Материалдар / Ашық сабақ Болашаққа бір қадам 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Болашаққа бір қадам 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақтан тыс іс шарасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сыныбы: 9 «а», 9 «б»

Сабақтың тақырыбы: Білгірлер сайысы. «Болашаққа бір қадам.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ұлттық құндылықтарды қшастыра отырып, әлем жетістіктерімен үзенгіліес қазақ елінің жеткен жетістіктерін саралау. Алға қойылған басты мақсаттарды бағалау арқылы саралап талдау жасау. Кемелді еліміздің жеті негізгі белгісін айқындау, ЭКСПО 2017 көрмесінің мәні мен мағынасын ашып айту, талқылау ой қорытындысын жасау.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың өз ой қорытындысын шығармашылық тұрғыда саралау, талдау жасай отырып қорытындылауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға азаматтық және ұлтжандылық тәлім тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, тірек сызбаларымен жұмыс, презентайия қорғау.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, презентациялар, виео роликтер.


С А Б А Қ Т Ы Ң Ө Т У Б А Р Ы С Ы :


І Ұйымдастыру

1) Амандасу.

2) Топтарға бөліп отырғызу, таңыстыру.

Сабақ жоспары:

Кіріспе бөлім.

Сергіту бөлімі. «Жетелі елдің жеті белгісі»

Ой қозғау. «Өнер, білім, тапқырлық»

Ой талқы. «Топ бастағын топбасшы»

Ой түйін. «Қалыс қалма, бірге адаымда заман мен»

Қорытындылау

1). Кіріспе бөлім.

Мұғалім сөзі.

Қазақстан Республикасы – демократиялық зиялы және біртұтас мемлекет. Қазақстанның аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.онда 120 ұлт өкілдерінен 16 млн халық тұрады. Қазақстанның халқы сан ғасырлар бойы армандап келген мақсаттарына қолы жетті. Қазақстан тәуелсіздігін алып, жеке мемлекет болды. Бірақ тәуелісіздік оңай келмеді. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп, азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз. Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Сөйтіп екі жүз жылдай патшалы Ресейдің қол астында болып келген, жетпіс жылдай Кеңес үкіметінің бұғауында болған қазақ елі егемендігін алды. Бүгінгі күні еліміздің осынау 20 жылдың ішінде атқарған қо жеткізген жетістіктері ұшан теңіз. Еліміздің осынау заман талабына сай өсіп өркендеп әлем өркениеттері арасында өзін мойындата алуы бәздер үшін мақтаныш. Бұл игі істердің басы қасында жүрген біздің кемелді болашағымыз үшін аянбай тер төккен билік басындағы аға әпкелеріміздің көрегендігі, мақсатқұмарлығы арқасында жүргізілуде. Бүгінгі таңда жас ұрпақ сіздер біздің болашағымыздың негізгі капиталы, білім, ғылым, өнер тарландары өздерін. Алға қойған зор мақсаттарды Елбасымыздың 2050 бағдарламасын тікелей жүзеге асырушылар да өздерін. Олай болса білімдерінді дағдыларынды шыңдап, кемелді берекелі болашаққа алға қарай бір қадам басайық. Бүгінгі сабағымыз ойын сабақ.

Ойынымыздың бірінші бөлімі Сергіту яғни «Жетелі елдің жеті белгісі»деп аталады . Балалар, неге біздер жеті белгіге тоқталып отырмыз?! Өздерің білесіңдер, қазақта жеті саны – киелі сан. Сондықтан біздер негізгі жеті белгі туралы мәлімет аламыз. (Арнайы әзірленген парақшалардан жеті белгі жазылған парақтар ) үлестіріледі. Олар: 1) Ту; 2) Ел таңба; 3) Гимн; 4) Тіл; 5) Ата заң: 6) Төл құжат; 7) теңге; )

Олай болса әске сәт ойынымызды бастайық.

1-белгісі – Қазақстан Туы.

Сұрақ: Еліміздің жалауы туралы не білеміз?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы – Шәкен Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, яғни аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, жоғарыда айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, ол да бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан күннің тудан орын алуы лайық. Қазақ халқы ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы егеменлдік алған Қазақстан қыран сияқты көкте самғасын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туындаған. Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнектерін байқаймыз. Мұның өзі тудың ерекшелігін, қазақ халқының танымын, қасиетін көрсетеді.

