Материалдар / Ашық сабақ "Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. "7-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. "7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 7-сыныпқа арналған. Сабақ қызықты құрылған,тапсырмалар жас ерекшелігіне сай.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2017
1400
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы§38 Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. № 6 зертханалық жұмыс.Тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Қабыршақтары бойынша балықтың жасын анықтау.Балықтың қаңқасын зерттеу. Балықтардың ішкі құрылысын зерттеу.Маукишева Роза Ораловна Биология пәнінен ашық сабақ жоспарыСынып: 7 «А»



Мақсаты1. Оқушыларға сүйекті балықтардың өзіне тән – ерекшеліктері туралы білім беру.2. Оқушыларға балықтың түрлері, отрядтары жөнінде ұғым бере отырып, ой - өрісін, іздену қабілетін дамыту.3. Оқушылардытабиғатты қорғауға, аялауға жанжануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижеОқушылар тақырыпты толық меңгереді, жоғары деңгейде ойлай алады,топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін қорғай алады,сыни ойлай білуге үйренеді,ақпаратты тиімді қолдана біледі
Оқуда қолданылатын әдіс- тәсілдерЖеке, жұппен жұмыс (сыни тұрғыдан ойлау),  әңгіме, нұсқау беру (қалай оқыту керектігін үйрету),демонстрация,  түсінік беру(ақпараттық коммуникациялық  технология),оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас, түсіндіру(диалогтік оқыту) биологиялық диктант,«Адасқан әріптер» ойсергек №6 зертханалық жұмыс.
Негізгі деректеркөздері.Р.Сәтімбекұлы «Хордалылар зоологиясы»
кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Ұйымдастыру

Қызығушылықтарын ояту. Тренинг. Өз атының бас әрпіне сәйкес сын есім айту. Мыс:Аманжол-ақылды,Диляра-дарынды,Мәулет-мейірімді,Айгерім- абыройлы,Гүлсім- гүлдей. Топқа бөліну ( жануарлардың аттары және олардың төлдері бойынша) мысық-марғау, ит-күшік, аю-қонжық т.б1 Үй тапсырмасын тексеру: Кезбе тілші әдісі арқылы сұрау. Әр топ топ мүшелерімен ақылдасып бір тілшіні сайлап, оған топпен ақылдасып сұрақтарын дайындап береді. Тілші келесі топ мүшелеріне сол сұрақтарды қояды.1.Сынып оқушыларын түгендеу,белгілеу анықтау2.Бағалау критерийімен таныстыру.Жинақталып сабаққа көңіл аудару.









Әр топ өз дұрыс жауаптарын белгілеп отырады
Жаңа сабақ (Жаңа сабақ материалы)

























ІІ. Мағынаны тану:





































Топтық жұмыс















































































































































































































Сергіту сәті. Зертханалық жұмыс:әр топ өз тапсырмаларын орындайды





























Сабақты бекіту















Ой қозғау:















Рефлексия









Кері байланыс: 

Бағалау:

Үйге тапсырма : 

-Балалар, бүгін сабақта қандай жануарлармен танысатынымызды білу үшін мына жұмбақты шешейікЖұмбақ Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,Сусыз оның күні жоқЖүріп кетсе соңында,Қалып жатқан ізі жоқ.Бұл не?-Сонымен бүгін абақта біз сендермен балықтар,олардың түрлерімен танысамыз. Сендер балықтар туралы не білесіңдер,соны тексеріп көрейік,ол үшін мына кестені толтырайық.ББҮ кестесін толтыруНе бiлемiн деп ойлайсыз /бiлемiн/ҮйрендiмБiлгiм келедi

Слайдпен жұмыс: балықтарға жалпы сипаттамаБалықтар – ең ежелгі омыртқалы жануарлар. Тіршілік ортасы – су. Жалпы балықтар саны 22 000-нан астады. Мөлшері, түсі, құрылысы және физиологиясы бойынша балықтар әр түрлі болады. Дене ұзындығы 1 см- ден 20 м- дейін. Массасы 10,5г –нан 12-14 тоннаға дейін болады. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология (грекше «ихтис» – балық, «логия» – ілім, ғылым) деп аталадыалықтардың денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек, құрсақ және дара арқа жүзбеқанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде сыңар құйрық және аналь жүзбеқанаттары бар. Терісі сыртынан қабыршақтар мен қапталған. Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.Балықтың жұп көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары дене тепе-теңдігін сақтайды. Балық осы жүзбеқанаттардың көмегімен судың беткі қабатына көтеріледі. Кейде тереңге түсіп, жан-жағына бұрылады. Арқа және аналь жүзбеқанаттары жүзіп жүргенде денесін қалыпты ұстауға көмектеседі. Құйрық жүзбеқанаттары бағыт береді.

«Галереяға ой шарлау» стратегиясы бойынша: үстелде жаңа тақырыпқа байланысты түрлі қосымша материалдар мен балықтардың суреттері бар,әр топ өздеріне қажеттісін алып,жоба жасайды.1-топ: сүйекті балықтар туралы2-топ: шеміршекті балықтар туралы1-топ материалдары:Сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы:Қазіргі таңда сүйекті балықтардың 20000 – нан астам түрі бар. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Кеуде бөлімінде – екі көзі, жұп танау тесігі бар. Терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналар сияқты сызықтар болады, осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратады. Желбезектері жұп – көкірек және құрсақ, тақ – арқа, құйрық және аналь желбезектер. Ішкі құрылысы:Сүйекті балықтардың қаңқасында майда сүйектер өте көп болады. Қаңқа бөліктері шеміршекті балықтарға ұқсас. Желбезектенің сырты желбезек қақпағымен жабылған. Ауыздары бас бөлімінің алдыңғы жағында орналасады. Жқсүйектерінде тістері орналасқан. Ауыз қуысы —- көлемді жұтқыншақ —- қысқа өңеш —- қарын —— аш ішек —- тоқ ішек —- тік ішек —- аналь тесігі. Бауыр мен ұйқыбез өзектері аш ішектің алджыңғы бөліміне ашылады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше – торсылдақ пайда болған. Ол балықтың дене салмағын өзгертуге, кейде түрлі дыбыстар шығаруға қатысады. Су түбінде тірішілік ететін сүйекті балықтарды торсылдақ болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалысымен байланысты. Қантарату жүйесі шеміршекті балықтармен ұқсас.- — екі қуысты жүрек, бір қанайналым шеңбері. Зәр шығару жүйесі — -екі бүйрек, екі несепағар жүйесі. Алғаш рет қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік өз алдына жеке ашылады. Миы шеміршекті балықтармен салыстырғанда кіші әрі қарапайым. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бір – бірімен түрлі дыбыстар шығару арқылы байланысады. Иіс сезу, дәм сезу, бүйір сызықтары шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтар негізінен дара жынысты, тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аналық бездерінде аналық жұмыртқа жасушасы – уылдырық , ал аталық безде сперматозоидтар – шоғал дамып жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, суға өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кейбір балықтар көбею үшін өрістейді, мысалы, теңізден өзенге, кейде керісінше. Кәсіптік маңызы бар балықтарды қолдан көбейтіп, өсіреді.Түрлері:сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар: сәулеқанаттылар және қалаққанаттылар 2-топ материалдары:Шеміршекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы:Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде 750-дей түрі бар. Қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар (скаттар) және тұтасбас (химера) балықтары жатады.Шеміршекті балықтарға тән белгілер: шеміршекті балықтардың дене пішіні барлығында бірдей емес. Акулалардың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан олар су түбінде мекендейді.Шеміршекті балықтардың денесін плакоидты қабыршақтар қаптайды. Бұл гректің «плакс – тақташа», «ейдос – пішінді» деген сөздерінен алынған термин. Өкілдері: акулалар,скаттар және тұтасбас( химералар)Шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектен түзілген. Бас қаңқасында ми сауыты, жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. Омыртқа жотасы – тұлға және құйрық бөлімдерінен құралады.Асқорыту мүшелері клоакамен бітеді. Клоака – тік ішектің кеңейген бөлігі.Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Омыртқалар арасында желі қалдығы сақталған. Омыртқа жотасы жұлынды қорғайды. Иық және жамбас белдеулері мен жұп көкірек, жұп құрсақ жүзбеқанаттарының қаңқасы айқын білінеді.Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері асқорыту жүйесін түзеді. Акуланың жағы шеміршекті әрі қозғалғыш. Жаққа ірі, үшкір тістер орналасады. Тілі нашар дамыған. Ауыз қуысы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа желбезек саңылаулары ашылады. Жұтқыншақ – өңешке, өңеш көлемді қарынға жалғасады. Аш ішегі қысқа, оған бауырдан келетін өт өзегі және ұйқы безінің өзегі ашылады. Аш ішек тікелей тоқ ішекпен байланысқан. Тоқ ішегі жуан. Ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтатын қатпарлары болады. Акуланың тік ішегі клоакаға ашылады.Шеміршекті балықтардың тынысалу мүшесі – желбезектер. Желбезектерінде желбезек доғалары, желбезекаралық перде және желбезек шашақтары болады. Желбезек доғаларының саны 5 жұп. Желбезек шашақтарын ұсақ – қылтамырлар (капиллярлар) торлап жатады.Акуланың иіс сезу мүшесі өте жақсы дамыған. Қанның иісін 0,5 шақырымнан сезе алады. Көз қасаң қабығы – жазық, көзбұршағы шар пішінді болып келеді. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Бүйір сызығы да жақсы дамыған. Шеміршекті балықтар даражынысты. Аталықтарында – жұп тұқым жолы, ал аналықтарында жұп жұмыртқа жолы болады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Аналықтары ұрықтанған уылдырық шашады, ал кей түрлері тірі шабақтайды. Уылдырықтарының саны аз. Кей түрлері ұрпақтарына қамқорлық жасайды.Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді. Олар: тақта желбезектілер және тұтасбастылар деп аталады.«Қаңқалар биі»Балықтардың сыртқы құрылысы. №  6    Зертханалық жұмысЖұмыс барысы:1-топ: аквариумдағы тірі балықты зерттейдіБанкадағы жүзіп жатқан балықтарға қарап,  дене пішінін анықтандар. Балықтар тіршілігінде ол қандай маңызы бар?Балықтың басын, тұлғасын және құйрығын анықтаңдар. Басын бұра алама? Қандай қорытынды жасауға болады?Балықтын түсіне қарандар. Арқа мен құрсағында бірдей ме? Оның маңызы неде?2-топ: мөңке балығының сыртқы құрылысын зерттейдіҚабыршақтары қалай орналасқанына қарандар. Сипаттандар.Балықтың басында танауларын табындар. Көздерін қараңдар. Желбезек қақпағын табындар.  Оның қозғалуына назар аударындар. Денесінде жүзбеқанаттарды табындар.  Жұп және тақ жүзбеқанаттарын анықтандар. Денесінің екі бүйірінен- бүйір сызығы өтеді. Соны табындар.Сыртқы құрылысы бойынша қорытынды жасандар.

Биологиялық диктант1)…… түрі бар.2)……тіршілік етуге бейімделген.3)Дене жабыны қабыршақтармен қапталған.Денесінің бүйірінде судың бағытын анықтайтын …….орналасқан. 4) Жұп және сыңар ….. бар.5) Тыныс алу мүшесі-……6)Жүрегі …….. камералы.7)………. қанайналым шеңберлі. Тапсырма : Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра.Хабхат.............................бахтахБатан.............................табанКеңөм..............................мөңке.Азанс.............................сазанІебрек..............................бекіреНартош............................шортанСабақты қорыту:Бүгін сабақта білгеннің қайсысы сендерге таныс болды?Не сендер үшін жаңалық болды?Қай тапсырмалар сендердің көңілдеріңнен шықты,не ұнады? Неліктен?2 жұлдыз, 1 тілек әдісіСтикерлерді алып ,артына осы сабаққа деген оқушылардың пікірлері,ұсыныстарын жазулары керек. Әр оқушыға сабақ барсында дұрыс жауапқа смайликтер таратылып отырады ,сабақ соңында соларды санап,бағалау

§38 оқу. Эссе «Егер мен ихтиолог болсам......»










Балық









Кесте толтыру







презентация







































(постер қорғайды)













































































































































































































қимыл -қозғалыс жасайды

дәптерге жазу



































578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!