Материалдар / ашық сабақ Белдемшенің жоғарғы және төменгі қиығын өңдеу 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ Белдемшенің жоғарғы және төменгі қиығын өңдеу 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
технология пәні мұғалімдеріне, студенттерге 8 сынып бағдарламасы бойынша белдемшені өңдеу жолдары туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
998
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

17. сынып:8

Сабақтың тақырыбы: Белдемшенің жоғарғы және төменгі етегін өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тік белдемшені ылғалдық - жылулық өңдеуден өткізуден оқушылардын білімі мен дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық : оқушылардың тиімді жұмыс тәсілдерін пайдалана білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды тәртіптілікке, эстетикалық мәнерге, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.


№ қ/с

Сабақ кезендерінің атауы

Уақыт мин.

Іс-әрекет пен мазмұнын сипаттау

Оқыту әдісі

Сабақтың жабдықталуы

I.

Ұйымдастыру бөлімі.

5 мин.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.


Қол құрал- жабдықтары, тігін құрал- жабдықтары, бұйым.

II.

Кіріспе нұсқау.

90 мин.

Сабақтың тақырыбы:Тік белдемшенің төменгі қиығын өңдеу.Тік белдемшенің соңғы өңделуі. Мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

Тік белдемшені ылғалдық - жылулық өңдеуден өткізуден оқушылардын білімі мен дағдыларын қалыптасты-

ру.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Әңгімелеу, көрнекілік, репродук-тивтік.

Дайын бұйымдар.

III.

Оқушылардың жаттығулары мен ағымдық нұсқау.

3 сағ.

Оқушылардың өздік жұмысы.

Тік белдемшенің төменгі қиығын өңдеу.Тік белдемшенің соңғы өңделуі.

Әңгімелеу, көрнекілік, репродук-

тивтік.

Дайын үлгілер мен бұйымдар, тігін машиналары.

IV.

Қорытынды нұсқау.

25 мин.

Сабақты қорытындылау.

Бұйымды дайындауды бағалау және қорытындылау. Білімдері мен дағдырларын практикалық жұмыстарда қолдану.

Әңгімелеу,

көрнекілік.

Дайын бұйымдар.


Тік белдемшенің төменгі қиығын өңдеу


Тік белдемшенің етегі үлгісі мен мата қасиетіне байланысты әртүрлі тәсілмен өңделуі мүмкін: жабық қиықты етегі қайырылған тігіспен, етегін қайырып, торланған ашық қиықты тігіспен, шеттікті немесе жабық ызбамен.

Тік белдемше етегін алдын ала дәлдейді. Ол үшін белдемшені өң бетімен алдыңғы және артқы бөліктерінің бүйір тігістерін, бүкпелерді, етек қиықтарын т.б. сәйкестендіріп, ортасынан бүктейді. Лекало көмегімен дәлдеп, етегінің қайыру сызығын салады. Белдемшенің төменгі қиығын арнаулы машинамен өң жағынан торлайды. Содан соң қайыру қосымшасын бір немесе екі тігіммен бүгіп көктейді.Қайырылатын қиықты бүктемеден 10мм етіп бірінші тігіммен бүгіп көктейді, ал екіншісін-торланған қиықтан 10мм бүгіп көктелген етекті қолмен (жасырын жапсыру инешаншымымен) немесе арнаулы машинамен жапсырып тігеді.


Тік белдемшенің соңғы өңделуі


Белдемшенің үлгісіне байланысты белдемшенің белдігіне ілмектерді белгілеп, арнаулы машинамен негізгі мата түсіне сәйкес түсті жіппен ілмектерді торлайды, ылғалдық жылумен өңдеу алдында уақытша салынған жіптің бәрін алып тастайды.

Дайын белдемшенің ылғалдық-жылулық өңдеу ылғалды өтекпен белдемшенің теріс жағынан белдікті өтектеуден бастап орындайды. Содан соң белдемшенің алдыңғы және артқы жағын сол жақ бүйір тігісінен бастап бұйымның етегіне жеткізбей өтектейді. Белдемшенің өң жағына айналдырып, төменгі шетін жұмыс жасаушыға қаратып жатқызады. Жоғарғы шетін қайтарып қойып, белдемшенің етегін біртіндеп бұйымды қозғай отырып, бастыра өтектейді.


Тексеру жұмысы№2


Қалай ойлайсыз, қандай жағдайда бұйымның етегін екі тігіммен , ал қандай жағдайда бір тігіммен бүгіп көктейді?


Тексеру жұмысы

Тік белдемшенің негізгі тігістерінің орындалу тәсілдерін сурет немесе сызба арқылы көрсетініз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!