Материалдар / Ашық сабақ балабақша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ сценарий
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы)________________________________________________________

Топ: ортаңғы

Балалардың жасы: 3 жастан

Жоспардың құрылу кезеңі: 09.09 - 13.09.2024ж.

Педагогтың аты-жөні _________________________________________________________________________________________________

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу.

Сәлемдесу

Қайырлы таң, ашық аспан!

Қайырлы таң, кең далам!

Қайырлы таң, күннің нұры!

Қайырлы таң, балабақшам!

Бәрі бірге айтады.

(сөйлеуді дамыту)

Саусаққа арналған жаттығу. "Сәлем".

Мақсат-міндеттері. Балаларды қимылдарды мәтін жолдарының ырғағына сай орындауға дағдыландыру; қолдың ұсақ моторикасын, жағымды эмоцияларды дамыту.

Сәлемдесем әрдайым (екі қолдарын айқастырып кеуделеріне қояды)

Үйде және бақшада (екі қолдарын алға жаяды)

"Сәлем! Сәлем!" - деймін мен ("Қанаттары" екі қолдарын сәл көтеріп, қайта түсіріп қағып тұрады)

Қасымдағы көршіме. (бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына беттестіре саусақтарды жан-жаққа аша «күн» жасайды)

(сөйлеуді дамыту)

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу.

Сәлемдесу

(сөйлеуді дамыту)

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу. (қарым-қатынас іс-әрекеті, музыка)

BilimKids дамытушы мультфильмді қосып қарсы алу.

Көңіл күй” https://cdn.onlinebalabaqsha.kz/inside2020/storage/media/videos/video_file/23/k-il-k-y.mp4

(қарым-қатынас іс-әрекеті, музыка)

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу.

Сәлемдесу

Қайырлы таң, ашық аспан!

Қайырлы таң, кең далам!

Қайырлы таң, күннің нұры!

Қайырлы таң, балабақшам!

Бәрі бірге айтады.

(сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен немесе баланың

басқа заңды өкілдерімен кеңес,

әңгімелесу

Отбасылық дәстүрлер туралы әңгімелесу.

Баланың отбасындағы тәртібі, оның әдеттері туралы әңгімелесу.

Балабақшадағы достарымен қарым-қатынасы туралы әңгімелесу.

Тамақтану және ұйықтау әдебі жайлы әңгімелесу.

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру.

Балалардың дербес әрекеті

(аз қимылды, үстел үсті

ойындары,

бейнелеу іс-әрекеті,

кітаптарды қарау және

басқалар)

«Өнегелі тәрбие»

Еңбек: Аквариумдағы балықтарды қоректендіру.

Мақсат-міндеттері. Балыққа қамқорлық жасауға дағдыландыру (жемді үгітіп шашырату), аквариумдағы балықтың тіршілігіне қызығушылық таныту.

«Менің Қазақстаным» Қазақстан Республикасының Гимн орындауы.

Міндеттер: Балаларды патриоттық тәрбиені қалыптастырады.

(музыка)

"Менің үйім" үстел үсті ойыны.

Мақсат-міндеттері. Бөлшектерден үй жасауды үйрету, оның неден тұратынын айту. (құрастыру)

«Кімнің заттары»

Міндеттер: жақын адамдарының заттарын анықтай алады.

(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мазайка және т.б..

(сөйлеуді дамыту, танымдық дағдылар)

«Өнегелі тәрбие»

Еңбек: Үйді өз бетінше тазалауын, табиғат мүйісіндегі мекендеушілерге күтім жасау дағдыларын қалыптастыру.

Қоршаған ортамен таныстырудан ойын-жаттығу.

"Менің отбасым".

Мақсат-міндеттері. Балалардың отбасы туралы ұғымдарын кеңейту; отбасы туралы түсінік бере отырып, отбасы мүшелерінің аталуын жатқа айтуды үйрету; өз отбасы туралы шағын әңгімелеп беруге жаттықтыру; балабақша мен отбасының байланысы туралы түсінік беру. Отбасы мүшелерінің атаулары арқылы балалардың ойлауы мен зейінін, есте сақтауы мен қабылдауын, тілі мен дүниетанымын дамыту.

"Отбасы мүшелерін қазақша ата" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Балалардың қазақ тілін білуін дамыту үшін, отбасындағы туыстық атауларды қазақ тілінде атау. (қазақ тілі)

«Өнегелі тәрбие»

Еңбек: Балаларды ойыншықтар мен көмекші құралдарды өз бетінше және эстетикалық түрде орналастыруға, шкафтарда тәртіпті сақтауға, шаңды сүртуге үйрету.

