Материалдар / Ашық сабақ Балабақшадағы алғашқы күн.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Балабақшадағы алғашқы күн.

Материал туралы қысқаша түсінік
Күтілетін нәтижелер: Жасайды: жаңа дыбыстарға сөз ойлап, сөйлем құрайды, суреттегі жетіспейтін жерлерді толықтырады; 1. Ұйымдастыру кезеңі Педагог тақтаға көркем сурет іліп, балалардан кімнің суретін көріп отырғандарын сұрайды. «Бала» сөзі «Б» дыбысынан басталып тұр. Кәне, бәріміз бірге «Б» деп айтайық. – Енді «П» дыбысын айтайық. "П" дыбысы парта сөзінде бірінші болып тұр. Екі дыбыс бір-біріне өте ұқсас дыбыстар. «Б» мен «П» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
1313
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы:Қатынас. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Балабақшадағы алғашқы күн.

Мақсаты: «Б» – «П» дыбыстарының ұқсастығын түсіндіру;

Міндеттері: 1. Балаларды әңгімені жалғастырып айтуға үйрету.

  1. Мазмұнды жалғастырту арқылы ой-қиялдарын дамыту.

  2. Баланы ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: жаңа дыбыстарға сөз ойлап, сөйлем құрайды, суреттегі жетіспейтін жерлерді толықтырады;

Түсінеді: "б" " п" дыбыстарының ұқсастығын;

Қолданады: әңгіме мазмұнын түсініп, жалғастырып айтады. Қолданылатын көрнекі құралдар: Көркем сурет, жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс: әп-сәтте.

Билингвалды компонент: әже бабушка, қыз девочка.


ҰОҚ барысы::

    1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог тақтаға көркем сурет іліп, балалардан кімнің суретін көріп отырғандарын сұрайды.

«Бала» сөзі «Б» дыбысынан басталып тұр. Кәне, бәріміз бірге «Б» деп айтайық.

  • Енді «П» дыбысын айтайық. "П" дыбысы парта сөзінде бірінші болып тұр. Екі дыбыс бір-біріне өте ұқсас дыбыстар. «Б» мен «П» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынандай: «Б» – «П» дыбыстары кішкене тіл ашық тұрып, дем ауыз арқылы қатты жұмылған еріндердің кілт ашылуынан сыртқа шығу нәтижесінде жасалады.

    1. Негізгі кезен. Педагог балаларға "б","п" дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтқызады.

Педагог «Б» дыбысының буын ішінде келетін сөздерге мысал келтіреді:

Ба-ба-ба – бала. Бо-бо-бо – бота Бө-бө-бө – бөрік. Табыл – дабыл. Бақа – бақбақ.


Педагог «П» дыбысының буын ішінде кездесетін сөздерге мысал келтіреді:

Па-па-па – парта.

Жа-па-лақ – жал-пақ. Па-рақ – жа-пы-рақ.

Педагог балаларға «бала», «парта», «бақа», «бақбақ» сөздеріне сөйлем құратады.

Сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыру

Клуб, штаб, араб, куб;

Мектеп, кәсіп, ғажайып, доп, нәсіп.

«Б» ұяң – дауыссыз, ал «п» дыбысы – қатаң дауыссыз.

Сергіту сәті

(Сергіту жаттығуларын А.С.Пушкиннің «Жел» өлеңімен жасатуға болады.)

Жел

Жел, жел, қалай сермейсің? Бұлтты үйіріп қуасың.

Көк теңіздей тербейсің, Дәйім соғып тұрасың. Жел теңіздей шарлайды, Кемеге тыным бермейді. Толқынмен бірге аунайды, Желкендерді кернейді.


  • Балалар, мен қазір сендерге Балжан атты қыз туралы әңгіме айтып беремін, әңгіменің соңын сендер өз ойларыңмен жалғастыруларың керек. Балабақшадағы алғашқы күн

Кішкентай Балжанды таңертең әжесі ұйқысынан оятты.

  • Сен бүгін балабақшаға барасың, онда сені жаңа достарың және апайың күтіп отыр,

  • деді әжесі.

Қуанып кеткен Балжан әп-сәтте дайын бола қалды.Өйткені оның үйде іші пысатын , әжесінің мазасын алатын. Балабақшаға баруды асыға күтіп жүрген еді. Әжесі қолынан жетектеп балабақшаға алып келді,тобына ертіп кірді.

    • Ал, балалар, әңгімені әрі қарай өз ойларыңмен жалғастырыңдар, Балжан балабақшада кімдермен танысты, нелерді көрді, балабақша Балжанға ұнады ма? Дәптермен жұмыс.

Бірнеше дәптердегі суреттердің жетіспейтін жерлерін толықтыру. Дәптердегі тапсырма орындалады.

Педагог балалардың тілін жаңылтпаш қайталату арқылы жаттықтырады: 1.Тебіншек ат – шегіншек.

  1. Шегіншек ат тебіншек.

  2. Қорытынды бөлім. Рефлексия

  • Балалар, бүгін қандай дыбыстармен таныстық?

    • Біз бүгін кім туралы әңгімеледік?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!