама жанрында мәтін қүрастырамыз, мәтін құрастыруда зат есімнің жалғауларын түрлендіріп қолданамыз. Алдымен зат есімнің мағыналық түрлері дегеніміз не? Зат есімге қандай жалғаулар жалғанады? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.


Оқылымға дейін

Ж.Көп нүктенің орнына тиісті зат есімнің жалғауларын қойып жазыңдар.

1. Сәукеле – қалыңдықтың бас киім... .

2. Атамның тон... аң терісінен тігілген.

3. Қазақтың шапан... ұлттық оюмен өрнектелген.

4. Менің байпағ... киізден сырылған..

5. Әжемнің мәсі... былғарыдан тігілген.

6. Сіздің қамзол... қызыл, көйлег... ақ.

7. Біздің тымағ... суықтан қорғайды.

8. Қазақтың ұлттық киім.... қандай әдемі!

Дескриптор:

- мәтіннен зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратады.

- мәтін мазмұнында зат есімнің жалғауларын түрлендіріп қолданады ;

ҚБ.

Мұғалімнің смайлик арқылы бағалауы.

Төбетей,шапан, сәукеле суреттерінен жинақталған пазл




Shape1

куб











Интербелсенді тақта, бейнеролик https://www.youtube.com/watch?v=ZRufTnHq3M4



















Кестелер










Сабақтың ортасы – 25мин.

Оқылым тапсырмасы

ЖЖ. Жалпы мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқу.Мұғалім оқушыларға мәтінді өз бетімен толық оқу үшін уақыт беріледі.

Мәтін:

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де аса бай. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әртүрлі киім үлгілерін жасаған. Олар:

Тақия – үкілеген, әсем зергерлік бұйымдар тағылған бас киім.

Қасаба – қымбат матадан тігілетін қыздардың бас киімі.

Қалпақ – ер адамдардың бас киімі.

Төбетей – төбеге киетін жаздық шағын бас киім.

Құлақшын (малақай) – қыстық бас киім.

Жалбағай – малшылардың жаздық бас киімі.

Сәукеле – ұзатылатын қыздардың қымбат бас киімі.

Сәлде – молдалардың орап киетін бас киімі.

Желек – сәукеленің немесе қыздар бас киімінің желке тұсынан төгіліп тұратын жібек мата.

(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан)

ЖЖ.1-тапсырма. «Лоторея барабаны» әдісі арқылы оқушы сұрақты суырып алып шығады да, жауап береді.

Мақсаты:мәтіннің мазмұнын түсінгендіктерін тексеру.

  1. Мәтінде негізгі ойды беріп тұрған кемінде

5 тірек сөздерді ата.

  1. Мәтіндегі негізгі ақпарат беріп тұрған 3 сөйлемді айт.

  2. Мәтіндегі таныс/ таныс емес киім атауларын ата.

  3. Мәтінде берілген қандай ұлттық киім атауларын өз көзіңмен көрдің немесе туыстарыңның кигенін көрдің бе? Қызықты оқиғаларың болса, ортаға сал.



ЖЖ.2-тапсырма.Нақты ақпаратты табу үшін тапсырмаларды орындайды.

- Бас киім атауларын теріп жазыңдар.

Дескриптор:

- мәтін мазмұнын түсініп оқиды.

- мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

- бас киім атауларын жаза алады.


ҚБ.

Өзара жұптық смайлик арқылы бағалау.


Сергіту сәті «Жел үрлейді»

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Ортада бір ойыншы қалады. Ортадағы ойыншы «Жел үрлейді, жел үрлейді» деп бастап, сыныптастарының киімдері, сыртқы сипаттарына қатысты қандай да бір белгіні айтады. Мысалы: «Жер үрлейді, жер үрлейді туфли киіп келгендерге». Осы сәтте туфли киіп келген оқушылар орын алмастырулары керек. Олар орындарынан тұрған сәтте ортадағы оқушы да өзіне орын тауып үлгеруі керек. Ал ортада қалған ойыншы жоғарыдағы ережедегідей ойынды жалғастырады.

Оқылымнан кейін

ТЖ.Бабамның киген киімі тақырыбы бойынша жарнама құрастырып жазу.

1-топ. Шапанға жарнама

2-топ. Төбетейге жарнама

3-топ. Сәукелеге жарнама

Жарнама – хабарландырудың бір түрі. Жарнаманың мазмұны мен тақырыбы кең әрі әр алуан. Жарнаманың мақсаты -қызығушылық тудыру.

Жарнаманың құрылымы:

  • Құжат аты;

  • Мәтін;

  • Мекен-жайы;

  • Байланыс телефондары

Ж

Жарнама

Абылай хан даңғылында жаңа сауда үйі ашылды!!!

Халыққа қызмет көрсететін көптеген жеңілдіктер ескерілген.

Мекен –жайы: Көкшетау қаласы,

Абылай хан даңғылы, 1-үй.

Т. 42-42-42,42-42-41

арнама үлгісі












Дескриптор:

- берілген киім түріне құрылым мен ресімделуін сақтайды;

- жарнама мәтінін құрастырады;

ҚБ. Топ басшысы топ мүшелерін бағалау күн,ағаш,бұлт суреттері арқылы жүзеге асады





































































Түрлі, түсті қағаздар, маркер, қайшы, желім, флипчарт, қарындаш, стикерлер



























Күн,ағаш,бұлт суреттері

Сабақтың соңы –

5 мин.

Оқушылар рефлексиясы: «Мейрамхана» әдісі.

Мақсаты: оқушылармен кері байланыс орнату.

Барысы:оқушылар бүгінгі күнді мейрамханада өткіздік деп

Ойлаймыз және мына сұрақтарға жауап беру керекпіз.

- мен тағы ..... тапсырыс берер едім

- маған бәрінен ұнағаны...…

- менің асқазаным қорытты…

- келесіде маған қосыңызшы…

Оқушылар өздерінің жазғанын оқып, қысқаша түсіндіріп тақтаға

жапсырады.

«Мейрамхана»әдісі, түрлі-түсті қағаздар.


Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлық оқушылар зат есімнің мағыналқ түрлерін сөйлемдерде тәуелдік жалғауы арқылы түрлендіріп қолдана алады.Жарнама жаза алады.

Көбі:Мәтін мазмұны мен танысып,тапсырмаларды орындай алады.

Кейбір қабілетті оқушылар дербес қалаулары бойынша жарнаманы поэзия жанрында беріп,таныстырылым көрсете алады.


Алдыңғы білім «Арқан тарту » әдісі арқылы тексеріледі.Ширату жаттығуы «Кубизм»әдісі,оқылымға дейін кестемен жұмыс орындалады.Мәтінмен жұмыс «Лоторея барабаны» әдісі және тапсырма орындау арқылы жүзе асады. Оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыстары оқушылардың дескрипторға сүйеніп, бір-бірлеріне берген кері байланыстары арқылы тексеріліп отырады. Топтық жұмыстарда жекелеген оқушылардың жұмысқа қатысуы қадағаланып, оларға дербес сұрақтар қойылады. Кері байланыс нәтижесінде ҚБ смайлик,бас бармақ,«күн,ағаш,бұлт»әдісі арқылы топтық,өзара жұптық және топ басшысының бағалауы арқылы жүзеге асады.


«Арқан тарту»,«Кубизм»,кесте толтыру, оқылым кезеңдеріне арналаған тапсымалар, «Лоторея барабаны» әдісі,жарнама жасау сияқты топтық жұмыс формалары, «Жел үрлейді» сергіту сәті балалардың жас ерекшелігіне сай таңдалып алынды

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2018
1707
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі