Материалдар / Ашық сабақ "Белгісіз дос әңгімесі" 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Белгісіз дос әңгімесі" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектолог мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
517
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы; «Белгісіз дос» әңгімесі


Сабақ мақсаты:

1.Оқушылардың сабақ үстінде әңгіменің толық мағынасын түсінуге көмектесу.Сабақ барысында оқушылардың жоспармен жұмысты реттеп орындауына себеп тигізу. Оқушылардың қажетті құралды қолданып,сабақ барысында жұмыс атқаруына көмек көрсету.

2. Сабақ үстінде берілген материалдарды анық айтуын қадағалау. Д- Т дыбыстарын сабақ барысында қадағалау. Бүкіл сабақ барысында, кезекші дыбыстардың айтылуын мән беруді ескеру.

3. Әңгіменің мағынасына байланысты оқушыларға достықтың ұғымын түсіндіру. Оқушылардың табығатқа, жан-жануар,құстарға дешен қамқорлығы мен мейірімін тәрбиелеу.


Жаңа сөздер: үйдің шатыры, тамақтандырды, тарғыл мысық, алақанына салып, айбат шегеді, аяғы сынып, жіппен орап тастады,қанатын қағып, шошып кетті, безгек маса, шалшық су, безгек-ауру түрі,сарқыт,құр сүлдері тұр(әлсіз болып тұр), қарлығаштың ұясы.


Сабаққа қажетті құралдар: кітаптар, кестешелер, суреттер, ДКА, мәтіндер, қосымша құралдар.


Сабақ жоспары


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Кезекші дыбыстарға сөздер,сөйлемдер.

  3. Тақырыпқа тоқталу

  4. Үй тасырмасын тексеру.

  5. Сөздікті оқу

  6. Әңгімені үш бөлімге бөліп оқу ( бөлімдердің атын атау)

  7. Сурет бойынша сұрақтарға жауап іздеп,оқу

  8. Сергіту сәті.

  9. Рөлмен оқу

  10. Әңгімені мазмұндау

  11. Сұраққа жауап беру

  12. Үйге тапсырма беру

  13. Сабақты қорытындылау

  14. Сабақты бағалау.






Әңгіменің үш бөліміне ат қою.


  1. Асқардың балапанды құтқаруы.

  2. Асқардың балапанды күтуі

  3. Балапанның Асқарды құтқаруы.


І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылар, орнымыздан тұрамыз!

  • Қайырлы таң, балалар!

  • Сәлеметсізбе, Асель апай!

  • Амансыздарма, апайлар!

  • Рахмет, орнымызға отырайық!

  • Құлаққапты киеміз!

  • Мен құлаққапты кидім

  • ПАПАПА дыбыс бар ма?

  • Иә, естіп тұрмын .

  • Дыбыс бар .

  • Балалар, сабаққа дайынбыз ба?

  • Иә, дайынбыз!

  • Жарайсыңдар! Ондай болса, бір бірімізге сәттілік тілейік!

  • Сабақты жақсы айт!

  • Рахмет .

  • Сабаққа назар бөл.!

  • Рахмет.

  • Жақсылап сөйле!.

  • Рахмет

  • Анық сөйле!

  • Бәрімізге сәттілік! Ал бастайық!

ІІ. Фонетикалық жаттығу

  • Бүгінгі сабақта кезекші дыбыстар Д-Т дыбыстары.

  • Қанекей, бәріміз анық айтып,жақсы оқыймыз.

  • Белгісіз дос- қанатын қақты

  • Үя салады- шатыр асты

  • Талдың түбі- айбат шекті

  • Дүрс-дүрс соғады- мықты мысық







ІІІ. Тақырыпқа тоқталу.


  • Өткен тақырыбымыздың аты қалай аталады?

  • «Белгісіз дос» әңгімесі

  • Дұрыс, әңгіменің авторы кім?

  • Автор Зейтін Ақышев

  • Иә, айтыңдаршы әңгіме не жайлы?

  • Достық жайлы

  • Жарайсыңдар!

ІҮ. Үй тапсырмасын тексеру

- Ондай болса, бәріміз назар аударайық!

  • Үйге не берілді?

  • Әңгіменің қысқа мазмұнын бір сөйлеммен айту.

  • Дұрыс, ал айтайық ендеше.

  • Мен айтайын!

  • Айта ғой !

  • Бала мен қарлығаштың достығы туралы.

  • Иә,дұрыс. Жалғастыр!

  • Бала балапанды мысықтан құтқарды.

  • Жарайсың! Жалғастыр.

  • Бала балапанды емдеді, бақты.

  • Жарайсың! Не айтасың?

  • Балапан баланы аурудан құтқарды.

  • Жарайсыңдар!

Ү. Сөздікті оқып шығу.

  • Ондай болса, сөздікті тағы бір оқып шығайық.

  • үйдің шатыры, тамақтандырды, тарғыл мысық, алақанына салып, айбат шегеді, аяғы сынып, жіппен орап тастады,қанатын қағып, шошып кетті, безгек маса, шалшық су, безгек-ауру түрі,сарқыт,құр сүлдері тұр(әлсіз болып тұр), қарлығаштың ұясы.















ҮІ. Бөлімге бөліп оқу

  • Жарайсыңдар! Бәріміз кітабымызды ашайық!

  • Назар аударыңдар! Өткен сабақтарда біз, әңгімені үш бөлімге бөлдік.

  • Иә,бөлдік.

  • Ондай болса, бөлімдерді қалай атадық?

  • Асқардың балапанды құтқаруы.

  • Асқардың балапанды күтуі .

  • Балапанның Асқарды құтқаруы.

  • Жарайсыңдар, ондай болса бірінші бөлімін оқыймыз.

  • Кім оқыйды?

  • Мен,мен!!!!

  • Ендеше бастайық!

  • Дұрыс, жақсылап,анық оқыймыз.

  • Бөлімнің соңын оқып бер.

ҮІІ. Іріктеп оқу.

  • Казір, әңгімені суретке қарап,салыстырып, іздеп,іріктеп оқыймыз!

  • Бірінші суретке қарайық, енді кітаптан тауып сөйлемді оқыймыз.

  • Бұл суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Үй салды

  • Қарлығаш ұя жасады

  • Дұрыс.

  • Тауып оқы.

  • Әуелі адамдар үлкен үй салды. Сонан кейін қарлығаш келіп,үйдің шатырының кенересіне балшық жапсырып ұя жасады.

  • Мына суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Балапандар бар

  • Дұрыс, екінші суретке қарап, кітаптан сөйлемді іздеп кім оқыйды.?

  • Мен,мен

  • Ал, тауып оқи ғой.

  • Ал қарлығаштың ұясында балапан пайда болды.

  • Үшінші суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Мысықты

  • Балапанды

  • Мысық балапанды ұстады

  • Дұрыс. Жарайсыңдар,ендеше мәтіннен тауып оқыймыз.

  • Анықтап,жақсылап оқыймыз.

  • Кім оқыйды?

  • Жүгіріп келіп қараса, мысығы бір балапанды аяғымен домалатып жүр.Кәдімгі тышқанмен ойнағандай ойнайды.

  • Жарайсың!

  • Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Мысықты

  • Асқар балапанды алды

  • Құтқарды

  • Әрине, ондай болса, сөйлемді кім тауып оқыйды?

  • Мен

  • Сен оқышы.

  • Асқар балапанды мысықтан айырып алды да, алақанына қондырды.

  • Дұрыс. Айырып алды.

  • Келесі суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Балапанның аяғы сынды

  • Бала оны байлады.

  • Әрине,енді осы суретке сөйлемді тауып кім оқыйды?

  • Мен

  • Ал, сен оқы.

  • Сынған аяғын ауыртпай,ептеп түзетті. Сүйектері бірігіп өссін деп, екі сіріңкенің шиімен қысып,жіппен орап тастады.

  • Дұрыс, аяғын байлады.

  • Ондай болса, мына суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Бала балапанға тамақ берді

  • Су берді

  • Аузымен берді

  • Жарайсыңдар, ал тауып кім оқыйды?

  • Сен оқы.

  • Тамақты Асқар аузымен берсе ғана жейді.

  • Дұрыс, балалар,оқығанда анық оқыңдар.Дыбыстарды анық айтыңдар.

  • Енді мына суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Асқарды

  • Иығында отыр

  • Дұрыс. Тауып кім оқыйды?

  • Мен

  • Сен оқышы ғой

  • Балапан үйде Асқардың иығына қонып отыруды, жаңа өсіп келе жатқан шашын аузына сүртіп тазартуды ұнататын.

  • Дұрыс.

  • Асқардың иығында отыратын.

  • Мына суретте не болды?

  • Балапан ұшып кетті.

  • Иә. Енді бұны кім тауып оқыйды?

  • Мен

  • Сен оқып бер.

  • Балапан шошып кетті,тыр етіп ұша жөнеліп,аспанда қалықтап жүрген қарлығаштарға қосылып ұшып кетті.

  • Дұрыс, анық оқы.

  • Мына суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Асқар ұйықтап жатыр

  • Маса ұшып жүр






  • Әрине, Бұл суретке сөйлемді кім тауып оқыйды?

  • Мен

  • Ал сен оқышы.

  • Асқар терезені ашып тастап, ұйқы соғып жатыр. Сол кезде шалшық судың жиегінен бір маса ұшып шықты. Ол безгек масасы екен, іздегені жылы жер.

  • Дұрыс .

  • Ал,балалар! Мына суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Қарлығашты

  • Масаны

  • Балапан масаны қуды

  • Әрине,ендеше кім тауып оқыйды?

  • Мен

  • Сен оқып бер

Елең ете түсті, қанатты бір қағып қалып,масаның үстіне төне түсті де, қағып түсіп,қылқытып жіберді. Сөйтіп Балапан Асқарды безгектен сақтап қалды.

  • Балалар, шаршадық па?

  • Иәәәә

  • Ондай болса, казір кішкене демалайық

  • Аппаратты өшіріңдер

  • Құлаққапты шешеміз

  • Орнымыздан тұрамыз

  • Сергіту сәті

ҮІІІ.Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

ІХ. Рөлмен оқу

  • Ал балалар, әңгімеде кімдер бар?

  • Асқар

  • Қарт кісі

  • Көрші бала

  • Балалар

  • Дұрыс, ендеше казір рөлмен оқыймыз.

  • Кім көрші баланың сөзін оқыйды?

  • Мен

  • Бекнұр сен оқы. Жақсылап,анық оқы

  • Таста, қайтесің оны әуере болып

  • Дұрыс. Ал кім Қарт кісі болады?

  • Мен

  • сен оқи ғой. Анық оқы. Жаймен

  • Тыңдама оның сөзін. Балапанды күт. Жақсылық далада қалмайды

  • Әрине, жақсылық жасау керек.

  • Балалардың сөзін кім оқыйды?

  • Мен

  • Ал сен оқы,жақсылап,анықтап.

  • Иә, жақсылық далада қалмайды дегенің қайда?

  • Дұрыс,рахмет.

  • Асқардың сөзін кім оқыйды

  • Мама! Папа! Менің Балапаным қайтып келді. Көрдіңдер ме, бір аяғы иілмейді.

  • Міне көрдіңдер ме? Балапаны Асқардың қайтып келіпті.

- Ал казір келесі жоспарға көшеміз

Х. Әңгімені қысқаша мазмұндау

  • Балалар, әңгімені қорытындылау үшін қысқаша мазмұндау қажет

  • Дәне бізге әңгімені қысқаша өз сөзіңмен мазмұндап берші.

  • Жарайды

  • Тақтаға келе ғой

  • Асқардың үйінің шатырының астына қарлығаш ұя салды. Ұяда балапандар пайда болды. Бір күні бір балапан ұядан түсіп кетті. Мысық оны ұстап алды. Жеп қоймақшы болғанда Асқар құтқарып қалда. Балапанның аяғы сыныпты. Асқар балапанды күтіп,бақты. Оның аяғы иілмейтін болды. Балапан басқа қарлығаштармен бірге күзде жылы жаққа ұшып кетті. Көктемде балапан ұшып келіп Асқардың үйіне қонды. Асқар ұйықтап жатқанда безгек маса шағып алмақшы болды. Ал балапан масаны жеп қойды. Ол безгек маса еді. Сөтіп Балапан Асқарды аурудан құтқарды.

  • Дұрыс, Жарайсың Дәне. Отыра ғой орныңа

ХІ. Сұраққа жауап беру.

  • Көрдіңдер ме, Балапан Асқардың белгісіз досы болды.

  • Иә. Балапан Асқардың досы

  • Үй шатырындағы ұяда неше балапан болды?

  • Үш балапан болды

  • Асқар қарлығашын қалай атады?

  • Балапан деп ат қойды.

  • Балапан неге ұшып кетті?

  • Балапан далаға шыққанда шошып ұшып кетті.

  • Балапан Асқарға қандай жақсылық жасады?

  • Балапан безгек масаны жеп қойды

  • Дұрыс.

  • Балалар, айтыңдаршы сіздер Асқардың орнында болғанда балапанды мысықтан құтқарар ма едіңдер?

  • Иә, бізде құтқарар едік

  • Неге?

  • Өйткені жан-жануар адамдардың досы.

ХІІ. Үй тасырма беру.

- Енді үйге тапсырма алыңдар

  • Осы өткен әңгіме бойынша, мазмұнына қарап сурет салып келіңдер.

ХІІІ. Қорытынды сұрақтар.

  • Балалар біз сабақта не істедік?

  • Біз оқыдық

  • Біз ойландық

  • Біз сұраққа жауап бердік

  • Біз суретпен жұмыс жасадық

  • Әрине, жарайсыңдар балалар!

ХІҮ. Бағалау.

  • Балалар сендер сабаққа қалай қатыстыңдар?

  • Жақсы (балалар айтады)

  • Дұрыс сендер өте тамаша қатыстыңдар?

  • Қонақтардан сұрайық

  • Апайлар, біз қалай сабаққа қатыстық?

  • Жақсы

  • (Асель) Әнекей көрдіңдер ме? Апайлар да жақсы деді.

  • Ондай болса бәріңе бес қоямын.

  • Менің сендерге сыйлығым бар

  • Алыңдар!

  • Рахмет Асель апай

  • Құлаққапты шешіңдер,аппаратты өшіріңдер.

  • Қоштасамыз!

  • Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

  • Сау болыңыздар, қонақтарға үлкен рахмет.!!!!

  • ҚОҢЫРАУҒА ШЫҒЫҢЫЗДАР






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!