400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Біз қалай қозғаламыз" 1 сынып жаратылыстану пәнінен

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қысқа мерзімді жоспар жаратылыстану пәнінен 1 сыныпқа арналған.Жаратылыстану бойынша бұл тақырып 4бөлім "Күштер мен қозғалыс" "Бізді қоршаған әлем" ортақы тақырып аясында жүргізіледі.Қысқа мерзімді жоспар жас ұстаздарға көмек ретінде пайдасын тигізеді.Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер және бағалауды түрлері қалай және дескриптор арқылы бағаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану. Мектеп: «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім Мұғалімнің аты-жөні: Кожахметова Асем Умитбековна

Күштер және қозғалыс.

«Бізді қоршаған әлем( ортақ тақырып аясында

Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:



Біз қалай қозғаламыз?


Оқу мақсаттары:





1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;


Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Адам өміріндегі және табиғаттағы қозғалыс түрлерін мұғалімнің көмегімен анықтайды.

Көптеген оқушылар: Табиғаттағы қозғалыстың өз бетінше және адам көмегімен қозғалатынына тәжірибе жасау арқылы зерттейді.

Кейбір оқушылар: Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығына аргументтер келтіреді.


Бағалау критерийлері


1.Қозғалыстың адам өміріндегі маңыздылығын анықтайды;

2.Қозғалыстың табиғаттағы маңыздылығын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

-Оқушылар заттардың қозғалу себептерін түсіндіре біледі;

-Түйін сөздер және сөз тіркестерін:әсер ету, басқару, итеру, тарту, айналдыру.

Диалог пайдалану үшін сөздер мен тіркестер:қозғалыс,табиғаттағы қозғалыс,..

Талқылауға арналған сұрақтар:

-«Әсер ету» сөз тіркесін қандай сөзбен немесе сөз тіркесімен алмастыруға болады?

-Адамдар заттарды қозғалысқа келтіру үшін оларға қалай әсер етеді?

Құндылықтарды дарыту

-Мәңгілік Ел идеясының құндылықтарына жататын тұлғаның еңбек дағдыларының қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасты, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

-Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтауды дарыту.

Пәнаралық байланыс

-дене шынықтыру, дүниетану, музыка.

АКТ қолдану дағдылары

-аудио жазылым,интербелсенді тақта.

Алдыңғы білім

(Ұ)« Тұрақты ұстаным қабылда» деген жаттығу өткізіледі. Оқушыларға пікірлерді оқи отыра, оқушылардан «Иә» не «Жоқ» позициясын қабылдап, дәлелдеуі сұралады.

-Қозғалыс – бұл дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы.(иә, себебі...)

-Қозғалыс траекториясы – заттардың қозғалыс кезінде жасайтын сызығы.(иә, себебі...)

-Траекторияның ұзындығы – жол.(иә, себебі...)

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақта жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 мин.










Сәлемдесу:Психологиялық көңіл-күй ахуалын орнату.

«Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа күш-қуат беру;

Жаттығу барысы:Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «еуропалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италияндықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «еуропалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, италияндықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.

Топқа бөлу: қоян, ит, ұзақ, балық суреттері таратылған. Солардың жасайтын қимыл-қозғалысына сай топқа бөлінеді. (жүгіреді, секіреді, ұшады, жүзеді)









Суреттер:


Сабақтың ортасы

20-25 мин.

















Ширату.«Балапандар» Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында сабақ ойыннан басталады. Музыка әуеніне байланысты оқушылар қимыл- қозғалыстарды жасаулары тиіс

- Біз қандай қимылдар жасадық?

-Қай дене мүшелерін қозғадық?

-Бүгінгі сабағымыз не жайлы болады деп ойлайсыңдар?

Сұрақ арқылы жаңа тақырыпқа болжам жасау. Тапсырма №1.

(Ұ)« Тұрақты ұстаным қабылда» деген жаттығу өткізіледі. Оқушыларға пікірлерді оқи отыра, оқушылардан «Иә» не «Жоқ» позициясын қабылдап, дәлелдеуі сұралады.

-Қозғалыс – бұл дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы.(иә, себебі...)

-Қозғалыс траекториясы – заттардың қозғалыс кезінде жасайтын сызығы.(иә, себебі...)

-Траекторияның ұзындығы – жол.(иә, себебі...)

Дескриптор:1.Қозғалыс сөзінің мағынасын анықтайды. [1]


2.Қозғалыс траекториясын анықтайды. . [1]


3.Траекторияның ұзындығын анықтайды. [1]

(Ұ) «Бас бармақ» арқылы бағаланады.


- Тапсырма №2.

(Ұ) «Сұрақты қағып ал» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап алу.

- Суреттерден не көріп тұрсыңдар?

- 1- суреттегі жаттығу түрін атап берші.

- 2- суреттегі жаттығу түрін атап берші.

- 3- суреттегі жаттығу түрін атап берші.

- 1-суретте қай дене мүшелеріі қозғалады?

- Олар қалай қозғалады?

- Қай суреттетерде қол мен аяқ бірге қозғалады?

- Жаттығулардың пайдасы неде?

- Егер адамдар қозғалмаса не болады деп ойлайсың?

-Біздің денеміздің кейбір мүшелері қозғалмалы келеді екен. Сондықтан біздің дене мүшелерімізді бүгуге, жазуға және оларды айналдыруға, тартылуға, итерілуге болады.

Дескриптор:

1.1 суреттегі адам қозғалысын анықтайды. . [1]


2. 2 суреттегі адам қозғалысын анықтайды. . [1]


3. 3 суреттегі адам қозғалысын анықтайды. . [1]


4.Қозғалыста дене мүшесін атайды. . [1]


5.Қозғалыс қимылдарын атайды. . [1]



Бағалау: «Бағдаршам»әдісі (бірін-бірі бағалайды)


Тапсырма №3

(Т) «Біз- зерттеушіміз» Тәжірибе жасау.

Әр топқа ойыншықтар үлестіріліп беріледі.

Тапсырма:

-Кеглдерді қозғап көріңдер. Басқа жолын қарастыр.

-Қол арбаны қозғаңдар. Басқа жолдарын қарастыр.

-Шарды қозғаңдар. Басқа жолдарын қарастыр.

-Машинаны қозғаңдар. Басқа жолдарын қарастыр.

Заттарға әртүрлі әсер ету арқылы қозғауға болатынына көз жеткізеді.

- Қорытынды жасайды.

-Әр топқа жеке сұрақтар қойылады?

1 топ

- Кеглді қалай қозғадық?

- Заттар өздігінен қозғала ма?

- Оларды қалай қозғаймыз?

-«Әсер ету» дегенді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

2 топ

-Шарды қалай қозғадық?

- Заттар өздігінен қозғала ма?

- Оларды қалай қозғаймыз?

-«Әсер ету» дегенді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

3 топ

-Қол арбаны қалай қозғадық?

- Заттар өздігінен қозғала ма?

- Оларды қалай қозғаймыз?

-«Әсер ету» дегенді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

4 топ

-Пультті машинаны қалай қозғадық?

- Заттар өздігінен қозғала ма?

- Оларды қалай қозғаймыз?

-«Әсер ету» дегенді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

Дескриптор:

1.Қозғалыс қимылды атайды. . [1]


2. Қозғалысты түсіндіреді. . [1]


3. Қозғалысты анықтайды. . [1]


4. «Әсер ету» мағынасын анықтайды. . [1]


Бағалау: «Басбармақ» әдісі


Сергіту сәті :

«Айна» оқушылар жұптасып,бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Олардың біреуі қолдармен,аяқтармен,денесімен ,бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды,ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды:оңды сол қылады,солды оң жасайды.Бір минуттан кейін оқушылар рөлдермен алмасады.

Аудио жазылым:

«Балапандар биі» әуенімен қимылдар жасайды.








Оқулық,46 бет







Ойыншықтар:


Picture 25













Сабақтың соңы

10-15 мин.

Тапсырма №4 (Ө)«Семантикалық карта»


-Төмендегі көрсетілген «Семантикалық картаны» әр оқушыға таратып беру.

- Картадағы сөздерді оқып беру.

Тапсырма:

- Жануарлардың қозғалысына сәйкестендіріп ұяшыққа белгі қой.

Shape1

Өрмелейді







Шабады







Ұшады







Жүзеді







Секіреді







Жүгіреді








-Дұрыс жауапты интербелсенді тақтадан көрсету.

-Қозғалыс жануарларға не үшін қажет?


Дескриптор:

1. Жылқының қозғалысын анықтайды. . [1]


2.Құстың қозғалысын анықтайды. . [1]


3.Қоянның қозғалысын анықтайды. . [1]


4.Балықтың қозғалысын анықтайды. . [1]


5.Иттің қозғалысын анықтайды. . [1]


6.Маймылдың қозғалысын анықтайды. . [1]


Бағалау: Өзін-өзі бағалау. «Бағалау шәкілі »

Бүгінгі сабақтан алған әсерім: «Көңіл-күй» тақтасына смайликтерді жабыстыру.





Семантикалық карталар, маркерлер, интербелсенді тақта, смайликтер.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы:


Барлық оқушылар: «әсер ету» ұғымына мағынасы жақын сөздерді қолданды.

Көптеген оқушылар: қозғалысы ұқсас жануарлардың суретін салды..

Кейбір оқушылар: қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығына дәлелдер келтірді.


ҚБ: (Ұ) «Бас бармақ»

ҚБ: (Ұ) «Бағдаршам».

ҚБ: (Т) «Бас бармақ».

ҚБ: (Ө) «Бағалау шәкілі».

ҚБ:Барлығы: «Көңіл-күй» тақтасы:смайликтер.




-Жаттығулар жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Т -топтық жұмыс Ж - жұптық жұмыс Ө - өзіндік жұмыс ОТ - оқушы тәжірибесі

МК –мұғалім көрсетілімі Қ- қалыптастырушы бағалау







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2040
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі