Материалдар / Ашық сабақ: Бірлігіміз жарасқан ұжым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Бірлігіміз жарасқан ұжым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бірлігіміз жарасқан ұжым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
779
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т.Әубәкіров атындағы ЖОМ

Педагог-психолог: Күмісбекова М


«Бірлігіміз жарасқан ұжым» атты тренинг


«Жақсы көңіл-күй жан азығы»

Жоспары: 1. Амандасу ( 5мин)

2.Топқа бөлу (3 мин)

3.Топқа ат қойып тірек сызба мен қорғау (7 мин)

4.Жүрек және бұлт әдісі (10 мин)

5.Өрмекші торы (10 мин)

6.Қорытынды: слайд(5 мин)

Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Сәлеметсіздерме,ұлағатты ұстаздар!бүгін сіздерді көңіл –күйлеріңізді көтеруге өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз –өзіңізге құрметпен қарап,сенімді болуға бір –бірімізбен сыйластық қарым –қатынаста бірлікте болуға арналған «Бірлігіміз жарасқан ұжым»атты тренинг саабағына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын


  1. Амандасу (зейінді шоғырландыру) Әріптестер біз күнделікті уақытта бір –бірімізбен амандасқанда ең алдымен адамның көзіне тіке қарап жымиып қараймыз,сол секілді қазір белгілі бір ережелер арқылы бір бірімізбен амандасамыз(қатысушылар екі қатарға тұрып,бір –бірлеріне қарап,жымиып тұрады)

Ережесі: Сары –қол алысу

Қызыл – қытайларша амандасу

Жасыл – египеттер(иықпен амандасу)

Көк –Құшақтасу

Алқызыл - Қолды белге қойып,тізеге дейін амандасу

Ақ – үнділерше амандасу

Әр түрлі елдің амандасуы сіздерге ұнадыма?

Қандай сезімде болдыңыздар?

Неліктен?

2.Топқа бөлу

Ережесі : Қатысушылардың алдына үш түрлі шоколадтар ұсынылады,кім қай түрін алса сол бойынша топқа бөлінеді,әр топ өздеріне ат қойып,ұранын дайындайды және топтарын қорғайды.

  1. Жүрек және бұлт.

Ережесі:қатысушылардың алдына түрлі –түсті қағаздар таратылады,әрбір қатысушы екі түсті қағазды таңдап алады,сол қағаздың біреуінен бұлттың суретін сызып қиып алады,екінші түстен өзі ұнататын гүл немесе жүрекше қиып алады және бұлтқа өзінің бойындағы арылғысы келетін жағымсыз мінездерін,қылықтарын тізімін жазады да сол бұлтты мыжып –мыжып қоқыс жәшігіне тастайды,ал екінші қима қағазға өздерінің бойында табылғанын қалайтын жағымды көңіл –күй, қасиеттерін адамгершілік борыштарын жазып,дауыстап оқып, алдарында тұрған жүрек шарына жапсырып,жүректі тірілтеді.

Таңдаған түсіне қарай мінездеме айтылады

1.Қызыл – өте белсенді көп білгісі келеді

2.Сары - көңілді,бәрін қуантқысы келеді

3.Жасыл – әрдайым достыққа адал

4.Көк – тұрақты көңіл –күй

Осы жаттығудан кейін қандай сезімде болдыңыздар

Неліктен?


Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады деген жүректеріміз тек жақсы қасиеттерге,сенім мен сабырға толы болсын,сенім демекші кез келген адамды мақсатына жетелейтін сезім ол сенім сондықтан дәл казір сіздермен сертігту сәтін орындайық бұл үшін сіздер орындыққа ыңғайланып отырыңыздар,өз денелереріңізді сезініңіздер және денелеріңізді бос ұстаңыздар дене дем алады ал сана сезім сергиді сіздер көңілді,қайратты,қажырлысыздар енді менің артымнан қайталаңыздар

Мен өзіме сенемін сенемін,сенемін

Мен бүгіннен бастап жаман әдеттерімнен арылдым,арылдым,арылдым

Мен алдағы қойған мақсатыма міндетті түрде жетемін,жетемін жетемін

Менде бәрі болады, менде бәрі болады,менде бәрі болады

  1. Өрмекші торы тренинг: Ал енді келесі орындайтын тренингіміз ол өрмекші торы деп аталады, ережесі:құрметті әріптестер барлығымыз ортаға шығып шаттық шеңберін құрамыз,әр қатысушы өз арманын айтып қолында тұрған жіпті қарсы алдында тұрған қатысушыға лақтырады,ол қатысушыда арманын айтып, келесі қатысушыға лақтырады ойын осылай өрмекші торы секілді болғанша жалғаса береді.соңында әріптестер қараңыздаршы,біздің көз алдымызда өрмекшінің торы пайда болды.Біздің барлығымыздің арамызда осындай тор тәрізді көзге көрінбейтін байланыстар бар.Сол байланыстарды еш уақытта жоғалтып алмайық.

Бұл тренингтен кейін қандай сезімде болдыңыздар?

Не үшін?

Енді слайд шоу көріңіздер(мектеп өмірінен алынған әр түрлі суреттерден фотомонтаж жасап,тақырыпқа байланысты әуенді қосып слайдты көрсету)

Бүгінгі біздің қоғамда жаһандану үрдісімен келген қиыншылықтаркөбейіп жатыр.Көгілдір экрандыжаулап шетелдікфильмдер,түрлі діни бірлестіктер шетелдік арзанқол музыкасы т.б жастарымызды санысын улап жатыр.Олардың бәрі жастардың көңіл –күйінепсихикасына әсеретуде.Яғни бұндайкелеңсіз мәселелер бәрімізге ортақ.ендеше сіз бен біздің еңбектеріміз нәтижелі болып жаңа табыстарға жетейік.Сіздерге әрқашанда шығармашылық табыстар тілеймін,береке бірлігіміз жараса берсін.

Қатысушылардың алдына күн шөп бұлттар бейнеленген флипчарт беріледі соған тренингтен алған әсерлерін білдіріп, рефлекция жазады.


Күн – өте қызық,жақсы әсер алдым

Шөп гүл – орташа,онша әсер алмадым

Бұлт – қызық емес,мүлде ұнаған жоқ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!