Ашық сабақ: «Біз нашақорлыққа қарсымыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: «Біз нашақорлыққа қарсымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау, жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


БҚО, Сырым ауданы Қоңыр ауылы

ЖББ А.Жұмағалиев атындағы Жосалы ОМБК психологы Ж.Ж.Мендалиева

Сабақтың тақырыбы: «Біз нашақорлыққа қарсымыз»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып,

зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау, жаман

әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.


Дамытушылығы: Өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту,

аурудың алдын алуды үйрету. Мамандық иелері туралы

түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын

дамыту.


Тәрбиелігі: Тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Мультимедиялық тақта, слайдтар, кітаптар көрмесі


Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты шарамызға қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Малика, қалай ойлайсыз, салауатты өмір салты дегеніміз не? Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?


2-жүргізуші: Салауатты өмір салты дегеніміз, Айша, ол - бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Жалпы адам баласы үшін ең кымбатты – ол оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямай, аянбай еңбек етіп, сол еңбектің арқасында талай белестерге қол жеткізу қажет. Өкінішке орай қазіргі кезде елімізде «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына іліккен жандар да өмірінің бар қызығын көре алмай, дүние салып, аурулардың азабын тартуда.


Көрініс: «Бақыт, байлық, денсаулық» 9-сынып оқушылар


1-жүргізуші: Ән «Өмір-ай» орындайтын 9-сынып оқушысы Ерболатова Фариза


2-жүргізуші: «Денсаулық - зор байлық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»

Өмірге адам бір ақ рет келеді,

Жастық шағың өміріңнің кемелі.

Күте білсең саулығыңды өрелі,

Табиғаттың бергеннен көп берері.


1-жүргізуші: Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған елбасының жолдауын – егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе де болады. Бүгінде жас ұрпаққа жүктелген міндет – бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығымызды сақтап, қоршаған ортаны таза ұстап, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірімізге пайдалана білу біздердің, яғни жастардың міндеті.


Көркемсөз: «Есірткіге жол жоқ!» 10-сынып оқушысы Исатаева Жадыра


«Нашакорлық аздырады сананы» 9-сынып оқушысы Ашимова Айзада


«Есірткі деген қасірет» 9-сынып оқушысы Нұрбергенов Нұрқабыл

2-жүргізуші: Қазақ елі сонау кеңес үкіметі тұсындағы «шаш ал десе бас алатын» саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын-сүргін, соғыс, жер мен елді тоздырған тың көтеру, экология апаты, желтоқсан зардабы тағы да басқаларын басынан кешірді. Осы апаттардан да қауіпті, адамды, сананы, есті жаулаған қасірет тым ауыр да азалы.

Қазақ халқының сөз байлығында «арақ» деген сөз болған емес. Олар қымыз бен шұбат ішкен. Сонда да әдемі тойлы ауыл, алтыбақан, жарасымды жастар әні, ойын түрлері мәнімен орын алған.


Көрініс: «Арақтың айтысуы»


2-жүргізуші: Айша, сіз нашақорлықтың неден басталатынын білесізбе?


1-жүргізуші: Арине, сана-сезімі уланған, өзін, отбасын, туғанын ұмытқан, жауапкершілікті сезінбейтін ақыл-естен айырылған жан нашақор деп аталады. Дозаны қабылдамаған жағдайда қабағы қатулы жан есірткіні қолданғаннан кейін жайдарлы, көңілді болып шыға келеді. Көп өрімдей жастар осы аурумен ауырып, өмірден өтуде, азып кетуде, енді біреулері кеш түсініп бармағын тістеуде.

2-жүргізуші: Біздер енді бірер жылда ертеңгі үлкен маман иелері, жарқын болашақты сеніммен құратын жастармыз. Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту, ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.

1-жүргізуші: Иә, Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.

Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін адамдар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары және студенттер өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай адамдар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.

1-жүргізуші: Біз өз білімімізді әркез шыңдап, өскелең шақта кандай да жағдайда әлемдегі окиғаларды, жаңалықтарды біліп, естіп жүруіміз керек. Ендеше мына бір жайттарға құлақ түрелік.

1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі.

2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.

3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады.

4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады.

5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар.

6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де - есірткінін бір түрі.

7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион.

8. Қалаларда есірткінің құрбаны болған 7-8 жастағы балалар тіркелуде.

Мектеп медбикесі «Нашақорлық –ғасыр дерті» атты баяндама оқиды

2-жүргізуші:

Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.

Жауап беріп қатысқандарыңызға рахмет!

1-2 жүргізушілер: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2018
2868
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі