Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Баламен жеке жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Баламен жеке жұмыс

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту.
Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу.
Ата - ана, бала, тәрбиеші арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Ата - анамен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Топ ішілік ата - аналар жиналысы
Ата - аналармен жеке кездесу
Ата – аналарға тест және сауалнамалар
Ата - аналармен жеке жұмыстар жүргізу және кеңестер беру
Отбасына саяхат
Ата - аналарды тренинг ойындарға қатыстыру

Ата - аналарға кеңес: Ата - аналар бала - бақшада адаптация кезінде баласына қалай
көмектесе алады.
Психологтың кеңесі
Сіздің балаңыз бала бақшаға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап
өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады.
Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Бала бақшаға келген
күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді. Құндылықтарының өзгеруі бала
үшін стресс.
Бұл неден көрініс табады?
Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды;
Дене қызуы көтерілуі мүмкін;
Бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін;
Имунитетінің төмендеуі, саламағының азюы мүмкін.
Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Орта деңгейдегі
бейімделуде алғашқы айларында бала тұмаумен ауыруы мүмкін, ал ортаға қиын
бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін.
Осының барлығы баланың келесідей іс қимылдарынан байқалады: баланың тығылып
қалуы, қабылдау бөлмесінде отыруы, анасын қайта - қайта шақыру.

Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты:
Баланың жасына байланысты. 2 жасқа толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай
жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару
жеңілірек, айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай.
Баланың жасы мен денсаулығының жағдайына байланысты;
Баланың жекелеген ерекшелігіне байланысты;
Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты;
Бейімделуге деген дайындығына байланысты (баланың басқа ортаға қаншалықты барып
көргендігі, туысқандарына, демалысқа және де басқа жақтарға барып өзімен жасты
балалармен қаншалықты араласып көргендігіне байланысты).

Балаға басқа ортаға бейімделу кезінде қалай көмек беру керек?


Page 2

Кішкентай бала ата - анасымен тығыз байланыста болады. Бала қаншалықты кішкентай
болса, соншалықты ата - анасымен байланыс ол үшін маңызды болып табылады.
Сондықтан, баланың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын ата - анасы.
Баламен өзіне тікелей қатысты мәселелерді ашық талқылауды білу керек. Қазіргі уақытта
баланың өмірінде не болып жатыр, болашақта не болу мүмкін деген сұрақтардың жауабын
екеуара таба білуіңіз қажет. Баланың бала бақшаға тез бейімделіп кетуі үшін, сіз оған
алдын ала ақпарат беруіңіз керек. Оған өзінің құрдастарымен араласудың, қаншалықты
қазақ екендігін, бала жаңа нәрсе үйренетіндігін айтып көрсету керек. Ең алдымен бала
бақшаның іші сыртын толық балаға таныстырып көрсеткеніңіз дұрыс болады. Бұл
баланың бойындағы үрей қорқыныштың сейілуіне мүмкіндік береді.
Баламен оның күнделікті бала бақшаға баруын және оның өмірін бақылауда ұстағаныңыз
дұрыс. Бала анасының жанында бейтаныс адамдармен араласуды, оларға сұрақ қоюды
үйренеді. Осыдан кейін баланың бойында бала бақшаға келіп өзімен жасты балалармен
ойнауға, тәрбиешілермен сөйлесуге деген ынта пайда болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
09.02.2021
830
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12