Материалдар / Ашық сабақ Бала құқығы қалай қорғалады 9 сынып

Ашық сабақ Бала құқығы қалай қорғалады 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге өзінің сабағын дұрыс жоспарлау үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2021
2199
23 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Құқық негіздері


Мектеп: Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназия


Күні: 16.01.2021


Мұғалімнің аты- жөні: Абажанова Г.Қ

Сынып: 9

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Бала құқығы қалай қорғалады

Зерттеу сұрағы: Бала құқығы қалай қорғалады?


Сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаты:

9.5.3.2 құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Өз құқықтары мен міндеттерін талдай алады

Оқушылардың көпшілігі: Бала құқықтары мен міндеттерін ажарытады.

Кейбір оқушылар: Бала құқықтары мен бостандық міндеттері туралы салыстыра отырып, нақты мысалдар келтіріп айқын тұжырымдайды.


Бағалау критерийлері

Құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдайды.

Ойлау деңгейлері

Талдау, бағалау

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Балалар құқықтары мен міндеттері.


Құндылықтарға баулу

«Мәңгiлiк eл» идeяcының құндылықтapын нeгiзгe aлa oтыpып Ұлттық дeмoкpaтиялық-пaтpиoттық ұcтaнымдapын бoйынa ciңipy.

Пәнаралық байланыс

Қaзaқcтaн тapихы

Қоғамтану

АКТ қолдану дағдылары

Ғaлaмтop pecypcтapы, ҚP Кoнцитyтцияcы.

Алдыңғы білім

Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері.

Сабақтың жоспaрлaнған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басталуы


Ұйымдастыру

кезеңі

2 минут

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу оқушыларды түгендеп,
 ынтымақтастық атмосферасын орнатып түрлі түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді.

«Серпілген сауал» әдісімен оқушылардан өткен тақырыптар бойынша алған ақпараттарын сұрау арқылы үй тапсырмасына дайындықтары тексеріледі:

1) Неке шарты деген не және ол не үшін керек?

2) Өзара көмекке бағытталған салт-дәстүрлерді білесіңдер?

3) Туысқандар дегеніміз кімдер?


(Б) Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.

 (М) Оқушылардың жауабы тыңдалып болғаннан кейін, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі.
(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты пысықталады. Бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.





Сурет түрлі-түсті парақтар

Сабақтың ортасы

7 минут











5 минут












10 минут























7 минут



Зерттеу сұрағы:  Бала құқығы қалай қорғалады?

Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары.Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.



1-тапсырма.  «Кубизм әдісі» - ой шақыру сатысы тапсырмасын сұрау. Әр жұпқа кубтың екі қабырғасындағы жұмыс тапсырылады.Әр топ талқылайды, жазады.

AutoShape 2

1-топ. Зерттеу тобы.

  1. Баланың қандай құқықтары бар екенін анықтаңдар?

  2. Оның қандай міндеттері бар?

2-топ. Суреттеу тобы.

  1. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін ашып көрсетіңдер?

  2. Бала құқығын қорғауды жүзеге асыратын субьектілерді атаңдар?

3- топ. Салыстыру.

  1. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігін қалай арттыруға болады?

  2. Бала ересектер қатарлы барлық құқықтарға ие деген сөз нені білдіреді?

Бағалау.Дұрыс жауап арқылы

1.Баланың қандай құқықтары мен міндеттері барын сипаттап бере алады.

2. Бала құқығын қорғауды жүзеге асыратын субьектілерді анықтайды.

3. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігін қалай арттыруға болатынын анықтайды.

- Баланың және ата-ананың қандай құқықтары мен міндеттері туралы анықтайды.

- Баланың құқықтарын анықтайды.

- Ата-ананың құқықтарын анықтайды.

- Баланың міндеттерін анықтайды.

- Ата-ананың міндеттерін анықтайды.



Тапсырма-2. Жұптық жұмыс: «Сәйкестігін анықта»

БҰҰ-да «» Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясы қабылданды.

  1. 1959 жыл 20 қараша


Ә

«Бала құқығы» туралы Конвенциясы қабылданды.

  1. 1989 жылы

Б

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Балалар құқығы» деклорациясы қабылданды.

  1. 1993 жыл 28 қаңтар


Ғ

Референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямызды қабылдадық.

  1. 1995 жыл 30 тамыз


В

Егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды.

  1. 2002 жыл 8 тамызда


С

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары» туралы заңы қабылданды.

Дұрысы жауап:

Бағалау: «Жұптық бағалау»

3 тапсырма. Жеке жұмыс «Түртіп алу» әдісі

Қазақтың ұлы ойшылдары А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлының тәрбие туралы қалдырған нақыл сөздерімен тансытыру.

Дескриптор: Қазақтың ұлы ғұлама ғалымдарының тәрбие туралы қалдырған нақыл сөздермен танысады. Мағынасын ашып, анықтайды.

Б
ағалау:


Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы.

Құқық негіздері 9-сынып

А.С.Избраева, С.Б.Гончарев












Сабақтың соңы

2 минут


2 минут

Блоб ағашы.

Үйге : Қосымшы мәлімет оқып келу

Жұмыс дәптері


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