Материалдар / Ашық сабақ "Бөлме гүлдері" Шағын орталық "Балдәурен" тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Бөлме гүлдері" Шағын орталық "Балдәурен" тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту, оларды тануға, атай білуге және ажыратуға үйрету Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын , оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету. Өсімдіктерді қорғауға гүл сыйлау арқылы адамға жақсы көңіл- күй, қуаныш сыйлауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2021
328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айы : ​ ​ ​ ақпан ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 
Күні:​ ​ 04.03.2020 ж ​ 
Апта : ​ 1 ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 
Ортаңғы ​ топ: ​ ​ «Балдәурен» ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 
Тәрбиеші:Ибраева А.М
Таным:Жаратылыстану
​ Тақырыбы:«Бөлме гүлдері»
Мақсаты: Бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту, оларды тануға, атай білуге және ажыратуға үйрету (фикус, қазтамақ, бегония, алое) ​ Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын , оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету.​ Өсімдіктерді қорғауға гүл сыйлау арқылы адамға жақсы көңіл- күй, қуаныш сыйлауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс :​ суреттерді қарастыру ,әңгімелесу
Билингвалдық ​ компонент:​ Гүлдер – цветы - flower,бөлме гүлдері-комнатные цветы ,өсімдіктер – растения, сабақ –стебель жапырақ – лист,су-вода,тірі табиғат-живая природа,өлі табиғат-мертвая природа. 
Әдіс-тәсілдер:көрсету, түсініктерін мойлату, сұрақ-жауап, тапсырмалар орындау.
Көрнеліктер:​ тәжрибе жасауға су,топырақ,қалбыр ыдысы,тамырланған гүл,гүлдердің суреттері, бөлме гулдері, «Гүл шоғын құрастыру» дидактикалық ойын​ ​ ​ 
Сөздік жұмысы:​ көшет, қалбыр,тамыр,қамқор 
Ұйымдастырылған оқу ​ қызметінің барысы: ​ ​ 
​ -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- көктем ​ мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Балалар бәріміз шеңберге тұрайық.
​ ​ ​
​ Шаттық шеңбері
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мына басым ақылды,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Бәрі осыдан басталған,
Барлық істі басқарған. ​ Олай болса мен бір жұмбақ жасырайын жауабын тапсаңдар,сол біздің сабағымыздың тақырыбы болмақ.
2.Негізгі бөлім
Жұмбақ:
Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң бұзылады. (гүл)
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене, балалар,
Үзуге адам қимайтын. (гүл)​ 
-дұрыс айтасыңдар.
​ Ендеше ​ бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінде​ ​ «бөлме гүлдері»туралы ​ өтеміз.
Балалар гүлдер екіге бөлінеді,дала және бөлме гүлдері. 
Бүгін бөлме гүлдердің қалай өсетінін,қалай күту керектігімен үйренеміз,танысамыз.
​ Көктемде тек дала гүлдері ғана емес, бөлме гүлдеріде ​ жаңадан жапырақтары ашылып құлпырғысы келеді.
-Балалар гүл-өсімдік,гүлдер қандай табиғатқа жатады?
-тірі табиғатқа жатады.
​ Гүлдер өте нәзік,әдемі,адамдарға қуаныш,мереке сыйлайды және адамдарға көп пайдасы бар,өмір сәні,табиғаттың ​ көркі.Гүлдер бөлмеде көп болса ауасы таза,әрі үйімізге сән береді.
​ ​ ​ Гүлді үзбе.
Кешкілік пе, күндіз бе?
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл.
Не қалады сиқынан,
Қызыл - жасыл жердің бұл. 
Осы өлеңде айтылғандай өсімдіктерді босқа сындырып,жұлуға болмайды. Олар қурап, сәні кетеді,әлсіреп ауырады.
Сондықтан гүлдерге қамқор болуымыз керек. (суреттер)
Ендеше ​ мына гүлдермен ​ танысайық.Қазтамақ-герань,фикус,алоэ гүлдері туралы біліп жүрейік.
Алоэ емдік қасиеті бар,бұлар қалын жапырақты,тікенекі келеді бірақ қолға кірмейді, шөлге шыдамды,өйткені бойында суы көп өсімдік.
Қазтабан суыққа шыдамды болып келеді,Қазтамақ адамның ашуын басатын қасиеттке ие. 
Фикус жапырақтары ірі,жапырағы қанық жасыл түсті тыңайтқанды жақсы көретін,жылу сүйгіш өсімдік. Енді осы гүлдер біздің бөлмеде барма екен келіп қарайық.
· Балалар табиғат бұрышынан гүлдерді тауып көрсетеді. Ортаға гүлдерді алып шығып,олардың жапырақтарының түстерін,гүл жапырақ арқылы дем алатынын мысал келтіріп түсіндіру.
· Мысалы бәріміз мұрнымызды саусағымызбен қысып дем алайықшы,
қандай сезім болды?
-балалар ​ дем алалмайтынына көз жеткізеді.
-Аленді балалар гүлдер несімен дем алады?
-жапырағымен дем алады.
-дұрыс айтасыңдар. 
-Ал егер жапырағын шаң басса не болады?
Гүлдерге ауа жетпейді.
Сондықтан гүлдер әдемі болып өсу үшін жақсы күтім керек екен.
​ Гүлдерге қамқорлық жасап топырағын қопсытып, шаңдарын сүртіп үйренейік.
Балалардан жұмыс барысында жапырақтардың құрамын сұрайды.(түсі,қалың-жұқа,т.б)
Біздің тобымызға жаңадан тағы бір гүлге көбейтіп гүл отырғызайық,
Практикалық жұмыс: «Колеус»​ гүлін отырғызу (гүлді отырғызу,күту тәсілі) көрсетеді. Жұмыс барысында балалар жапырақты, тамырды,құмды қолдарымен ұстап қөреді.Тамырланған гүлді отырғызып үйренеді.Жұмыс соңында қолдарын сулы майлықтармен сұртіп тазалайды.
Үйде тұрып өсетін,
Әкеп гүлдің көшетін.
Топырақты салдымда,
Отырғыздым қалбырға.
·
Сергіту жаттығы:​ «Қара жорға»
· Топтық ​ жұмыс:
Бойымызды сергітіп алдық, енді осы әдемі гүлдерді ермексаздан ,түрлы-түсті қағаздардан және бояулармен жұмыс жасап үйренеміз.Ол ұшін ұш топқа бөлінейік. 
· «Ермексаздар әлемі»​ және «сыйқырлы қағаздар»​ тобы болып бөлінейік.
· Дидактикалық ойын: «гүлдерді құрау» 
Бірінші болған бала қазтамақ гүлін текшелерден құрап көрсетеді.
​ Келесі бала гүлдің өсуін ретімен қояды.
· Мақал-мәтелдер: 
«Қыз өссе-елің көркі,
Гүл өссе-жердің көркі».
​ ​ ​ ​ «Гүл өмір қызығы».
​ ​ ​ «Гүл ашылмай,бұлбұл сайрамас». 
​ ​ ​ «Гүлді,гүл деме,егер сабағы болмаса». ​ 
-Өте жақсы бүгінгі оқу іс-әрекетімізге барлығың жақсы қатыстыңдар. Енді бүгінгі жаңадан отырғызған гүлімізді бақылап,жалпы өсімдіктерге қамқоршы болып өсейік. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 
Қортынды:
Белсенді қатысқан балалардың атын атап,қонақтармен ​ қоштасып оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.
Жылулық шеңбері
Гүлдер.гүлдер,көп гүлдер,
Қызыл гүлдер,көп гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе бершіырғалып.
Көріскенше күн жақсы,
сау саламат болайық! 
Ойын «Гүлдерді баспа» балалар бір тізбекке тұрып, жерде жатқан аяқ ізерінің арасындағы гүлдерден секіріп өтіп демалуға дәлізге ш
ығады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!