Материалдар / Ашық сабақ "Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану."

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ мұғалімдермен тәжірибе алмасу үшін арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
850
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


7.1С: Көпмүшелер

Мектеп: Н.Тілендиев атындағы №80 жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Таштенова Н.К.

Сыныбы: 7

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы :

Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

7.2.1.2 Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:бірмүшенің анықтамаларын біледі;

- бірмүшенің коэффициенті мен дәрежесін анықтайды,амалдар қолдана алады.


Басым көпшілігі: бірмүшені стандарт түрде келтіре біледі; есептер шығаруда бірмүшелерге амалдар қолданады;


Кейбір оқушылар:бірмүшелерге амалдар қолдану арқылы шығарылатын мәтін есептер құрастырады.

Бағалау критерийі


Бірмүшенің анықтамасын біледі, дәрежесі мен коэффициентін таба алады, стандарт түрге келтіреді, амалдар қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі;

бірмүшенің дәрежесі; бірмүшенің коэффициенті;

  • ұқсас бірмүшелер;


Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ... дәрежелі бірмүше;

  • бірмүшеге енетін дәрежелердің көрсеткіштерінің қосындысы ...тең;

  • бірмүшені стандарт түрге келтіру үшін ... ;

  • бірмүшелерді көбейткенде ... ;

бірмүшені дәрежеге шығарғанда ...

Құндылықтар


«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары.

Қазақстаннның Тәуелсіздігі және Астана.


Пәнаралық байланыстар

физика, тарих

Алдыңғы білім

Айнымалысы бар өрнек, дәрежеге шығару, айнымалысы бар өрнектерді көбейту

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқыту ресурстары

Басы

8 мин













2 мин





Ортасы


10 минут













2 минут












6 минут



Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу,психологиялық дайындық жасау(оқушылар шеңбер жасап тұрып, сол қолындағы гүлді сол жағында тұрған сыныптасына,өз есімінің бас әрпі бойынша тілек айтып ұсынады. Осылайша көңілді күймен бүгінгі сабағымызды бастайық)

Топқа бөлу: жағымды ахуал орнатқан кездегі, ұсынылған гүлдегі парақшалар нөмірленген, сол бойынша 3 топқа бөлу. Әр топтан топ басшысы сайланады. Үй тапсырмасын «Сағат тілі» әдісі арқылы тексеру.

Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды анаграмма шешу арқылы табайық.

Анаграмма шешу: 1. ШЕБІМРҮ;  2. РЕЖӘДЕ; 3. ЦИФОНКЭФТЕ



Мұғалім бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын айтып,бірмүше дегенімізді қалай түсінесіңдер,дәрежесін қалай анықтауға болады, стандарт түрге қалай келтіруге болады? деген сұрақты қоя отырып, бөлінген 3 топқа «Екеуі үйде, біреуі қонақта» әдісі арқылы тапсырма береді. Мақсаты: оқушыларға тақырыпты өздері түсініп оқуы және топ ішінде талқылап,басқаларға түсіндіре алуы.

1 топтың тапсырмасы- Бірмүше және оның дәрежесі мен коэффициенті

2 топтың тапсырмасы- Бірмүшенің стандарт түрі

3 топтың тапсырмасы- Бірмүшелерге амалдар қолдану



Бұл жерде әр топ өзара бағалау арқылы бағаланады және бағдаршам критериалды бағалауын қолданамын.





1 Тапсырма : топтық жұмыс

Бірмүше

Дәрежесі

Коэффициенті

Стандарт түрі


1


а) 0,3а · (-5х2а);

б) 4а · (-0,5b);





2


3ху(-2х2)(-0,5у3);






3

2ab2(- a2)(-6b);




Оқушылар берілген тапсырмалары бойынша өздеріне тиесілі бөлігін ғана толтырады,берілген жауапқа қарап оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін байқауға болады.

Дескриптор:

  • бірмүшенің дәрежесін таба алады:

  • бірмүшенің коэффициентін таба алады;

  • стандарт түрге келтіре алады.



Гүл салынған қима қағаздар
















Плакат және маркер


Оқулық
































Сергіту сәті


2 мин
















6 минут








































6 мин
















Сабақтың соңы

3 мин





«Қозғалыстағы сурет» ойыны

Мақсаты: Бұл ойында балалардың сыни ойлануы мен оқуы және жазуы іске асырылады.

Ол үшін оқушылар қолдарына дәптер мен қаламсаптарын алып, шеңберлене тұрады, сол жаққа бұрылып, сынып ішінде шеңберді бұзбай жүре бастайды. Олар алдында тұрғанның арқасына дәптерін қойып, арттағы оқушының суретін салуға тырысуы керек. Бұл жерде мынадай ережелерді сақтаған орынды:

  • Тоқтауға болмайды!

  • Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беруі керек.

  • Суретке ренжуге болмайды!

Оқушылар сурет салынған парақтарға өз қолдарын қойып, суреті салынғандарға тарту етеді.



2 Тапсырма: Топтық жұмыс

«Ратация» әдісі: Кестені толтырыңыз

Мақсаты: әр топқа 2 минут уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде бірінші топ есептерді шығарып үлгеруі тиіс,егер толық аяқталмаса екінші топ жалғастырып шығарады,олардан аяқталмаған есептер үшінші топқа қалады Бұл әдіс арқылы әр оқушының өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты түсінгенін көруге болады.

Бірмүше

Бірмүшені дәрежеге шығару

Бірмүшелерді

көбейтуді орында.


а) (2х2)3;

б) ( а3b2)3;





(-5mn2)0,4mp2 · 3nq;





2у · (-0,5ху2)7px;







Дескриптор:

1. Бірмүшені дәрежеге шығара алады.

2. Бірмүшелерді көбейте алады.

Деңгейлік тапсырмалар

Оқулықтағы А,В,С деңгейіндегі есептер беріледі.

А деңгейінің есептері:

Бірмүшені дәрежеге шығар :

а) (3х2у3)3 ; ә) (0,2ав2с2)2



В деңгейінің есептері:

Бірмүшені көбейтуді орындап,шыққан өрнектің мәнін табыңдар

а) 0,4ав×8в2, мұндағы а꞊0,5, в꞊3

ә) -4а2в2с2×6а4в2, мұндағы а꞊1,в꞊1,с꞊2.



С деңгейінің есептері:

Астана қаласындағы үлкен ғимараттардың биіктігін тауып, стандарт түрде жазыңдар және салыстыруға мәтін есептер құрастыру.(Пирамида мен Бәйтерек)

Бағалау:қалыптастырушы бағалау арқылы,яғни дұрыс шығарған жағдайда «жарайсың» деген мақтау сөзбен,ал қате болған жағдайда С деңгейіндегі жақсы оқитын оқушылар көмек көрсетіп ,есептің шығарылу жолдарын түсіндіріп береді.

1.Үй тапсырмасын беру № 56

Рефлексия. «Менің көңіл-күйім» баспалдағы

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып(немесе адам суретін салып),тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес!», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.







































































Электронды оқулық және оқулық




Қосымша ақпарат

Дифференциалдыоқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері


Деңгейлік тапсырмалар мен жеке,топтық жұмыс арқылы

Қалыптастырушы бағалау, «Бағдаршам» әдісі, дескриптор арқылы, жарайсың,керемет деген сөздер арқылы

Сергіту сәті, жағымды ахуал

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төмендеберілген бос орындыөз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.







Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!