Материалдар / Ашық сабақ балабақша музыка сабағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ балабақша музыка сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызмет; Музыка Тақырыбы: Наурыз - көктем. Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз - қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру. Міндеті: Қазақтың ұлттық тағамдары, ән жыры, аспаптары, ұлттық ойындар жайлы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2022
275
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Автор: Дюсембаева Агнур Ерболатовна балабақша ортнғы топ балаларына арналған музыка сабағынан ашық сабақ.


Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызмет; Музыка

Тақырыбы: Наурыз - көктем.

Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз - қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.

Міндеті: Қазақтың ұлттық тағамдары, ән жыры, аспаптары, ұлттық ойындар жайлы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Наурыз ұлттық мереке екенін. Көктем айлары атын.

Түсінеді: Наурыз мерекесінде бір-біріне тілек айтуды.

Меңгереді: Ұлттық ойындар мен ұлттық тағамдарды.

Көрнекіліктер: Бейнетаспадан «Наурыз» мерекесі, көктем жайлы көрсету. Залды наурыз мерекесіне сай әсемдеу. Ағаштан жасалған аттар. Музыкалық аспаптар.

Қостілдік компонент: Көктем – весна. Музыкалық аспаптар – музыкальные инструменты.


Залға ұлттық киім киіп музыкамен балалар кіреді.

Сәлеметсіңдерме балалар.

Балалар сендер музыка сабағына келдіңдер. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақрыбы

Наурыз – көктем деп аталады.

Канекей шаттық шеңберімізді айтып алайық

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық (Мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасайды).

- жарайсыңдар балалар. Олай болса мен сендерді наурыз мерекесіне арнап құрылған киіз үйге қонаққа шақырамыз. Қанекей отрайық.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем.

- Көктем мезгілінің қай айы?

- Наурыз.

- Дұрыс айтасыңдар балалар,қазір көктем мезгілінің наурыз айы.

- Көктем мезгілі үш айдан тұрады.

- Олар Наурыз,Сәуір,Мамыр.

Ай аттарын балалар бірге қайталайды.

- Көктем мезгілінде табиғат қандай өзгеріске ұшырайды?

- Көктемде қар еріп,күн жылынады,ағаштар бүршік жарып алғашқы гүл –бәйшешек шығады.

Осыған байланысты мен сендерге әдемі бейнежазба дайындап қойып едім назарларыңды экранға аударыңдар.

Бейнежазба: «Наурыз - көктем»

Көктемде үлкендердің көмегімен балабақша ауласында гүл егеміз,ағаштардың түптерін қопсытамыз.

Көктем мезгілінің Наурыз айы адамдардың асыға күтетін мерекелерінің бірі.Бұрынғы кездің адамдары қыстан аман-есен өтіп,көктем мезгілінде қауышады екен.

Сондықтан Наурыз жыл басы деп аталады.Бұл күні барлық адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді..Бір-біріне «Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын» деген тілектер айтады.

- Балалар қараңдаршы,адамдар Наурыз мерекесін қарсы алып жатыр.

- Көптеген ағаш үйлер тігіліп,мереке тойланып жатыр.Бірнеше ұлттық ойындар ойнатылып,қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі-Наурызкөже пісіріліп жатыр.

- Балалар Наурызкөжені 7 түрлі тағамнан дайындайды екен.

«Наурыз мерекесінде үйге қаншама адамдар келіп,наурызкөжеден дәм татса,үй иесіне соншама жақсылық келеді» деген ниетпен адамдар бір-бірін қонаққа шақырады екен.

Балалар кім маған наурыз туралы тақпақ айтып береді екен?

Айзере

Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Бақыт , байлық әкелсін

Бүкіл қазақ еліне

Жарайсын рахмет саған отырағой.

Олай болса балалар наурыз мерекесіне арнап жаттаған өлеңімізді орындайық

Ән: «Наурызым»

Тамаша орындау рахмет балалар отырыңдар.

Балалар тыңдаңдаршы бізге қонақ келе ждатқан сияқты.

Музыкамен Алдар көсе келеді

Алдар көсе: Сәлеметсіңдерме балалар. Наурыз құтты болсын Ұлыс оң болсын ақ мол болсын.

Алдар көсе салеметсізбе төрлетіңіз дәмнен ауыз тиіңіз.

Алдар көсе: балалар сендер наурыз мерекесін тойлап жатсыңдарма?

Балалар: Иа

Алдар көсе: Жарайсыңдар балалар. Ал сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер ме? Қанекей атап өтейік. Қыз қуу, қол күрес, арқан тартыс, Тақия тастамақ, сақина салу, Теңге алу, көпар тарту, асық ату тб ойын түрлері бар.

Олай болса мен сендермен бір қызықты ойын ойнамақшымын. Ол ойын қыз қуу деп аталады.

Ұлттық ойын: «Қыз қуу» Балалар бірігіп Алдар көсемен ойнайды.

Тамаша қызықты ойын болды балалар.

Алдар көсе: тағы қандай өнерлерің бар?

Біздің балалар сізге арнап оркестрда ойнап бермекші тамашалаңыз.

«Көңілді оркестр»

Алдар көсе: рахмет балалар сендермен мереке көңілді екен.

Алдар көсе сіз бізбен бірге бой жазып билеп алыныз.

Қимыл – қозғалыс: «Кел Көкетай келеғой»

Алдар көсе: сендермен мереке қарсы алған маған қатты ұнады. Бірақ маған аулыма қайту керек. Қанекей балалар дастарханға отырыңдар мен сендерге бата берейін.

Бата беру. /Алдар көсе музыкамен шығып кетеді/

- Ал балалар бүгінгі біздін сабағымыз соңына таяп қалды. Сабақты қортындылайық

- Көктемде қандай өзгерістер болады екен?

- Көктем орысша қалай екен?

- Қар ериді.

- Қандай мереке тойлаймыз?

- Наурыз мерекесін.

- Наурыз көже неше түрлі тағамнан дайындалады?

- Жеті.

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!