Қарабұтақ орта
мектебі
Ашық
сабақ:
«Бисерден көбелек
жасау»
Технология пәні
мұғалімі: Науырызбаева С
2014
жыл
Сабақ
тақырыбы: Бисерден көбелек
жасау.
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға бисерден бұйым
жасау әдістері туралы түсінік беру,
үйрету.
Бисермен бұйым жасау арқылы
қол икемділігін дамытуға,
бейімділігін қалыптастыруға
дағдыландыру.
Оқушылардың эстетикалық
талғамын, тиянақтылық деңгейін
кеңейтуге, шығармашылық қиялын
дамытуға тәрбиелеу
Сабақтың
әдісі: аралас,
сарамандық.
Пән аралық
байланыс: биология, тарих,
бейнелеу.
Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйым
суреттері, үлгілері, слайд.
Оқыту
нәтижесі: Бунақ денелерді еске түсіреді,
бисердің түсін таңдай отырып, көбелек
тоқуды
үйренеді.
Негізгі
идеялары: Жұптық жұмыс арқылы оқушылар
ұйымшылдықпен жұмыс жасайды.
І. Ұйымдастыру
кезеңі: Көбелекті ұсыну арқылы шаттық
шеңберін жасау.
Оқушыларды психологиялық
тұрғыда жұмысқа дайындау.
Көбелек түстерін таңдау арқылы
оқушылар жұптасады. Оқушылардың алдарына бағалау кестесі
таратылады.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру: Бисердің шығу тарихымен
көбелек туралы мәліметтер айту
ІІІ. Жаңа
сабақ
-
Оқушылар біздер, көбелектер
түрлерін, бисер туралы біраз мәліметтер білеміз енді бүгінгі
сабақта қандай бұйым жасаймыз деп
ойлайсыңдар?
-
Дұрыс айтасыңдар бүгінгі
сабағымыз бисерден көбелек бейнесін жасау.
-
Бисерден көбелек тоқу үшін,
нені білуіміз қажет?
-
Бисермен жұмыс жасау кезінде
неге бейімделуіміз қажет?
-
Бисерден көбелек тоқу үшін
тағы да не қажет?
Бисерден тоқуға
арналған тақырыптар өте көп. Мысалға: бисерден аппликация, кесте
тігу, тоқыма тоқу, кілем тоқу, ши тоқу, құрақ құрау, панно жасау,
бисермен әр түрлі заттар жасау. Осы тақырыптардың ішінен біз
бисермен көбелек тоқуды таңдадық.
Көбелекті тоқымас бұрын, біз бисер туралы қайталап жіберейік.
Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік.
Бисер тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдамдылықты және
ойлап табу мен шеберлікті қажет етеді.
Бисердің түрлері: домалақ, стеклярус, рубка.
Бисермен жұмыс істегенде ең негізгісі – түстерді дұрыс үйлестіру
және өрнектердің композициясын құру. Әркімнің түстерге деген
көзқарасы, қызығушылығы әртүрлі, сондықтан түстерді таңдағанда қай
түстің қай түспен үйлесетіндігіне ерекше мән беру керек.
Бисерді өрместен бұрын жұмыс орнын ретке келтіріп алу керек.
Қажетті құрал жабдықтар: бисер, қайшы, сым.
IV. Қауіпсіздік ережесі
● Қайшыны
жолдасына сабымен ұсын.
● Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
● Қайшыны ашық тастама.
● Моншақтарды араластырма.
● Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда
немесе қорапшада ұстаған жөн.
● Сым темірмен ойнама.
● Жұмыс орныңды таза ұста.
V. Көбелек
тоқу.
Технологиялық карта
Көбелектің астыңғы қанатын әзірлеу
Көбелектің жоғарғы қанатын әзірлеу
Әр жол сайын 2 бисерден қосылып, көбейіп отырады. Бисер саны 12 -
ге жеткенде 3 қатар 12 бисерден тоқимыз. Келесі қатарда тағы да 2
бисерден қосамыз, керісінше келесі қатарларда 1, 2 бисерден азайтып
отырамыз.
VI.
Cергіту сәті.
VII. Сабақты пысықтау (рефлексия)
Әр жұп бір-біріне сұрақ
қойып, ойласа отырып жауап береді
Cонымен оқушылар
бүгінгі сабақта не үйрендік?
VIІІ.
Бағалау.
ІХ. Үй
тапсырмасы.
Көбелекті аяқтап тоқып
келу.