Материалдар / Ашық сабақ Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2024
75
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: №260 орта мектеп

Күні:11.02.2023

Мұғалімнің аты-жөні:Ақжанова Мәдина Бебколатқызы

Сынып: 6 Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. (1,2-сабақ – 80 минут)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.2.10 түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;

6.2.2.11алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге келтіру;

6.2.2.12теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;

6.2.2.13теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу;

Сабақмақсаттары

1. түріндегі теңсіздіктердің шешімдер жиынын табады, оларды координаталық түзуде кескіндейді және сан аралығы түрінде көрсетеді.

2.Теңсіздіктер шешуде теңсіздіктерді мәндес теңсіздікке түрлендіру ережесін және бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік шешу нұсқауды пайдаланып , түріндегі теңсіздіктерге келтіреді және шешімдерін тауып сан аралығымен көрсетеді.

3.Бір айнымалысы бар күрделі теңсіздіктерді мәндес теңсіздікке түрлендіріп шешімдерін табады, мәтін есептерді шешуде теңсіздік құрып шығарады.

Бағалау

критерийлері


түріндегі теңсіздіктердің шешімдер жиынын таба алады, оларды координаталық түзуде кескіндепсан аралығы түрінде көрсете алады.

Теңсіздіктер шешуде теңсіздіктерді мәндес теңсіздікке түрлендіру ережесін біледі және бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік шешу нұсқауды пайдаланып , түріндегі теңсіздіктерге келтіре алады және шешімдерін тауып сан аралығымен көрсете алады.

Күрделі теңсіздіктерді мәндес теңсіздікке түрлендіре алады, мәтін есептер шешімін теңсіздік құру арқылы шығара алады.

Тілдікмақсаттар

Оқушылар сызықтық теңсіздік тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды, терминдерді біледі және тиімді пайдалана алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Теңдеу, теңсіздік, айнымалы;

Теңсіздікті шығару/шешу;

Теңсіздік түрінде өрнектеу;

Шешімі, сан аралығына салу, координаталық түзуде кескіндеу;

Бос жиын, шексіздік.

Диалогқа қажет сөз –тіркестері:

Түйінді ақпаратты бөліп алу/нақтылау/анықтау.

Алдымен x,сосын бос мүшемен айналысыңыз … және соңында….

Қандай айнымалы бар?

Біздер бұны теңсіздік түрінде қалай бере аламыз?

Бұның мағынасы бар ма?

х-ті басқа жаққа ауыстыру керек.

Екі жақты бірдей теріс санға көбейту/бөлу.

Теңсіздік белгісі......... өзгереді.

Құндылықтардыдарыту

- «Мәңгілік ел» құндылықтары: жауапкершілік, ынтымақтастық, мақсатқа ұмтылу. Оқушыларды бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. теңсіздіктерді шешуде тапқырлық қасиетін дамыту.

Пәнаралық байланыстар

информатика

Бастапқы білім


Теңсіздік деген не, сандық теңсіздіктер қасиеттерін біледі, сан аралықтарын біледі, мысалдар келтіре алады, өрнекті ықшамдай алады.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Уәж туындату

15минут

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

1) «Жақсы қасиеттер түзуі» тренингі.Сандық теңсіздіктер тек математикада емес, онымен қоса тарих, география, әдебиетте және күнделікті өмірде де пайдаланылатыны туралы айтады. Оқушыларға адамды координаталық түзу етіп алсақ, олардың бойында теріс жат әдеттермен қатар жақсы оң қасиеттері бар екені туралы айтады. Олай болса теріс әдеттерден арылып жақсы қасиеттерді еселей беруге тырысу керекпіз. Әр оқушы қасындағы адамның жақсы бір қасиетін айтып кету ұсынылады.

2)Ширату жаттығуы

Оқушыларға сан аралықтары жазылған қағаздары таратылады: (7 ; 15123 ) (- 5 ; 1515 ) (0 ; 3123 )(- 300 ; 7 ) [ - 5 ; 500 ]

[ 1 ; 612] [ 0 ; 88 ] [ - 1 ; 77 ] ( 66 ; + ∞ ) ( - ∞; 99 ) ( 0; + ∞ ) ( - 123 ; + ∞ ) ( - 1111; 0 ] ( - 1; 8123 ] ( 7; 210 ] ( - 100; 80 ] (- ∞ ; 1500 ] (- ∞ ; 451715 ] (- ∞ ; 1005 ] (- ∞ ; 456 ] [ 2789 ; + ∞ )

Оқушылар сан аралықтары түріне қарай топтарға бөлінеді: «Кесінді», «Сәуле», «Ашық сәуле», «Интервал», «Жартылай интервал». Саралаудың «Жіктеу» тәсілі (аралас гендерлік топ)

3) Белсенді оқу-әрекеті – оқушылардың ЖАДА-ын анықтау. «Өрмекшінің торы» әдісі.

«Сенен сұрақ, менен жауап» әдісі бойыша әр топ тізбектей, топ мүшесінің атын атап бағыттай отырып, бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Жауап тыңдалады

  1. - Қандай сан аралықтарын білесіңдер?

  2. - Санды теңсіздіктің 1- қасиеті

  3. - Қандай сан аралығы интервал деп аталады? мысал келтір, оқылуы

  4. - Санды теңсіздіктің 2- қасиеті

  5. - Қандай сан аралығы кесінді деп аталады? мысал келтір, оқылуы

  6. - Санды теңсіздіктің 3- қасиеті

  7. х≥8 теңсіздіктерінің шешімдері нені білдіреді? мысал келтір, оқылуы

Жауаптары:

  1. - Интервал, кесінді, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле, сан түзуі

  2. - Егер а саны в санынан үлкен, ал в саны с санынан үлкен болса, онда а саны с санынан үлкен болады

  3. 5-тен 7-ге  дейінгі аралық

  4. - Егер тура теңсіздіктің екі жақ бөлігіне де бірдей сан қосылса, теңсіздік белгісі өзгертілмей, тура теңсіздік шығады

  5. - 6 мен 10 саны қоса алынғандағы 6 мен 10 аралығы

  6. - Егер тура теңсіздіктің екі жақ бөлігі бірдей оң санға көбейтілсе немесе бөлінсе, теңсіздік белгісі өзгертілмей, тура теңсіздік шығады

әуле аралығы

Дескриптор:

    • Сан аралықтарын біледі, мысал келтіре алады

    • Санды теңсіздік қасиеттерін біледі

ҚБ: Бас бармақ әдісі

4)«Сіз қаншалықты сенесіз?»әдісі

Цифрлік тест орындалады. Сұрақтың жауабы «ия» болса – 1, «жоқ» - 0 цифр қойылады, нәтижесінде сол екі цифрдан құрылған жеті таңбалы сан шығады.

I нұсқа

1. 2х > 5 теңсіздігі қатан болады ма?

а) ия ә) жоқ

2. Белгілері бірдей теңсіздіктерді мүшелеп қосуға болады ма?

а) ия ә) жоқ

3. [ -3,9; -3,2?] аралығына тиісті бүтін сан бар ма?

а) ия ә) жоқ

4 х ≥ 3. жауабы: (3 ; + ∞ ). Аралық дұрыс жазылған ба?

а) ия ә) жоқ

5. 17 саны ( - 9; 18) аралықтың ең үлкен бүтін саны бола ма?

а) ия ә) жоқ

6. Дұрыс па: 7х – 5 < 0, егер х > 2?

а) ия ә) жоқ

7. Дұрыс па: егер а< в, онда а – в = 0?

а) ия ә) жоқ

II нұсқа

1. – 3х ≥ 6 теңсіздігі қатан бола ма?

а) ия ә) жоқ

2. Белгілері бірдей теңсіздіктерді мүшелеп азайтуға болады ма?

а) ия ә) жоқ

3. [ -11,1; -11,6] аралығына тиісті бүтін сан бар ма

а) ия ә) жоқ

4 х ≤7. жауабы:[ 7; - ∞ )

Аралық дұрыс жазылған ба?

а) ия ә) жоқ

5. – 7 саны [ - 7; 15 ) аралықтың ең кіші бүтін саны болама?

а) ия ә) жоқ

6. Дұрыс па: егер 7 – 4х > 0, онда х > 3?

а) ия ә) жоқ

7. Дұрыс па: егера< в, онда а – в > 0?

а) ия ә) жоқ

Дескриптор:

- санды теңсіздік қасиеттерін қолданады;

- сан аралықтың түрлерін біледі, оларға қатысты сандарды салыстырып таба алады;

- екі санды салыстыру қасиетін біледі.

- берілген шарт бойынша шешімдерін таңдайды (бүтін шешімдері, ең үлкен(ең кіші) бүтін шешімі)

Өз-өзін тексеру. Жауабы 1100100 .

ҚБ:«+» - жеткілікті, «-» - жетілдіруді қажет етеді





















































































Сабақтың ортасы

45 мин


Жаңа тақырыпты меңгеру

Белсенді оқу-әрекеті. Ой тастау 

Тірек сөздер арқылы  жаңа сабақты ашу

Айнымалысы

Сызықтық

Бар

Бір

Теңсіздіктер

Шешу

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Топтық жұмыс. Білу. Түсіну Белсенді оқыту. «ТАҚТАДАҒЫ ГРАФФИТИ» әдісі.

Бұл әдісті қолдану кезінде оқушыларға тақырып бойынша өздерінің ойларын, идеяларын және ұсыныстарын жазу ұсынылады.

Жұмыс алгоритмі:

  1. Бөлменің бір бөлігі граффитиге арналған тақтаға берілген, онда оқушылар талқыланып отырған сұрақ бойынша өздерінің ойларын жазады.

Сұрақтар қойылады:1)Оқушылар қандай теңдеу сызықтық деп аталады?

Төмендегі теңсіздіктердің қайсысы сызықтық теңсіздік болады:

а) а х 2 ≥ в; ә) а х < в; б) а х2 + х ≤ в; в) х2 = в

г) а х = в; д) а х + х2 ≥ в; е) а х > в, мұндағы а және в – кез келген сан.

2) Сызықтық теңсіздік анықтамасын құрастырыңыз. Оқушылар сызықтық теңдеу анықтамасын пайдаланып сызықтық теңсіздіктің анықтамасын жазады:

аx>b; ax<b; ax≥b; ax≤b, мұндағы а, в- қандайда бір сандар, х-айнымалы, түріндегі теңсіздіктер сызықтық теңсіздіктер деп аталады.

3) Естеріңізге түсіріңіз, теңдеуді шешу дегеніміз не? Соған ұқсас теңсіздікті шешу дегеніміз не? Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады. 
Теңсіздікті шешу дегеніміз – оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу. 
4)

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!