Ермек Өтетілеуұлының «Қазақстан жалауы» өлеңі оқылады.

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның

Ортасына төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын.

Астында оның қалқыған,

Қыран құстың бейнесін

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білесің.

Еске белгі – ұрандар

Сары алтындай сақталған,

Күн, шұғыла, қыран да

Алтын түспен апталған.

Сол жағында матаның

Қызыл түсті жолақ тік:

Мұратындай атаның

Әсем өрнек ол ұлттық

Көк байрағы бабаның – Бүгінгі ұрпақ алауы,

Мияты әке, баланың – Қазақстан жалауы!


2-белгісі – Қазақстан Елтаңбасы.

Сұрақ: Елтаңба авторлары кім?

Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, терезең тең болсын» деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынса керек, Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық образ. Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан, қазақтың «Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі» дегенді аңғартса керек. Жалпы қазақ мүйізді қастерлеген. Пырақ қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске алады. Жоғарыда, дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлық тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі.

Ермек Өтетілеуұлының «Біздің Елтаңба» өлеңі.

Алтын қанат көмкерген.

Шаңырақ бар, уық бар

Әсем бейне сен көрген

Жай бейне емес ұғып ал!

Көгілдір түс аясы

Бейбіт дала елесі .

Шаңырақ – жұрт панасы,

Уықтар күн сәулесі

Сүйсіндіріп өзіңді,

Түсіне біл таңбаны.

Аңызда ұшқыр, төзімді

Пырақ – халық арманы.

Жоғарыда түсер көз Бес тармақты жұлдызға

Ал «Қазақстан» деген сөз

Таныс барлық ұл-қызға.

Мағыналы сымбатты

Бар осындай белгіміз

Маған, саған қымбатты

Елтаңбасы ол – елімің!

3-белгісі – Қазақстан Республикасының Әнұраны. Қазақстан Республикасының Әнұраны – Ел ұраны.

4-белгісі – Тіл, Қазақ тілі. Тіл – кез-келген ұлттың, елдің ерекшелігін танытатын бірден-бір белгі. Тіл тағдыры елдің елдігіне, ел ұлдарының азаматтығына да сын. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Ана сүті бойына сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған тілі мен дінінен айрылған ұрпақ алдымен рухани кемтарлыққа ұшырап, содан кейін көлденең көк аттының қолжауына айналып кете барады. Ана тілін білмей, ана сүтін ембей өскен кейінгі толқынның жүрегі суық, өңі де жат болады. Қазақстан Конституциясында тіліміз туралы былай атап көрсетілген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады. Мемлекет ұлтаралық қарым-қатынас тілі мен басқа да тілдердің қолданылу аясын сақтауға кепілдік береді, олардың еркін дамуына қамқорлық жасайды.

Д.Әбіловтың «Қазақ тілім» өлеңі.

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

5-белгісі – Ата Заң. Ең алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы қабылданды. Одан кейін оған 1995 жылы 30 тамызда толықтырулар енгізіліп, қазіргі Конституция пайда болды. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бізге адамның ар-намысы мен қадір-қасиеттеріне қол сұғылмауына; ар-ождан бостандығына кепілдік береді. Әрбір адам және азамат бұл заңдарды орындауға, құрметтеуге міндетті болып саналады.

6-белгісі – Төлқұжат. Балалар, біздер 16жасқа дейін төлқұжат ролін туу туралы куәлік атқаратынын білеміз. Ал 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматы екендігін дәлелдейтін бірден бір белгі жеке куәлігі және төлқұжат болып табылады.

7-белгісі – Теңге. Еліміздің негізгі рәміздері қабылданғаннан кейін көп ұзамай төл теңгемізге ие болдық. Қазақстан Республикасының теңгесі 1995 жылы 15 қарашада қабылданып, айналымға енді. Қазақстан теңгелерінде қазақтың ұлы да ұлағатты адамдары бейнеленді. Атап айтқанда Ш.Уалиханов, С.Аронұлы, А.Құнанбаев, Қ.Сағырбайұлы, Әл-Фараби, Әбілқайыр хан, Абылай хандардың бейнесі теңгеден орын алды. Ал қазіргі кезде заман талабына, еліміздің көркеюіне байланысты теңгелер де өзгеріп отырады.

Ш.Сариевтің «Төл теңгеміз туралы» өлеңі.

Туымды желбіретіп жел кереді,

Еліме осы еді ғой ең керегі.

Алтын Орда заманынан бұлбұл ұшып,

Тағдырым табыстырған теңгем еді.

Не бір ой мүжіп жеген ой адамын,

Кеудемнен сейілгендей кей алаңым.

Телмірмей теңгем барда тебіреніп,

Енді мен тәуелсізбін дей аламын.

Түскендей әсері бар сөзі аспаннан,

Шет жұртқа телмірдік-ау көз ашқаннан.

Енді мен бақыттымын, өгейсініп,

Басқа көз қарамайды өз ақшамнан.

Дүние дөңгелердей дөңгеледің,

Өзі тауып жатады ел керегін.

Қазақ қазақ болғалы қолға ұстаған

Құтты болсын, ағайын, теңгелерің!


Біз өз еліміздің, өз Отанымыздың негізі болатын жеті белгісі туралы мәлімет алдық деп ойлаймын. Ендігі кезекте ел тарихы, мәдениет, білім, ғылым сласындағы білім біліктерінді текеріп бағалап көрейік

Екінші бөлім. Ой қозғау «Өнер білім, тапқырлық» деп аталынады. Ойынның шарты: Итерактивті тақтадан әр топ «Экономик». «Тарих» бөлімдерінің бірін таңдап, жасырын тұрған тапсырмалар мен сұрақтарға жауап береді.

«Экономика»

Сұрақ: Теңгенің шығу тарихынан не білесіздер?

Сұрақ: Дүние жүзінде қандай саяси немесе сауда серіктестік ұйымдары бар, және Қазақстан осы ұйымдардың қайсысына мүше болып кірген?

Тапсырма. Жарнама. Алдарынызда тұрған қорапшаның бірін таңдап ішіндегі затқа жарнама жасайсыздар.

«Тарих толқыныда»

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып егеменді ел болғалы қандай маңызды оқйғалар болып өтті. Хронологиялық реттілігі бойынша атап берініздер?

ЭКСПО көрмесінің тарихынан не білеміз?

Тапсырма. Жарнама. Алдарынызда тұрған қорапшаның бірін таңдап ішіндегі затқа жарнама жасайсыздар.

Көрермендер мәзірі.

«Салт дәстірді білесің бе?»

Киіз үйдің дәл ортасында тұрады.

Шылбыр

Геометриялық өрнектер қай кезенге тән

Келіннің аға інілеріне туыстарына берілетін кәде

Түйе сүтінен жасалатын сусын

Сыбызғы қандай аспап.

Тақия тастамақ

Киіз үй неше бөлімнен тұрады.

Түйетабан деген не

Аңдық стиль қай кезендерге тән

Сиыр сүтінен қандай сусындар дайындайды.

Келесі бөлім Ой талқы. «Топ бастаған топ басшы» деп аталады әр топтың топбасшысы алдыға шығып «Болашаққа бір қадам» тақырыбы аясында өскелен ұрпаққа үндеу жолдайды.

Соңғы бөлім Ой түйін. «Қалыс қалма, бірге адымда заман мен» деп аталды бұл бөлімде әр топ алдыны ала берілген тақырып аясында өз жобаларын қорғайды.

Жобаның тақырыбы «Болашақ қаласы»

Қорытынды: Ойынның қорытындысын шығару.

Мен жастарға сенемін, – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұлтымыздың болашағы бүгінгі жастардың қолында. Сол жастарымыз рухани жақтан мықты болса, ұлтымыздың босағасы босап, шаңырағы шайқалмақ емес. Жастар алғабасар, күресшең, ұйымшыл, батыл, жаңалыққа жаны құштар белсенді топ. Жастардың осы қасиеті елдің елдігін, ұлттың ұлағаттылығын сақтап тұратын ең қымбатты рухани байлық. Олай болса әр қашан рухы мықты жаңалыққа жаңы құштар азамат болып ер жетейік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!