Материалдар / Ашық сабақ Базар жырау Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығы» , «Базар жыраудың термесі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Базар жырау Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығы» , «Базар жыраудың термесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «Базар жырау Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығы» , «Базар жыраудың термесі» Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының термелерін толық түсіндіре отырып, меңерту. Базар жырау туралы мәлімет беру арқылы, өмірбаянына тоқталу. Білімділік: Халық термелерін және Базар жырауды таныта отырып, оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыра дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2022
612
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары ______ С.Ғ.Ибраева

«___» _____________ 2022 ж.


Пән аты : Халық әні-терме

Оқытушының аты-жөні : Идирова Жадыра Саматқызы

Оқушының аты –жөні : Мақсатқызы Айкөркем

Сыныбы : 2



Сабақтың тақырыбы: «Базар жырау Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығы» , «Базар жыраудың термесі»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының термелерін толық түсіндіре отырып, меңерту. Базар жырау туралы мәлімет беру арқылы, өмірбаянына тоқталу.

Білімділік: Халық термелерін және Базар жырауды таныта отырып, оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыра дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға ұлттық халықтың темелерін, жырауларын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Термешілер суреттері, Базар жыраудың портреті.

Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: Ауызша түсіндіру, сұрақ - жауап, домбырада саусаққа қарап үйрету әдісі, ойландыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Көрнекілігі: Портрет, кітаптар, домбыра, үнтаспа, ноутбук

Қажетті құралдар: Домбыра, үнтаспа, нақыл сөздер, СД-дискасы. Сабақтың нақыл сөзі: Ақыл, нақыл, өсиет.( Оқушыларға халық термелерін ақылы арқылы түсіндіре отырып, нақылымен шешудегі шеберлігін тану, халық музыкасы мен жырауларын ата-бабасының өсиетін, өмірлік қадір тұтуға үйрету).

Жоспары:

  1. Базар жырау Оңдасұлының өмірбаянымен таныстыру. 2. Базар жырау Оңдасұлының шығармашылығымен таныстыру. 3. "Базар жырау термесі" талдау. 4.Қорытындылау, бағалау.

    Сабақтың жүру барысы:

    І. Ұйымдастыру бөлімі:

а / Сәлемдесу.

б /Аспаптың құлақ бұрауын келтіру.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


1.Халық әні «Ақ айша» әнін жатқа сұрау.
2.Әндердің мазмұн мағынасын сұрап, қате кеткен жерін түзету.

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

«Терме дегеніміз не?» Терме дегеніміз? Ақылымен нақылы бар өлеңді әуен. Терме атауы қазақтың «тер»,«теру» сөзінен шыққан. Терме жеті, сегіз буынды жыр үлгісінде болады. Онда күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жайттар айтылады. Терме балаларды ата-бабасының өсиетін, өмірлік қағидасын қадір тұтуға үйретеді. Әннің әуені болса, терменің де өзіне тән мақамы (әуені) бар. Ол белгілі ырғақпен орындалады.Терме айтушы термені көбіне домбыраға қосып орындайды. Термені орындайтын адамды термеші деп атайды. Терме нені жырлайды? Адамгершілікпен, зұлымдылықты Әдлетіттілікт пен әдлетсіздікті Жаман мен жақсыны Күнделікті өмірлік қағидаларды жырлайды.

Базар жырау Ұста, ақылшы ақын Жырау орындаушы шешен Базар жырау Оңдасынұлының көптеген жыраулары бар.

Атап айтсақ: 1 Әр нәрсенің парқы бар.

2 Топқа түскендегі толғау.

3 Жақсыдан жақсы туар.

4 Халқым бір тыңда.

5 Дүние-мейман көңілім.


Базар Жырау Оңдасұлы Балқы Базар 1842, қазіргі Қармақшы ауданы ауыл – 1911, ӨзбекстанТамды ауданы Жалпақтау деген жерде дүниеге келген. Руы – Шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар жырау аталып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылна сол кездегі Сыр бойыАрқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады. Базар жырау 15 – 16 жасында бала жырау атанады. 1858 жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұлан-ғайыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, ЫрғызСыр бойы, Қызылқұмды,  Үргеніш Хиуа  жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көроғлы», «Жүсіп – Ахмет», т.б.) қазақ тілінде жырлап, Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна – тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан баспадан шыққан «Айман – Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап, ел арасына таратады. Мұның өзі Базар жыраудың нәзирашылдық жолды ұстанғанын байқатады. Жыраудың сол кездегі шығыс және ислам философиясымен жақсы таныс болғандығы анықаласы «Әр кемелге – бір зауал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кермиық», т.б. іргелі толғауларында ол өмір¬дің мән-мағынасына көз жүгіртеді, тіршілікте кездесетін жақсылық пен жамандық, адамшылық пен зұлымдық хақында тереңнен ой толғайды. Оның жырлары афоризм¬ге толы, жырау ел аузында айтылып жүрген мақалдарды өз елегінен өткізіп, қайтадан түрлендіріп, әрлеп, кейде тіптен басқаша мағына беріп, асқан шеберлікпен қолданады. Сонымен қатар Лұқпан хакімҚорқыт бабалардың да өнегелі сөздерін ретті жерінде жырға қосып отырады. Жыраудың жастық шақ, табиғаттың әртүрлі маусымы, туып-өскен жер, т.б. жайлы шығарған толғау-термелері де көп. Сараң байларға, қиянатшыл әкімдерге, арнаған сын-сықаққа толы, қазақтың ауызекі поэзиясындағы арнау-эпиграмма жанрында шығарылған бірқақпайлары да жетерлік. Базар жырау домбыраны өте жақсы тартқан, Сыр бойында таралып жүрген, көпке ортақ әуендерді өз даусына лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп қолданған. Оның жырлау сазы өте әсем, қисса мен толғауларды орындағанда неше түрлі құбылып отырады. Бұдан жыраудың сазгерлік қабілетінің де болғанын аңдаймыз. Жырау көзі тірісінде, әсіресе, қартайған шағында құрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген оқыған баласына ауызша айтып отырып, көп толғау-жырларын, дастандарын хатқа түсірткен. Жыраудың өз айтуымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған. Базар жырауды көзі тірісінде-ақ Сыр бойының жыраулары мен шайырлары өздеріне ұстаз тұтқан, оның өнегесін ұстанған. Базар жыраудың өлеңдері 20 ғ-да ғана баспа бетін көре бастады. 1925 жылы Ташкенттен шыққан «Терме» жинағына, 1931 жылы жарық көрген «Қазақтың әдебиет нұсқалары» атты кітаптарға енді. Оның шығармаларына С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, аса жоғары баға беріп, Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау алыбы деп таныған. Жырау шығармаларын жинастыруда Ә. Диваев, Сейфуллин, Ә. Марғұлан, Ә. Қайнарбаев үлкен еңбек сіңірді.


V. (Үнтаспа тыңдалады).

VІ. Базар жыраудың термесі

VІІ. Қорытынды бөлім: Әуенді тап «ТЕРМЕ»

  1. Алтынбек Қоразбаевтың шәкірті кім? (Тоқтар Серіков)

  2. Атамекен әнінің авторы кім? (Ескендір Хасанғалиев )

  3. Дариға дәурен әнін орындайтын әнші ? (Рамазан Стамғазиев)

  4. Дәстүрлі ән өнерінің майталманы атырау қаласы бойынша кім? (Мекес Төрешов)

  5. Ана қадірі әнінің авторы және орындаушысы ? (Еркін Нұржанов)


VІІІ. Үйге тапсырма

Базар жыраудың өмірбаяны туралы оқып келу.

Базар жырау термесін талдау. Бағалау.































Дамбы өнер мектебі







Shape1



Тақырыбы: « «Базар жырау Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығы» , «Базар жыраудың термесі»







Орындаған: Ән-терме мамандығының

мұғалімі : Идирова Жадыра Саматқызы


Оқушы : Мақсатқызы Айкөркем

2 - сынып







21 ақпан

Атырау 2022 жыл


1.Ар жетім болар егерде

Арыңды біреу майласа

Бақ жетім болар егерде

Бағыңды біреу байласа

Сөз жетім боларда егерде

Көз жетім болар егерде

Көз қырын ешкім салмаса


2.Ән жетім болар егерде

Әніңе құлақ салмаса

Сыр жетім болар егерде

Сырласар ешкім қалмаса

Қыр жетім болар егерде

Қыратта гүлдер толмаса

Көл жетім болар егерде

Қиқулап құстар қонбаса


3.Дау жетім болар егерде

Төрелігін таппаса

Адал істі арам деп

Аяққа басып таптаса

Сәбилер жетім егерде

Ертеде кетсе анасы

Жүректе қалар мәңгілік

Жетімдіктің жарасы.


4.Арамза болса алғаның

Бәлеге әбден қалғаның

Шоғына күйіп мазақтың

Маздаған отқа жанғаның

Осындай жандар кездессе

Тістеулі кетер бармағың

Басыңа қиын іс түссе

Шайнауда кетер бармағың.


5.Бүлік сөз айтып туысқа

Бекерге одан суыспа

Түбі бірге кетпейді

Көңілін тауып ұғысса

Жүректе жатса арамдық

Табылмас одан адалдық

Абайламай сөз айтсаң

Алдыңнан шығар жамандық


6.Уақыт алға озады

Бастағы дәурен тозады

Көктемің кетіп, күз келіп

Сарғайып өңің солады

Табиғат заңы қатал-ай

Кейде бір жанға батады

Мезгілсіз кетіп дүниеден

Маңғаздар түзде жатады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!