Материалдар / Ашық сабақ "Батик. Матаға сурет салу өнерімен танысу" 8-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Батик. Матаға сурет салу өнерімен танысу" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
1874
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі























Батик. Матаға сурет салу өнерімен танысу

8-сынып

















Өткізген: Кадырова А.Ж.

































2017-2018 оқу жылы

№24Күні: 28.02.18Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: Батик. Матаға сурет салу өнерімен танысуСабақтың мақсаты:• Оқушыларға батик өнерінің шығу тарихы туралы мағлұмат беру;• Оқушыларға батиктің жасалу технологиясын үйрету.Күтілетін нәтиже:Оқушылар батиктің не екенін біледі;Оқушылар батикті жасаудың ерекшелігін анықтайды;Оқушылар суық батик тәсілімен сурет салуды үйренеді.Сабақтың түрі: араласСабақтың әдіс - тәсілдері: мәтінмен жұмыс, өз бетімен жұмыс, практикалық жұмыс, рефлексия.Сабақтың ресурстары: Интерактивті тақта, дайын батик үлгілері, қағаз, акрил бояулары, қылқаламдар, керілген мата, стикерлер, бағалау парағыПәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, химияСабақтың басы:Ұйымдастыру кезеңі: «Аялы алақан» тренингіӨткен сабақты қайталап еске түсіру, жаңа тақырыпты ашу
  • Француз тілінен аударғанда «ішкі» деген мағынаны беретін сөз?
  • Латын тілінен аударғанда «құрастыру, жинақтау, байланыстыру» деген мағынаны білдіретін сөз?
  • Тұрғын үй интерьерінің композициясы дегеніміз не?
  • Функционалдық аумақ дегеніміз не?
  • Үй ішінің сәндік жасауларына нелер жатады?Сабақтың ортасы:
Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс1-оқушы: Батиктің шығу тарихы2-оқушы: Батиктің түрлері3-оқушы: Батик орындауға қажетті құралдар мен жабдықтар4-оқушы: Батиктің қолданылу аясы5-оқушы: Батик техникасында қолданылатын қауіпсіздік ережелері Батиктің отаны Индонезия. Индонезия халықтары тілінен аударғанда «Ba» - мата, ал «tik» - тамшы, нүкте дегенді білдіреді. Батик - матаны ерекше әшекейлеу, сурет салу, оны нүктелермен толтыру немесе штрихтеу дегенді білдіреді. Көптеген әлем халықтары, әсіресе үнділер, қытайлар, мысырлықтар, перуандықтар бұл өнерді ерте кезден дамытқан. Бірақ батик өнері ең жоғары деңгейде көркемдікке және техникалық әсемдікке тек Явада жеткен. Явалық батикке бүкіл әлем таң қалады, ал индонезиялықтар оны қарапайым зат ретінде қабылдайды. Сондай-ақ, батик Ява, Бали, Индонезия аралдары тұрғындарының күнделікті дәстүрлі киімінде пайдаланылады. Батикке салынатын өрнектер алуан түрлі – он мың астам түрі бар. Көпшілігі ежелден келе жатқан өрнектер. Өте кең тараған - өмір қуанышы өрнегі: құстарды, көбелектерді, гүлдерді, жемістерді бейнелегенде, бояу ерекше үйлесім тапқан. Сондай - ақ батиктердемифтік Гаруд құсының бейнесі көбірек кездеседі. Батикке салынған суреттер бірнеше түрге бөлінеді: геометриялық, түрлі денелер, өсімдіктер бейнесіндегі өрнектер.Батиктің түрлері: Суық батик – боялатын бөліктерді бір-бірінен бөлу үшін суреттің жиектеріне резервпен арнайы жиек жүргізілетін сурет салу тәсілі.Ыстық батик – мата бетіне еріген балауызбен және бояумен сурет салу тәсілі.Түйінді батик – бүктелген немесе түрлі тәсілдермен түйіндеп байланған мата бояуға салынатын немесе сол мата бетіне бояу жағылатын сурет салу тәсілі.Еркін батик – сурет салудың бұл түрі дәстүрлі ыстық және суық батикке қарағанда кескіндемеге көбірек ұқсайды. Еркін батикте сурет бұдырланған мата бетіне салынып, бояуы жайылып кетпей бастапқы қалпын сақтайды.Жұмыс орнын дайындауБатик жасау үшін қажетті құрал-жабдықтар:Жақтау - бұл айлабұйымды сатып алуға немесе қажет өлшемде қолдан жасап алуға болады.Батик жасауға пайдаланатын маталар. Мақта мата (бөз, шыт, шифон) маталары. Біз бүгінгі «суық» батигімізде мақта матасын қолданамыз.Бояулар. Матаға арналған акрил бояулары.Қылқаламдар: қатты қылқаламдар және жұмсақ қылқаламдар.Балауыз: дайын балауыз (резерв).Үтік: дайын бұйымда үтіктеу үшін.Қорғаныш киімдері: химиялық қоспаларды қолданғанда қолыңның терісін сақтау үшін резенке бес саусақ қолғап. Әр түрлі бояуларды қолданғанда алжапқыш кию міндетті, олар бояулардан дақ түспеу үшін киіледі. Қылқаламдарды сүртіп отыру үшін қиық маталар.Батикпен жұмыс жасағанда қолданылатын қауіпсіздік ережелері:
  • Үстіңе арнайы қорғаныш киімін, қолыңа резина қолғап ки.
  • Өткір және кескіш құралдармен жұмыс жасағанда абай бол
  • Зиянды бояғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін сақта.
  • Резервпен және үтікпен жұмыс жасағанда абай бол.
  • Резервпен, батик бояуларымен жұмыс істеп болған соң бөлмені желдету қажет.
Батиктің қолданылу аясы:Қазіргі кезде батик көптеген салаларда кеңінен қолданылады. Тоқыма матаның пластикасы мен фактурасы, қайталанбас өрнектер мен суреттердің комбинациясы, матаға бояуды жағудың әр түрлі тәсілдерінің үйлесімі батикті киімнен бастап интерьерді безендіруге дейінгі аралықта қолдануға мүмкіндік береді.Тапсырма: Суық батикті орындаудың нұсқаулық-технологиялық картасын дайындау.

Нұсқаулық-технологиялық картаСуық батикті орындау
Орындалу реттілігіГрафикалық бейнесі
1Матаны жақтауға кереміз
2Нақты өлшеммен бұйымның суретін (эскизін) салу
3Суретті жай қарындашпен мата үстіне көшіреміз

4Сурет сызықтарын резервпен жүргіземіз, резервтің кебуін күтеміз

5Бояуды бастаймыз. Контур ішіндегі суретті сулаймыз. Бірінші ашық түстермен, содан соң қою түспен бояймыз, кептіреміз

6Жұмыстың аяғында суретті ыстық үтікпен бояудың беріктігін күшейтеміз



Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру Практикалық жұмыс. Нұсқаулық-технологиялық карта бойынша жұмыс жасау«Суық» тәсілімен мата үстіне батик суретін салу.• Нақты өлшеммен бұйымның суретін (эскизін) салу.• Қыстырмалы кнопка арқылы матаны кереміз. Керілген мата мықты және берік болу керек.• Суретті жай қарындашпен мата үстіне көшіреміз.• Сурет сызықтарын резервпен жүргіземіз.• Бояуды бастаймыз. Контур ішіндегі суретті сулаймыз. Бірінші ашық түстермен, содан соң қою түспен бояймыз.• Гүлдерді бояп болған соң жапырақтарға көшеміз.• Жұмыстың аяғында матаға арналған контурмен безендіреміз.• Жұмыстың аяғында суретті ыстық үтікпен бояудың беріктігін күшейтеміз.Сабақтың аяғы:Рефлексия.



Бағалау: Бағалау парағы бойынша бағалауҮйге тапсырма: Батик техникасында сурет салатын Қазақстан суретшілері туралы презентация дайындау, жұмысты жалғастыру.



Индонезияның Ява аралдарынан бастау алған батик өнері Қазақстанда да дамып келеді. Көздің жауын алатын ұлттық нақыштағы туындыларды қазір еліміздің көрмелерінен кездестіруге болады. Картиналары Ресей, Түркия, Кипрде қойылған Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Камила Жапалова Baq.kz тілшісіне батик өнері жайлы айтып берді.«Батик өнері 7-8 ғасырларда Индонезия мен Қытай елдерінде пайда болған. Сол мемлекеттерден Еуропаға, Ресейге тараған, кейін біздің елге де келген. Өзім батик өнерінің техникасын Ресейде оқып, меңгеріп келдім. Ал қазір елімізде қазақы нақыштағы туындыларды жасап жүрмін. Осы іспен айналысқаныма 30 жылдай уақыт болып қалды. Батик бұрын Қазақстанда болмаған өнер болса да шетелдіктердің көбі ою-өрнектерді көріп, қазақтың өнері деп ойлап қалады», - дейді Жапалова.Оның айтуынша, суреттер жібек матаға салынады. Батик өнеріне таза жібек мата мен арнайы сапалы бояу қажет болғандықтан, материалдар көбінесе шетелден әкелінеді.«Материал сапалы болған сайын, сурет те әдемі шығады, құны да жоғары болады. Картиналарымның бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ал ең қымбаты 5 мың долларға сатылған болатын. Қазір жеке қорымда 50 шақты еңбегім бар. Олар сатылмайды, бұл туындылар аса бағалы», - деп әңгімеледі Камила Әбенқызы.Камила Жапалова дизайнерлікпен айналысып, киімге ою-өрнек салатынын да айтты. Бірқатар халықаралық сән фестивалінде көйлек үлгілері көпшілік назарына ұсынылған екен.«Мен туындыларымды қазақы нақышта жасаймын. Осы арқылы бүкіл тарихымыз, дәстүріміз, мәдениетіміз бен өнерімізді қамтимын. Менде «Бітпес өмір», «Шаңырақ», «Арман», «Мақсат» сияқты болашақпен байланысты жарқын, позитивті еңбектер көп. Сұраныс та жоғары. Әсіресе, шетелдіктер қызығып алады. Жалпы, елімізде ұлттық нақыштағы батик өнері ақырындап болсын дамып келеді. Өзім осы саланы әрі қарай көркейту үшін жастарға үйретіп жүрмін. Атырау қаласындағы университетте сабақ беремін, шәкірттерім жеткілікті. Батик сияқты әдемі өнер түрі елімізде дамуы тиіс», - деп түйіндеді Камила Жапалова.Атап өтсек, батик - матаны ерекше әшекейлеу, сурет салу, оны нүктелермен толтыру немесе штрихтеу дегенді білдіреді. «Ba - tik» сөзіндегі «Ba» - мата, ал «tik» - тамшы, нүкте дегенді білдіреді. Көптеген әлем халықтары, әсіресе үнділер, қытайлар, мысырлықтар, перуандықтар бұл өнерді ерте кезден дамытқан. Бірақ батик өнері ең жоғары деңгейде көркемдікке және техникалық әсемдікке тек Явада жеткен. Явалық батикке бүкіл әлем таң қалады, ал индонезиялықтар оны қарапайым зат ретінде қабылдайды. Сондай-ақ, батик Ява, Бали, Индонезия аралдары тұрғындарының күнделікті дәстүрлі киімінде пайдаланылады.

















Нұсқаулық-технологиялық картаСуық батикті орындау

Орындалу реттілігіГрафикалық бейнесі
1Матаны жақтауға кереміз
2Нақты өлшеммен бұйымның суретін (эскизін) салу
3Суретті жай қарындашпен мата үстіне көшіреміз

4Сурет сызықтарын резервпен жүргіземіз, резервтің кебуін күтеміз

5Бояуды бастаймыз. Контур ішіндегі суретті сулаймыз. Бірінші ашық түстермен, содан соң қою түспен бояймыз, кептіреміз

6Жұмыстың аяғында суретті ыстық үтікпен бояудың беріктігін күшейтеміз





Батиктің шығу тарихыБатиктің отаны – Индонезия. Индонезия халықтары тілінен аударғанда «Ba» - мата, ал «tik» - тамшы, нүкте дегенді білдіреді. Батик - матаны ерекше әшекейлеу, сурет салу, оны нүктелермен толтыру немесе штрихтеу дегенді білдіреді. Көптеген әлем халықтары, әсіресе үнділер, қытайлар, мысырлықтар, перуандықтар бұл өнерді ерте кезден дамытқан. Бірақ батик өнері ең жоғары деңгейде көркемдікке және техникалық әсемдікке тек Явада жеткен. Явалық батикке бүкіл әлем таң қалады, ал индонезиялықтар оны қарапайым зат ретінде қабылдайды. Сондай-ақ, батик Ява, Бали, Индонезия аралдары тұрғындарының күнделікті дәстүрлі киімінде пайдаланылады. Батикке салынатын өрнектер алуан түрлі – он мың астам түрі бар. Көпшілі
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!