«Бала тілі -
бал»
( Ерте жас тобына арналған тілдер күніне
мерекелік іс-шара)
Мақсаты: балаларды ана
тіліміздің қасиетін, қадірін біліп, құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу,
танымдық қабілетін дамытып, Отанға, туған елге деген
сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу. Барлық баланы
бір-бірімен өз ана тілінде таза сөйлей білуге үйрету, өз ойларын
анық әрі толық жеткізе білуге дағдыландыру; тілдік сөйлеу әдептерін
қалыптастыру: есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін
дамыту.
Әуен ойнап тұрады. Балалар орындарына жайғасып
отырады.
Ана тілім- дана тілім,
айбарлым,
Сырың терең, тұнығындай
қайнардың.
Ана тілім – қасиетім
қастерлім,
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын – деп, ақындар
жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы,
сан ғасырлық тарихы бар қасиетті тілі мен өнеріне арналған «Бала
тілі бал» атты мерекелік іс-шарамызды
бастаймыз.
Әнұран
орындалады.
Балалардың назарын суретке
аудару.
-Суретте не көріп
тұрсыңдар?
Ана, бала, бесік.
-Дұрыс айтасыңдар. Бұл суретте баласын жұбатып
отырған ана, бесік бейнеленген.
Ана тіліміз ананың ақ сүтінен, әлдилеген бесік
жырын құлағымызға сіңіп, бойымызға дарыған екен. Әр халықтың өз
ұлты, өз тілі, салт-дәстүрі болады.
-Балалар, қандай меркені атап өтеміз? (тіл
мерекесін)
-Біз қай тілде сөйлейміз? (ана
тілімізде)
-Біздің ана тіліміз қандай тіл? (қазақ
тілі)
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар. 22
қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні. Қане, балалар осы
тіл мерекесіне ән-жыр тақпақтарымызды
арнайық.
Нұрайым. Ана тілім –
елдігім
Ана тілім –
ерлігім
Тілді биік
құрметтеп
Тойлап жатыр ел
бүгін.
Айгерім: Ақылыңдай
ананың
Асылындай сананың
Ана тілі - арымыз
Ақ сүтіндей
ананың.
Ерқосай: Ана тілім
менің
Әлдилеген әнім
Ана тілім - денім
Ана тілім -
дінім.
Жұбаныш: Ана тілің біліп
қой,
Бостандығың
теңдігін
Ана тілің біліп
қой,
Мақтанышың
елдігің.
Ойын: «Тақия
тастамақ»
Бекназар: Ақыл ойын
дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей
анамның.
Нұрай: Өзге тілдің бәрін
біл,
Өз тіліңді
құрметте.
Аянат: Ана сүті бой
өсіреді,
Ана тілі ой
өсіреді.
Айсезім: Ақыл көркі
-тіл,
Тілдің көркі-сөз.
Ойын: «Алақан
соқпақ»
Ойынға қатысушы балалар дөңгелене отырады.
Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.
Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді. Ол
тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі
қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын
атайды.Аты аталған ойыншы орнынан тұрып
алақанын
тосады. Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.
Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай
жинайды.
Қуыр-қуыр
қуырмаш.
Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр
шүмек, кішкентай бөбек. Мына жерде май бар, мына жерде шай бар,
мына жердеқұрт бар, мына жерде қатық бар, ал мынаааа жерде
қытық-қытық бар.
Тәрбиеші: Балалар, міне осы өлең-тақпақтарда
айтылғандай, өз тілімізді қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл
бар жерде, ұлт та, елде, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсымыз өз
ұлтымыздың тілін қадірлей білей