Дидактикалық ойын. «Ата мен әжем».

Міндеттер: Өзінің ата-әжесі туралы айтып береді.

(сөйлеуді дамыту)

«Шежіре ағашы» дидактикалық ойыны.

Ойынның мақсаты. Шежіре ағашы ұғымын бекіту, отбасы мүшелерінің атауларын еске сақтауға ынталандыру.

Шарты. Балалар отбасы мүшелерінің суреттерін орындарына орналастыра отырып, олардың әрқайсын атап, алдарындағы шежіре ағашының сызбасын толтыруға тиісті. Педагог балалармен сөздік жұмысын жүргізеді. Шежіре ағашы, отбасы, ата, әже, әке, ана, ұл (Алан), қыз (Дана) сөздерін айтқызу. Балаларға отбасы мүшелерінің атауларын пысықтауға мүмкіндік береді.

Ойынның соңында педагог балаларды мақтайды.

(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

«Өнегелі тәрбие»

Еңбек: Үстелдің үстіне ыдыс-аяқтарды, нан салатын ыдысты, шұңғыл табақты, майлық салатын ыдыстарды, тамақ ішу жабдықтарын: қасық, шанышқы, пышақты қойып шығу іскерліктерін көрсету.

Санамақтар айтқызу.

М. Қуанышбеков "Санамақ".

Екі көз бен қос құлақ

Бір бас пенен бір мұрын

Нешеу болды қос шырақ,

Санап шығар кім бұрын?!

Екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің ...

Нешеу болды қане, бол,

Санап шығар кім бұрын?!

Сұқ саусағым суға барды

Ортаң қолым орақ орды.

Аты жоғым ағаш жарды,

Жұмсамапты алақаным,

Тек шынашақ-балапанын.

(сөйлеуді дамыту)

Қимылды ойын. «Мені қуып жетіңдер»

Міндеттер: Жүгірген кезде қауіпсіздік ережесін сақтай алады.

(дене щынықтыру)

«Өнегелі тәрбие»

Еңбек: Балаларды сумен жұмыс істегенде гигиеналық дағдыларды сақтауды үйрету: жеңдеріңді түріңдер, матаны сулаңдар, сығыңдар, құрғатыңдар, лас болған кезде шайыңдар. Сумен жұмыс кезінде еңбек дағдылары мен әдеттерін, ұқыптылығын дамыту.

«Дастарқан жаямыз» дидактикалық ойыны.

Мақсаты. Сыртқы белгілері бойынша ыдыс-аяқтарды тануды, атауларын дұрыс айтуды, не үшін қажет екенін білуді ​​үйрету.

Ережесі. Балалар көрсетілген ыдыс түрлерін атайды (шайнек, кесе, қазан, мескей (тостаған), қасық). Балалар ыдыстың атауы не үшін қажет екенін қайталайды. Сөздердің дұрыс айтылуы мақталады.

Барысы.

Балалар, Тарғыл мысық көп ыдыс-аяқ әкеліпті.

Үстелге бір-бір (ойыншық) ыдыстан қою немесе паннодан (слайдта) көрсету.

Ертеңгілік жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (алақанға сыятын текшелермен)

1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде

1.1. Балалар қолдарын алдарына созып, алақандарын ашып, текшелерді көрсетіп: "Міне!" дейді;

1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады).

2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қолдағы текшелер көкірек тұсында

2.1. Оңға бұрылып, қолдарын созып, текшелерін көрсетіп: "Міне! " "Міне!" дейді;

2.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 4 рет қайталанады).

3. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене бос, қол төменде

3.1. Жерге отырып, қолдарын алдына созып: "Міне!" дейді;

3.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады).

4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қолдағы текшелер көкірек тұсында.

4.1. Бір орында тұрып секіру, қолдарын көкірек тұсында ұстап, алақандарын жұму.

4.2. Бастапқы қалып алақандарын ашу "Міне!" дейді (жаттығу 3 рет қайталанады). (дене шынықтыру, дербес әрекет)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Ас ішкенде күнде біз,

Сөйлемейміз, күлмейміз!

Астан басқа өзгені,

Елемейміз, білмейміз!

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Асты шашпай, төкпей іш,

Сораптамай, баппен іш.

Келген асты алдыңа

Тауысып іш, қалдырма.

Бата беру

Аспазшы апайларға рахмет! Ас болсын!

Біздерде бар қасықтар

Сиқырлы екен құралдар.

Қолға қасық аламыз.

Дәмді астан аламыз.

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

"Менің отбасым" тақырыбында балалармен әңгімелесу.

Мақсат-міндеттері. "Отбасы" тақырыбында сюжетті суреттер көру. Суретке байланысты сұрақтар қою.

(сөйлеуді дамыту)

"Отбасындағы сыйластық" әңгімелесу.

Мақсат-міндеттері. "Отбасындағы сыйластық" тақырыбында балаларға сұрақтар қою және сұрақтарға толық жауапты талап ету. (сөйлеуді дамыту)

Шаттық шеңбері

Мақсат-міндеттері. Балаларға эмоционалды жағымды көңілкүй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды.

(сөйлеуді дамыту)

"Менің ең жақын досым - менің анам" әңгімелесу.

Мақсат-міндеттері. "Менің ең жақын досым - менің анам" тақырыбында балалармен әңгімелесу. Сөздік қорларын молайту. (сөйлеуді дамыту)

"Менің отбасым" тақырыбында әңгімелесу.

Мақсат-міндеттері. "Менің отбасым" тақырыбында отбасы мүшелеріне байланысты жұмбақтар қою. Жұмбақтардың жауабын үш тілде айтқызу. Суреттерді сипаттау. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Мектепке дейінгі ұйым

кестесі бойынша

ұйымдастырылған

іс-әрекет

Дене шынықтыру

"Бауырсақпен шеңберге тұру".

Мақсат-міндеттері. Балаларды шеңберге тұруға үйрету; шеңберге өз еріктерімен тұру қабілетін қалыптастыру; ұзындыққа екі аяғымен секіру және бір-біріне қарама-қарсы отырып, допты қақпаға дәлдеп домалату дағдысын жетілдіру; сап түзеп шеңберге, шеңберден сапқа ауысу дағдыларына үйрету.

Дене шынықтыру

"Шеңберге өз еркімізмен тұрамыз"

Мақсат-міндеттері. Балаларды музыка әуенімен бірінің артынан бірі шеңбер жасап жүруге, педагогтің белгісі бойынша аяқтың ұшымен жүру және баяу жүдруден кейін, жылдам ойнаған музыка әуенімен жүгіру, жүгіріп келе жатып жай жүріске түсу, тізені жоғары көтеріп, денелерін тік ұстап жүру іскерліктерін дамыту; екі аяғымен ұзындыққа секіру және екі топ бір-біріне қарама-қарсы отырып, допты қақпаға дәлдеп домалату іскерліктерін жетілдіру; қимыл ойыны арқылы допты белгілі бір бағытта домалату іскерліктерін бекіту.

Музыка

"Әлди-әлди"

Мақсат-міндеттері. Балаларды әнді тыңдай отырып, сын-сипатын ажырата білуге үйрету; жәй және көңілді әндерді тыңдай білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен музыкалық ырғақтық қимылдарды бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін жетілдіру; отбасы туралы ұғымдарын кеңейту.

Дене шынықтыру

"Әдемі шеңбер жасайық"

Мақсат-міндеттері. Балаларды ұзындыққа екі аяғымен секіру және бір-біріне қарама-қарсы отырып, допты қақпаға дәлдеп домалату техникасын бекіту, ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, қимылды ойын арқылы допты гимнастикалық шеңберге кіргізу іскерліктерін жетілдіру.

Қазақ тілі

"Сәлем - сөздің анасы. Кел, танысайық!"

Мақсат-міндеттері. Қазақ тілінде айтылған сөздерді тыңдау, түсіну, қабылдауды үйрету, ересек адамның үлгісі бойынша амандасуды, қоштасуды, өзін таныстыруды білдіретін сөздерді түсініп, қарым-қатынаста қолдана алады, сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

2- таңғы ас

Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуенге дайындық

Балаларға өз киімдерін тануды, атауды, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Күнді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Күз мезгіліндегі күн туралы мәлімет беру; күз мезгілінде киілетін киімдердің атауларын пысықтау; ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Жұмбақ жасыру.

Ар жағында орманның,

Ар жағында таулардың,

Алтын кеспек домалар. (Күн.)

- Балалар, күн қайда орналасқан? (Күн аспанда орналасқан.)

- Күннің нелері бар? (Сәулелері бар.)

- Күн қалай қыздырады? (Күн қатты қыздырады. Бүгін күн ыстық.)

- Балалар, сендер күннің ыстық екенін қайдан білдіңдер? Өйткені біз күзгі киімдерді киіп жүрміз.

Күндіз күн жоғарыда тұрғандықтан, күн ыстық болады. Ал таңертең және кешке күн салқын болады.

"Жұбыңды тап" ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Зейінділікке, байқағыштыққа, шапшаңдыққа, кеңістікті бағдарлауға баулу.

Ойыншылар тізіліп тұрады. Педагог әр балаға бір таңбалауыш (фишка) суреттен таратып береді. Педагогтің белгісі бойынша балалар жан-жаққа қарай жүгіре бастайды. Келесі "Жұбыңды тап" белгісі бойынша бірдей түсті таңбалауыштары (фишкалары) бар балалар жұп болады. Балалар саны тақ санға тең келу керек. Әр айналым сайын бір бала жұпсыз қалу керек.

Құралдары: таратпалы жеті түсті таңбалауыш (фишка). Әрбір таңбалауыштың жұбы бар.

Түрлі түсті таңбалауыштар болмаса, басқа жұпты суреттерді қолдануға болады.

Еңбек әрекеті: табиғи материалдарды жинау.

Мақсат-міндеттері. Балаларды еңбекке баулу, қол еңбегіне қажет материалдарды жинау.

"Допты ұстап ал" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Допты екі қолмен ұстап алуға дағдыландыру; ептілік пен шапшаңдықтарын дамыту.

Балалардың еркін ойыны.

Ауладағы адамдардың еңбектерін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері: балаларды қырағылыққа, сұрақтарға толық жауап беруге баулу; еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу.

- Балалар, сендер жұмыс істей білесіңдер ме?

- Ендеше, балалар, бүгін ауладағы адамдардың жұмыстарын бақылаймыз.

- Жыл мезгілдеріне байланысты жұмыстар әртүрлі болып келеді. Жазда қоқыстарды сыпырып жинаған. Қыста қар күрейді.

"Орамал" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды шапшаңдыққа баулу, ойынға қызығушылықтарын арттыру.

Балалар шеңбер құрып отырады, шеңбер бойымен бір бала жүгіреді, оның қолында орамалы болуы тиіс. Шеңбер бойында отырған баланың біріне орамалды артына тастап кету керек. Бала артына бұрылып қарап, орамалды алып, орамал тастаған баланы қуып жетіп орамалды лақтырып тигізуі керек. Егер тигізе алмаса, ойынды өзі жалғастырады. Орамал тастаған ойыншы қуып келе жатқан баланың орнына отыруы керек. Қуғыншы бала, орамал тастаушыға орамалды тигізсе, онда ойынды орамал тастаушы бала өзі жалғастырады.

Еңбек әрекеті: ауладағы ағаштардан түскен бұта-қоқыстарды жинау.

Мақсат-міндеттері. Балаларды бірлесе істей жасай білуге баулу.

"Шеңберден шеңберге" жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды жерде жатқан бір шеңберден екінші шеңберге секіріп өтуге машықтандыру; секіріп жылжығанда мұқият болуға, шеңбердің шетін баспауға дағдыландыру; шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Құралдар: үш-төрт шеңбер.

Балалардың еркін ойыны.

Мақсат-міндеттері: өздерінің еріктері бойынша ойын түрлерін таңдау; ойын ойнау кезінде белсенділік таныта білуге тәрбиелеу.

Желді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері: ауа қозғалысы жөнінде бастапқы түсініктемені нығайту.

Желдің әлсіз және күшті жақтарын ажырата білуді үйрету; желдің күшін қандай белгілері бойынша анықтау қажет екенін түсіндіре білу: ағаш қозғалса желдің күші қатты болғаны, шөп тербелсе желдің күші әлсіз болғаны. Күзгі желді қысқы желмен салыстыра алуды үйрету.

Жұмбақ.

Қанаты жоқ – ұшады,

Аяғы жоқ – қонады. (Жел.)

Тақпақ.

Желдет, желдет!

Баласын жылат,

Жетіқара, дауылдат!

Тайтерісін қалтырат,

Өрісін құлат,

Науа-астауын жылтырат!

"Қол ұстасып жүру" ойыны. (қоршаған ортамен танысу)

Мақсат-міндеттері. Белгі бойынша ортаға қозғалуға, екі шеңбер құра білуге үйрету (орталар қарама-қарсы жаққа айналады, қолдарын ұстамай бір жағына); ұжымдық сезімге тәрбиелеу.

Еңбек әрекеті: үй өсімдігін отырғызу (тәрбиешінің көмегімен).

Үй өсімдігін отырғызуды бақылау.

Мақсат-міндеттері. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын өз бетінше жинауды үйрету.

"Ойлан, асықпа" ойыны. (қоршаған ортамен танысу)

Мақсат-міндеттері. Зеректікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші тапсырмасы бойынша сөз табу. «Күннің көзі» сөзіне - айқын, ыстық, жарық; «аспан» сөзіне - бұлт, көгілдір, жаңбыр сияқты сәйкес келетін сөз табу.

Тапсырма. Су арқылы желдің күштілігін анықтау.

"Қағып алмай өт" (кегли) ойын жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды кегльдердің арасымен баяу және ептілекпен өтуге дағдыландыру; көз мөлшерін, тепе-теңдікті, вестибуляр аппаратын дамыту.

Құралдар: кегльдер.

Балалардың еркін ойыны.

Ойында балалардың өз бетінше бір-бірімен араласа білуін, өзінің іс әрекетімен қылығын білдіруге, өз пікірінде тұруға, құрдасының ұсынысымен келісе алмайтынын көрсетуді үйрету.

Теректі бақылау. (қоршаған ортамен байланысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Ағаштың құрылымын еске түсіру, "терек мамығы" ұғымын бекіту; ұғымталдыққа тәрбиелеу.

"Не қайда өседі?" дидактикалық ойыны. (сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Жеміс, көгөніс, жидек, гүл, ағаштардың қайда өсетінін анықтау; байланыстырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорды белсендіру; қоршаған әлемге қызығушылықты арттыру.

Құралдар: өсімдіктер салынған карточка-суреттері.

"Кім бірінші?" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды тура бағытта белгі бойынша жылдам жүгіруге машықтандыру; шапшаңдыққа, зеректікке, достық қарым-қатынастарға тәрбиелеу.

Педагог балаларды екі топқа бөледі. Педагогтің белгісі бойынша балалар тура бағытта, белгіленген межеге дейін жүгіріп баруы керек. Ең бірінші болып межеге жеткен топтың балалары жеңіске жетеді. Педагог барлық жұптарды мақтайды.

Жүгіру жолы балалар үшін қауіпсіз болуын педагог ескеру керек.

Еңбек әрекеті: өскіндерді суару.

Мақсат-міндеттері. Балаларда қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыру.

Балалардың еркін ойындары.

Иттерді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Иттердің пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру; үй жануарына күтім жасауға тәрбиелеу.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (бүршіктер мен жапырақтарды жинау).

Мақсат-міндеттері. Қарапайым тапсырмаларды орындау іскерліктерін жетілдіру.

Қимыл-қозғалыс ойындары: “Қоймадағы тышқандар”. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балалардың саламатты өмір салтына, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл күйлерін көтеру; ептілікке, шапшаңдыққа, ойынды қызыға ойнауға баулу, ойынға қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру; ұжымда ойнауға тәрбиелеу.

Барысы: алаңның ортасына 8-10 см арақашықтықта екі бірдей сызық сызылады. Алаңның шеттерінде 1-2 адым қашықтықта мысықтың үйі сызылады. Ойыншылар мысықты таңдап алады. Қалғандары тышқандар болады. Тышқандар қоймадағы дәндерді жинауға келе жатады. Осы кезде мысық оларды ұстауға тырысады. Ұстап алған тышқанды “мысық” үйіне апарады.

Еркін ойын әрекеттері, далаға алып шығатын материалдармен ойындар.

Мақсат-міндеттері. Қызығушылықтары бойынша ойын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету және өз құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе білуін қалыптастыру.

Серуеннен оралу

Балаларға жүйелі түрде киініп-шешінуді, киімдерін шкафқа орналастыруды, қолдарын мұқият жууды қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, дербес әрекет)

Жуунуға арналған жаттамақ жаттығуы.

Мақсат-міндеттері. Есте сақтау, қабылдау, елестету, сөйлеу қабілетін, жағымды эмоцияларды дамыту.

Құралдар: сабын.

Сабындаған кезінде

Ашытады көзіңді.

Бола білсең төзімді,

Тап-таза етер өзіңді.

Тазалықтың досы -

Сабын деген осы.

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Ас ішкенде күнде біз,

Сөйлемейміз, күлмейміз!

Астан басқа өзгені,

Елемейміз, білмейміз!

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Асты шашпай, төкпей іш,

Сораптамай, баппен іш.

Келген асты алдыңа

Тауысып іш, қалдырма.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Бата беру

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Аспазшы апайларға рахмет! Ас болсын!

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Біздерде бар қасықтар

Сиқырлы екен құралдар.

Қолға қасық аламыз.

Дәмді астан аламыз.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Түскі ұйқы

Әуен ырғағына қызығушылық танытады.

Баяу әуенмен ұйықтату.

(музыка)

Міндеттер. Ертегіні елестете алады.

"Алтын балық" ертегісін оқып беру.

(көркем әдебиет)

Ертегінің желісіне қызығушылық танытады.

"Ертөстік" ертегісін оқып беру.

(көркем әдебиет)

Ертегі желісін есте сақтайды.

"Із кесуші Дуда " ертегісін оқып беру.

(көркем әдебиет)

Әуен ырғағына қызығушылық танытады.

Баяу әуенмен ұйықтату.

(музыка)

Біртіндеп ұйқыдан

ояту,

сауықтыру шаралары

Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар. (дене шынықтыру, дербес әрекет)

Әдемі ирек жолдармен,

Лақтай ойнақтап,

Тастан-тасқа секіріп,

Жалаң аяқ жүреміз.

Табанымызды уқалаймыз.

Бесін ас

Алдына қойған асқа назар аударту; тамақтану мәдениетіне баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Балалардың дербес әрекеті

(аз қимылды, үстел үсті

ойындары,

бейнелеу іс-әрекеті,

кітаптарды қарау және

басқалар)

Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу.

"Әлди-әлди санамағын мәнерлеп оқу. Дауысты [а], [ә] дыбыстары.

Мақсат-міндеттері. Балаларға балабақша туралы түсінік беру, балабақша мен топтың атауларын жатқа айтуды үйрету, балалардың ойыншықтар туралы әңгімелеу қабілеттерін қалыптастыру, ойыншықтардың қасиеттерімен таныстыру. Балаларды ойыншықтармен таныстыру кезінде зейін, есте сақтау және қабылдау қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту.

"Ойыншығыңмен таныстыр" сөздік жаттығуы.

Мақсат-міндеттері. Балаларға заттардың қажеттілігі туралы қарапайым сөз тіркестері арқылы айтуды үйрету.

"Менің отбасым" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Балалардың сөздік қорын отбасын сипаттайтын анықтамалармен толықтыру.

Барысы: балалар кезекпен отбасы мүшелеріне байланысты суретті алып, өз отбасы мүшелері туралы айтады. Педагогтің сұрақтарына жауап береді. Үлгі:

- Сенің отбасың қандай?

- Менің отбасым ең көңілді (мейірімді, еңбекқор, кітап оқиды, саяхаттайды, спортты жақсы көреді), өйткені ... (сөйлеуді дамыту)

Математика негіздерінен ойын-жаттығу

"Әженің көмекшілері".

Мақсат-міндеттері. Балаларда "көп", "біреу", "бір-бірден", "бірде-біреуі жоқ" деген ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру; отбасы жөніндегі түсінікті тиянақтау. Балаларды бөлмедегі отбасы мүшелері қолданатын құралдарды ажырату және олардың санын анықтау тәртібіне үйрету; саны біреу және саны көп заттарды салыстыру, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыру біліктерін жетілдіру; зейін, есте сақтау, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.

"Жіптерді орнына сал" дидактикалық ойын.

Мақсат-міндеттері. Себетке тоқыма жіптерді түстеріне және көлеміне қарай жинау.

"Суретті құрастыр" үстел-үсті ойыны.

Мақсат-міндеттері. Балаларды тұтас затты жеке бөліктерден құрастыруға жаттықтыру; ерік-жігерін, мақсатқа талпынуын тәрбиелеу.

Барысы. Қорапта әртүрлі заттар бейнеленген тұтас суреттер болады. Жеміс-жидектер, ойыншықтар, өсімдіктер. Екінші қорапта дәл осы суреттер төрт бөлікке бөлініп салынған. Педагог балаларды суреттермен таныстырады. Олар суретте не бейнеленгенін атап айтады.

(сөйлеуді дамыту)

Мүсіндеуден ойын-жаттығу

"Әжем пісірген тәттілер".

Мақсат-міндеттері. Балаларды қамыр сияқты мүсіндеу материалымен таныстыру; кесектен бөліктерді үзіп, әртүрлі нан өнімдерін жасауға үйрету; дөңгелектеу және тік есіп мүсіндеу, таяқша ұштарын қосу, жалпайту тәсілдеріне жаттықтыру; нан өнімдері туралы түсініктерді кеңейту. Қамырдан саусақтармен үзу және жұлу, алақандар арасында дөңгелектеп илеу, тік есу арқылы қолдың ұақ моторикасын дамыту; пішіндерді қабылдау, жазықтықты және кеңістікті бағдарлау мүмкіндіктерін жетілдіру.

"Отбасы" сюжетті-рөлдік ойыны.

Мақсат-міндеттері. Балаларды отбасылық қатынастарды көбейтуге және оларды шығармашылық тұрғыдан түсіндіруге шақыру; ересектердің іс-әрекетінің адамгершілік мағынасын ашу; өзара түсіністік сезімін, басқаларға қамқорлық танытуға тәрбиелеу.

Ойынға ұлдар да, қыздар да қатысады. Балалар отбасындағы ата-анасы немесе әжесі және басқа ересек туыстарының рөлін ойнайды. Балалардың рөлін қуыршақтар ойнайды.

Біріншіден, барлығы бірге үй ортасын қалпына келтіруі керек. Жиһазды орналастыру, заттар қою, балалар кімнің қандай рөлдерді ойнайтыны туралы келісуі керек. Педагог осы процесті бақылап, жанжалды жағдайларды шешуге көмектесе алады. Ойынды босқа ойнамай, балаларды нақты жағдайларды шешуге ынталандыру:

"Балаларды балабақшаға жинау"; "Демалыс күні"; "Үйдегі тазалық"; "Жөндейміз";

"Дастарқан басында" және тағы басқа.

Ойын барысы балалар арасындағы қарым-қатынасты ғана емес, сонымен қатар еңбек элементтерін де қамтуы керек. Ойын алдында балаларға отбасылық күнделікті тақырыптағы ертегіні оқуға болады, содан кейін оны талқылап, ойын арқылы сипатталған жағдайда дұрыс мінез-құлық моделін көрсетуге болады.

(сөйлеуді дамыту)

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу.

"Мұрагер".

Мақсат-міндеттері. Балаларды "Мұрагер" ертегісімен таныстыра отырып, ертегіні мұқият тыңдауға үйрету; кейіпкерлердің айтатын сөздерін есте сақтап, қайталауға талпындыру; ертегідегі адамдардың тіршілігі туралы мағлұматтар беру, үлкендердің тілін алу керектігін түсіндіру; отбасы туралы түсінік беру.

"Кіші ұлдың асыл бұйымын тап" ойын рефлексиясы.

Вариативті компонент/Әлеумет

"Отбасы" ойыны.

Мақсат-міндеттері. Балалардың "Отбасы" ойыны арқылы шығармашылықтарын шыңдау; отбасы туралы түсініктерін кеңейту; әр отбасы мүшесінің атқаратын ісі мен рөлі жөнінде ұғымдарын қалыптастыру; отбасылық ынтымақтастық туралы білімдерін толықтыру.

"Отбасы" ойыны.

"Қай жерде шырылдады?" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Дыбыстың қай жерден шыққанын анықтау.

Алдын-ала дайындық жұмысы: қоңыраушаны дайындайды.

Барысы: балалардың ішінен жүргізушіні тағайындайды. Балалар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші ортада көзін жұмып тұрады. Педагог бір балаға қоңыраушаны береді, бала көзін ашпай, дыбыстың қай жақтан шыққанын қолымен нұсқайды. Егер бала дұрыс таппаса, онда екінші рет ойнап отырады. Сосын келесі бала шығады.

Сурет салудан ойын-жаттығу.

"Дуал".

Мақсат-міндеттері. Балаларды қылқалам арқылы тіктөртбұрыш пішіні бойымен тіке және көлденең сызықтарды айқастыра жүргізіп, дуалды салуға үйрету; құрылыс нысаны дуал туралы түсінік беру.

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу

"Қошақаным".

Мақсат-міндеттері. Балаларға қошақан туралы ұғым беру; қошақанға күтім көрсету ерекшеліктері мен қошақанның өмір сүру қалпы туралы түсініктерін кеңейту; үй жануарларының өз бетімен табиғатта өмір сүруі қиын екенін түсіндіру; үй жануарларының төлдерін бір-бірінен ажыратуды үйрету; отбасы туралы түсінік беру.

"Үй жануарын дауысына қарай ажырат" дидактикалық ойын.

Мақсат-міндеттері. Үй жануарларының дыбыстарын ажырату қабілеттерін дамыту. (сөйлеуді дамыту)

Сюжетті-рөлдік ойыны. "Отбасы".

Мақсат-міндеттері. Ойынға қызығушылықты дамыту, балалар арасындағы жағымды қатынастарды қалыптастыру.

Балалардың таңдауы бойынша ертегіні оқып беру. (сөйлеуді дамыту)

Балалармен жеке жұмыс

Артикуляциялық жаттығулар.

Мақсат-міндеттері. Артикуляциялық жаттығу арқылы баланың сөйлеуін, тілін, дыбысты дұрыс дыбыстауын дамыту. (сөйлеуді дамыту)

Тапсырма: суреттерді мұқият қарап шық. Барлық заттарды есіңе сақтауға тырыс. Кітапты жауып, суретте не салынғанын айтып бер.

(сөйлеуді дамыту)

Дидактикалық ойын. "Жамауын тап".

Мақсат-міндеттері. Балаларды суреттің жетпей тұрған бөлігін тауып, үстіне орналастыруды үйрету.

Барысы: педагог әр баланың алдына мысықтар бейнеленген суретті таратады және сурет бөліктері бейнеленген домалақтарды таратады. Балалар суретте жоқ домалақтардың үстіне сурет бөліктері бейнеленген домалақтарды орналастырады.

(сөйлеуді дамыту, танымдық дағдылар)

"Суретті құрастыр" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Балалардың туған жер туралы білімдерін бекіту, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Барысы: педагог балалармен бірге қаланың көрікті жерлерін бейнелейтін суреттерді қарайды. Ойын ережелерін түсіндіре отырып, педагог бүкіл суретті бөлек бөліктерден қалай құрастыруға болатыны туралы бұрыннан белгілі ережені еске түсіреді.

Ойыншылардың санына сәйкес суреттерді таратады. Педагог балаларға "Бастаймыз!" белгісін береді. Балаларды ойынға дайындайды. Балалар бөліктерден сурет құрастырады. Кім суретті бірінші құрайды, сол балаларға таңбалауыштар таратылады. (сөйлеуді дамыту)

"Өз үйіңді тап" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Өз қаласы туралы, ондағы үйдің орны, әртүрлі ғимараттар туралы білімді қалыптастыру; балалардың зейінділігін, байқағыштығын, бірнеше адамның арасынан өз үйін таба білу қабілетін дамыту; балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу қабілеті; балалардың туған жеріне қызығушылығын арттыру.

Барысы: балаларға бірнеше ғимараттан тұратын суреттер ұсынылады, олар өз үйлерін тауып, жауап іздеуі керек. (сөйлеуді дамыту)

Серуенге дайындық

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жылғастыру.

Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Кешкі ас

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Ас ішкенде күнде біз,

Сөйлемейміз, күлмейміз!

Астан басқа өзгені,

Елемейміз, білмейміз!

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Асты шашпай, төкпей іш,

Сораптамай, баппен іш.

Келген асты алдыңа

Тауысып іш, қалдырма.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Бата беру

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Аспазшы апайларға рахмет! Ас болсын!

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Гигиеналық дағдылар

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Біздерде бар қасықтар

Сиқырлы екен құралдар.

Қолға қасық аламыз.

Дәмді астан аламыз.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Балалардың дербес әрекеті

(аз қимылды, үстел үсті

ойындары,

бейнелеу іс-әрекеті,

кітаптарды қарау және

басқалар)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау.

Міндеттер. Суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде, шығармаларды тыңдағаннан, мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге, өз ойын айтуға үйрету. Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.

(коммуникативті дағдылар, көркем әдебиет, қазақ тілі, сөйлеуді дамыту)

Музыкалық аспаптармен ойындар. Балабақша туралы әндер тыңдау. (музыка)

Міндеттер. Музыкамен жүру мен жүгіруді ырғақты орындау, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жүру және шашырап жүруге үйрету. Музыканың басталуы мен аяқталуына сәйкес қимылдарды орындау, қимылдарды өз бетінше бастау және аяқтау. Би қимылдарын орындау сапасын жақсарту: кезек-кезек екі аяқпен және бір аяқпен секіру. Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындау.

Өнер бұрышында балабақшаны, ойыншықтарды мүсіндеу, жапсыру, суретін бояу. (шығармашылық дағдылар, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу)

Міндеттер. Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көгөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу.

Қолдың ұсақ және ірі моторикасын дамытатын ойындар. (құрастыру)

Міндеттер. Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру.

Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)

Отбасылық дәстүрлер туралы әңгімелесу.

Баланың отбасындағы тәртібі, оның әдеттері туралы әңгімелесу.

Балабақшадағы достарымен қарым-қатынасы туралы әңгімелесу.

Тамақтану және ұйықтау әдебі жайлы әңгімелесу.

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!