Ашық сабақ "Біздің спортшылар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Біздің спортшылар"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ "Біздің спортшылар" 4- сыныпрен өткізілген сабақтың жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Біздің спортшылар.

Грамматика: Септік жалғау.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын байыту, сауатты жазу, мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Танымдарын кеңейтіп, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Көрнекі құралдар: суреттер, слайдтар, тірек сызба.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жеке, жұптық жұмыс, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Спорт түрлері» тақырыбында шығарма жазу, диалог құру.

III. Жаңа сабақ:

Мұғалімнің сөзі.
- Балалар спорт адамның денсаулығына өте пайдалы. Спортпен шұғылдану керек. Спорт денені шынықтырады. Бүгін біз Қазақстанның белгілі спортшыларымен танысамыз.
Жаңа сөздермен танысу:
жанкүйер – болельщик,

өз сөзінде тұру – сдержать слово,

жеңу – победить,

үміт – надежда,

жеңімпаз – победитель,

дарынды – талантливый,

сүйікті – любимый.

3. Мәтінмен жұмыс. (Оқу, аудару)
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген. Ол Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы, грек-рим күресінің жеңімпазы. Белгілі спортшы 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының және әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.

Мәтінді түсініп оқу. Жазбаша жұмыс.
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беру.
1. Мәтінде не туралы айтылған?
2. Жақсылық Үшкемпіров кім?
3. Ол туралы не білдіңдер?
4. Ол не жеңіп алған?
5. Саған спорттың қай түрі ұнайды?
IV. Сабақты бекіту кезеңі: Спортшылар жайлы слайдтар көру. Слайдтар арқылы спортшылар: Жақсылық Үшекемпіров, Ольга Шишигина, Ермахан Ибраимов және т.б. жөнінде мәліметтер беру.
Сөз тіркестерін толықтырып жазу.

V. Сабақты қорытындылау кезеңі:

«Спортшы» сөзін тәуелдеу, септеу, жіктеу.

VI. Үйге тапсырма: «Біздің спортшылар» тақырыбы бойынша диалог құру.

VII. Бағалау кезеңі: Үй тапсырмасы бойынша және сабаққа белсенді катысқаны бойынша.

Рефлексия: Не білдім? Не үйрендім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.00.2018
976
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі