Материалдар / Ашық сабақ Беттің өлшемдері. Алдын ала қарау. Құжатты басып шығару. 6 сынып

Ашық сабақ Беттің өлшемдері. Алдын ала қарау. Құжатты басып шығару. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2018
555
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«№72 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Информатика пәнінің мұғалімі:Аламанова Гүлжауһар Жұлдызбекқызы



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Информатика Сыныбы: 6«Б»

Тақырыбы: Беттің өлшемдері. Алдын ала қарау. Құжатты басып шығару.

Мақсаты: Мәтіндік процессорда дайындалған құжаттарда беттің параметрлерін баптауды, құжаттарды баспаға шығармас бұрын алдын ала қарауды, дайындаған құжаттарын қағазға басып шығаруды үйрету. Осы тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану. Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, икемділікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар

Оқушылардың көпшілігі

Жекелеген оқушылар

Мәтіндік процессорды іске қосуды біледі. Word-та мәтін теріп жаза алады. Құжатты басып шығару бұйрығын біледі.

Мәтіндік процессорда орфографияны тексеруді, құжаттарды баспаға шығармас бұрын алдын ала қарау бұйрығының қызметін қолдана алады.

Мәтіндік процессорда парақ өлшемдерін келтіруді, алдын ала қарау терезесі арқылы құжатты қарауды, дайындаған құжаттарын қағазға басып шығару мүмкіндіктерін өз бетінше орындай алады.

Бастапқы білім: Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс істеу


Кезең

Уақыты

Оқытудың формалары, әдістері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекіліктер

Ұйымдастыру

(2 минут)

Ұжымдық


Сәлемдесу.Түгелдеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды Қағаз қиындылары арқылы екі топқа бөлу:

  1. Шрифт

  2. Абзац

Мұғаліммен сәлемдесу. Сынып басшысы жоқ оқушыларды айту. Қағаз қиындыларын таңдау арқылы өз топтарына отыру.

Кеспе қағаздар

Қызығушылықты ояту

(3 минут)


Ұжымдық

Жеке жұмыс «Қағаз қиындылары»

Оқушыларға қағаз қиындыларында батырмалар берілген, сол батырмалардың қызметін сұрау.

Әр оқушы өз қолдарындағы қағаз қиындыларындағы батырмалардың қызметін айту. Топ басшылары смайликтермен бағалап отыру.

Кеспе қағаздар

Үй тапсырмасын тексеру

(5 минут)


Топтық жұмыс,

жеке жұмыс

«Өзіңді тексер»

Оқушыларға үйге берілген тақырып бойынша сұрақтар қою.

  1. Көпбағанды мәтінді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?

  2. Бағандар бұйрығы мәзірдің қай пункінде орналасқан?

  3. Пішімдеу сызығы бойынша мәтін бағандарының санын анықтауға бола ма?

  4. Мәтіннің бағандардан бөлінуінен бас тарту үшін не істеу керек?

  5. Тізімнің түрлерін атаңдар?

  6. Егер тізімнің маркері ретінде символды пайдалану керек болса, не істеу керек?

Үйге берілген тест сұрақтарының жауаптарын тексеру.

Тексеру кілті:

1

2

3

4

5

6

В

А

D

B

A

C


Оқушылар топпен қойылған сұрақтарға жауап беру. Тест тапсырмасын дәптерлерін бір-бірлеріне беру арқылы тексеріп, дұрысы қанша, дұрыс емесі қанша екенін жазып беру.

Топ басшылары смайликтермен бағалап отыру.

АКТ, Слайд, дәптер


(5 минут)


Топтық, жеке жұмыс

«Білгенге маржан»


Бұл кезеңде өтілген тақырыптар бойынша ұяшықтар құралады. Бұл кезеңде 4 ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы сұрақ қойылады?

Техника қауіпсіздік ережелері ұяшығының сұрақтары:

  • Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?

  • Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

  • Компьютер мен адам арақашықтығы қанша ... болуы керек?

Пернелер ұяшығының сұрақтары:

  • Тізімнің келесі элементін алу үшін қандай перне қолданылады?

  • Бірыңғай улкен әріппен жазу пернесі ?

  • Тізімді аяқтау үшін қандай пернені басу қажет?

Бұйрықтар ұяшығының сұрақтары:

  • MS Word мәтіндік процессорын қалай іске қосамыз?

  • Экранда пішімдеу сызғышы жоқ оны қалай қосамыз?

  • Пернетақтада жоқ символдарды қалай кірістіреміз?

Жалпы сұрақтар ұяшығының сұрақтары:

  • Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады.

  • Сақтау мен Қалай сақтау бұйрығының айырмашылығы

  • WORD мәтіндік процессорының терезе элементтерін ата?

Топтағы әр оқушы бір ұяшықты таңдау арқылы сұраққа жауап беру. Топ басшылары смайликтермен бағалап отыру.

АКТ, слайд.

(3 минут)


Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «Ыстық пернелер»


Топтағы әр оқушыға стикерді тарату. Стикерде жасырылған перенелердің қызметін сұрау.

CTRL+A, CTRL+S, CTRL+C, CTRL+V

CTRL+X, CTRL+Z, CTRL+O, CTRL+B

CTRL+I, CTRL+U, CTRL+P

Әр топтағы оқушылар ыстық пернелердің қызметін айтып беру. Топ басшылары смайликтермен бағалап отыру.

Стикер, слайд.

Жаңа сабақты түсіндіру

( 5 минут)

Ұжымдық

«Шағын дәріс»

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша ақпарат беру.

Бұл параграфта біз құжатты басып шығаруға қалай дайындауды үйренеміз. Бет параметрлерінің барлық баптауларына жолақтың Бетті белгілеу Беттің өлшемдері тіркеме парағында қол жеткізуге болады. Жиекжолақтар батырмасы жоғары, төменгі, сол жақтағы немесе оң жақтағы жиекжолақтардың мөлшерлерін таңдауға мүмкіндік береді.

Егер құжатты парақтың екі жақ бетіне басу керек болса, онда Айналық жиекжолақтарды қосады. Құжаттың толықтай қатесін тексеру үшін F7 басу керек.

Құжатты Алдын ала қарау және Басып шығару бұйрықтары Office Басып шығару бұйрықтарының мәзірінде орналасқан.

Басып шығару алдында принтердің атын, басып шығарылатын беттердің нөмерлерін, құжаттың қажетті данасының санын және басқа да басып шығару параметрлерін көрсетуге болады.


Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды. Құжатты басып шығаруға дайындаудағы процессордың мүмкіндіктері туралы ақпарат алады.

Компьютер, оқулық, плакат, дәптер

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

( 15 минут)

Жеке жұмыс

Оқушыларға оқулықтан деңгейлік тапсырмалар  беру.

А, В, С – деңгейлік тапсырмалары беріледі.

Оқушылар берілген деңгейлік тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

компьютер, оқулық.

Сабақты бекіту

( 7 минут)

Ұжымдық Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «Кім көп біледі»


Сабақты қортындылап, пысықтау сұрақтары қойылады.

  1. Құжаттың емле қателерін қалай тексереміз?

  2. Мәтінде қателер орын алғанын мәтіндік процессор бізге қалай көрсетеді?

  3. Басып шығару үшін әдетте қағаздың қандай мөлшерін қолданамыз?

  4. Алдын ала қарау бұйрығы не үшін керек? Ол қайда орналасқан?

  5. Алдын ала қарау терезесінен қалай шығамыз?

  6. Тез басып шығару бұйрығының Басып шығару бұйрығынан айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма: §21 бақылау, тест сұрақтарына жауап беру.

Рефлексия

  1. Сабақ барысындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  2. Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  3. Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  4. Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Бағалау. Қай топ жеңіске жеткенін айту. Оқушылардың жинаған смайликтері бойынша тиісті бағаларын қою.


Кезеңдері

«Қағаз қиындылары» әдісі

«Өзіңді тексер» кезеңі

«Білгенге маржан» кезеңі


«Ыстық пернелер» кезеңі


Компьютерде тәжірибелік жұмыс


Жалпы бағасы

Топ мүшелері


























































5 смайлик жинаған оқушыға – 5;

4 смайлик жинаған оқушыға – 4;

3 смайлик жинаған оқушыға – 3;

Қойылған сұрақтарға жауап береді. Топ басшылары бағалау парақшасындағы оқушылардың жинаған смайликтерінің санын айтады. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Стикерге бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін, өз ойларын жазады.


АКТ, слайд, стикер. Кеспе қағаздар





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!