Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Материалдар / Ашық сабақ "Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұру және керісінше." 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған
Ашық сабақ "Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұру және керісінше." 10 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұруға және керісінше қайта сап құруға, қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беруге үйрету.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданыА.Құсайынов атындағы ЖОББМБК-нің АӘД пәні мұғалімі Жахатов Нұрлыбек Каспиұлы
Сабақтың тақырыбы: Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұру және керісінше.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұруға және керісінше қайта сап құруға, қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беруге үйрету.
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: Саптық алаң.
Өткізілетін күні:
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Саптық стенд.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?
Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?
Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?
Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі?
Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?
б) Негізгі бөлім – 22 минут.Бір қатарлы саптанекі қатарлы сапқа және керісінше қайта сап құру. Қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру.Бір қатарлы саптанекі қатарлы сапқа жәнекерісінше қайта сап құру. Бөлімшенің жазылмасабыбір қатарлы немесеекі қатарлы болуы мүмкін. Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама – қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйке командирден солға қарай сапқа тұрады. Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирісаптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды. Төрт және одан да аз бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады. Бөлімшені орнында түзету үшін «Түзел!»немесе«Солға түзел!» пәрмендері беріледі. «Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады. «Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі өзіне беріледі және оң бүйірге қысылады. Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарынжылдамтік ұстайды, ал карабиндер бұрынғы күйге келтіріледі, «Тіктел!» пәрмені беріледі. Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы: «Солға (оңға) – түзел!». Бөлімшені бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін алдын – ала «Бөлімше, бірінші және екіншіге – санал!» пәрмені бойыншабірінші және екіншіболыпсанау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап әскери қызметші кезекбойыншажылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.Жалпы нөмірлеу «Бөлімше ретіменсанал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін«Санақ бітті!»депбаяндайды.Екі қатарлы саптаекінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін«Толық!»немесе«Толық емес!»депбаяндайды.Содан соң «Бөлімше, екі қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойыншаекінші нөмірлер сол аяқтан бастап артқа бірадымжасап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бірадымжасайды және сол аяғын қояды. Бөлімшенің өз орнындаекі қатарлы тығыз саптанбір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, соданкейін, «Бөлімше, бір қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі.Орындалатын пәрмен бойыншаекінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бірадымжасап, оң аяғын қоймастан алға бірадымжасайды және сол аяғын қойып, біріншілердің сызығына шығады.Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен жәнебас киімсізорындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру.
Бас киіммен тұрғанда – аяқты жерге қоюмен біргебасты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткенненкейін, сол аяқты жерге қоюмен бірмезгілдебастытік ұстап, оң қолды түсіру керек. Бастықты басыпозғанда - әскери сәлемдесу басып озудың біріншіадымыменорындалады. Екіншіадымменбастытік ұстап, оң қолды түсірукерек.Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды. в) Қорытынды бөлім – 10минут. Сұрақтар мен тапсырмалар:
бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?
бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?
бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.
қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай орындайды?
Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: Н.К.Жахатов
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз