Материалдар / Ашық сабақ Бауырмалдық және кең пейілдік 6 сынып

Ашық сабақ Бауырмалдық және кең пейілдік 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2019
626
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бауырмалдық және кең пейілділік

Мақсаты: Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық сияқты адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беріп, олардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық сезімдерін дамыту. Міндеттері: - Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық ұғымдары туралы түсінік беру; - Оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың қамқорлық сезімдерін дамытуға ықпал ету. - Оқушыларды көпшіл, қамқор болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: аудиокассета. Шаттық шеңберіМұғалім балалармен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер құрып, Н.Шәкеновтің «Кел, достар» өлеңін айтады. Кел, достар Сөзі Н.Шәкеновтікі Әні Б.Байқадамовтікі Әңгімелесу Балалардың өзіндік ой-пікірін өзгелермен ашық та еркін бөлісуіне қажетті алғышарттар жасау мақсатында балалармен әңгімелесу, пікір алмасу ұйымдастырылады. Мұғалім бұл сабақта «Кең пейілділік», «Бауырмалдық» сөздерінің мағыналарын ашып, жан-жақты тиянақтап түсіндіруге күш салуы тиіс. Сөз мағынасын түсіндіріп, анықтап алуда мынадай әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. «Кең пейілділік», «Бауырмалдық» сөздерінің мағыналарын анықтауда синонимдік тәсіл тиімді болады. Яғни қарастырылып отырған сөздің синонимдерін табу немесе ұқсас сөздерді табу. Мысалы: Бауырмалдық, кең пейілділік, туысшылдық. Бұл әдіс алынып отырған құндылықты терең және жан-жақты түсінуге тиімді. Мұғалім сабақта талқыланып отырған түсініктің мағыналарын үстемелей анықтап, аша түсу үшін – антонимдік тәсілді де пайдалануға болады. Яғни мұғалім оқушыларға қарастырылып отырған сөздің антонимдерін немесе қарама-қарсы сөздерді табуды тапсырады. Мысалы: Бауырмалдық, тасбауыр және т.б. «Кең пейілділік» сөзін естігенде сендерге қандай ой түседі?Бауырмалдық дегенді қалай түсінесіңдер?Кең пейілдік, бауырмалдық қасиеттерінен қандай ұқсастық байқайсыңдар?Оқу ақпараты «Ойланайық, пікірлесейік» әдістемелік тәсіліндегі оқушылардың жеке пікірлерін жинақтап, жүйелеп, тиянақтау мақсатымен мұғалім балалардың назарын оқулықта берілген жаңа ақпараттағы мәтінге аударады. Адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы – бауырмалдықты білдіреді. Ол – адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту, оларды жақын санап, қамқорлық көрсету, жатсынбау, көпшіл болудан көрінеді. Кең пейілділік – адам бойындағы ізгі қасиетті білдіретін ұғым. Қазақ халқында айналасына жайлы, қолы ашық адамдарды алды кең, пейілі жомарт деп атайды. Кең пейілділік пен бауырмалдық адамдарды татулыққа, бірлікке, ынтымаққа жетелейді. Мәтінмен жұмыс Адамдардың жан жылуы, мейірбандылығы мен бауырмалдығын көрсету мақсатында оқулықта «Оқып үйренейік» айдарымен берілген мәтін оқытылады. Бір атаның балалары (Повестен үзінді) М.Мағауин Тапсырма Оқулықта ұқсас нәрселерді салыстыру яғни, ойлау формасы аналогия арқылы жасалған тапсырма бауырмалдық түсінігін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Тапсырмада бауырмалдық түсінігіне жақын, туыстас қасиеттерді (туысқандық, ағайыншылық, жақсы көру сезімі, кеңдік, кеңпейілділік, бір-біріне деген мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық) білдіретін бірнеше сөз тіркестері беріліп, оларды өзара салыстыра отырып, бауырмалдық түсінігін тереңірек түсіндіру көзделеді. Оқулықта тапсырма былай берілген: Төмендегі сөз тіркестерінің қайсысын бауырмалдық деп айтар едіңдер. Неліктен? Ата-ана қамқорындай оның сөзі Баянның жүйе-жүйесін босатып жіберді. Дарханның жақсы азамат болуына бар жан-тәніммен тілектес едім. Ғазиздың істеген ісі барлығын сүйіндіріп тастады. Қолда мал жоқ болғанымен, көңілім бай, байлығым, жомарттығым Атымтайдай. Біз бар ұлттың өкілдерін бауырымызға басып үйренген халықпыз. Тағдырымыз солай болып, жан-жақтан келгендердің бәрін қабылдадық, сөйтіп, көпұлтты елге айналдық.Дәйексөз Сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында оқулықта Ш.Құдайбердиевтің төмендегідей қанатты сөзі берілген: Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ-жүректен шығады. Оқушылардың өз пікірлерін жүйелі айтуы үшін дәйексөзді көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылатуға болады. Оқушыларға өз ойларын төмендегі бірізділікті сақтай отырып, айту ұсынылады. Мұғалім балалардың пікірінің әр түрлі болатынын есінен шығармауы тиіс. Көзқарас. Оқушы өз көзқарасын айтады. «Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық – ақ жүректен шығады». Себебі. Оқушы өзінің бұлай ойлау себептерін көрсетеді. «Адал, пейілі кең, ниеті адал, арамдығы жоқ, көңілі таза адамдар ешкімге жамандық жасамайды, жүрегі сүйіспеншілікке толы болады». Мысал. Оқушы мысал келтіреді. «Менің осындай ақ жүрек, адал ағам бар». Жалпылау. Оқушы өз дәлелін талдап қорытады. «Ақ жүрек адам өзгенің жетістігіне, қуанып, бақытына өз жетістігі мен игілік-бақытындай көріп, қуанатындықтан, басқалар да оған осылай жауап береді, қуаныш, сүйіспеншілік сыйлайды. «Ізгі істен ізгілік туындайды» деген осы». Жүректен жүрекке Сыныптағы балаларды бір-бірінің бойынан бауырмалдықты, ізгілікті, жақсылықты көріп, оны бағалай білуге және жасай білуге үйрету мақсатында жүректен жүрекке шеңберін төмендегідей ұйымдастыруға болады. Балалар шеңбер құрып, көздерін жұмады. Мұғалім жайлы музыка қойып, оқушыларға жер бетінде қалықтап ұшып жүрген бақыт құсын көз алдыларына елестетуді ұсынады. Ол құс жаныңда жүрген адамдардың бойындағы бауырмалдық, жақсылық, мейірім, ізгілік сияқты жақсы қасиеттерді көріп, бағалай білуге үйретеді екен. Мұғалім оқушыларға бақыт құсының әрқайсысына келіп қонғандығын айтады. Содан кейін мұғалім музыканың үнін бәсеңдетіп, балалар көздерін ашып, бір-бірлеріне қарап, естеріне түскен жақсылықты сыныптастарының есімін айтпастан, әңгімелейді. Қалған оқушылар бұл мадақтаудың кімнің атына айтылып жатқандығын табуы тиіс.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