Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Бозжыра,Шарын шатқалдары 6 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: І бөлім Қазақстандағы көрікті жерлер Мектеп: «Теміртау қаласының №2 ЖББОМ» КММ Күні: 07.03.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова Самал Муратовна Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
3-сабақ Бозжыра, Шарын шатқалдары |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану; комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу; 6.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
- Мәтін бөліктерінен қажетті мәліметтерді іріктейді. - Мәтінде берліген ақпаратқа комментарий жасайды. - Мәтін материалдары бойынша жинақы мәтін жазады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Қажетті лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын мақсат Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: шатқал, аңғар, құмды жерлер, жер бедері. Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: кең байтақ қазақ жері, Қазақстанның көрікті жерлері, Қызыл кітап |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Туған жерді аялау, қорғау, құрметтеу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану, биология, әдебиет |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
«Алтынемел ұлттық бағы» тақырыбында бөлінген топтар бойынша тарихшылар тобы, географтар тобы, экологтар тобы таныстырылым жасайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин. |
Психологиялық ахуал. Оқушылармен амандасу. Оқушылар «Шаттық шеңбері» арқылы бүгінгі күнге бір-біріне жақсы тілек тілейді. Шатқалдардың атымен топқа бөлу. Оқушыларға сандар таратылады сол бойынша топқа бөлінеді. Оқылым алды тапсырма «Құпия сурет» әдісі арқылы сабақ тақырыбына болжау жасату. Бейнебаян көру. Шатқал жайлы оқушылар мағлұмат алады.
|
Шарын, Бозжыра шатқалдарының суреттері, сандар (1,2,3) бейнебаян |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. |
Оқылым кезіндегі тапсырма Т.Ж «Үш қадамды сұрақ» әдісі Мәтінді түсініп оқу. Негізгі ақпаратты іріктеңіз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Бозжыра шатқалы қайда бейнеленген? 2. Шарын шатқалында қандай жануарлар мен өсімдіктер бар? 3. Шарын шатқалы қайда орналасқан? Дескриптор
ҚБ. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды «Күлегештер» арқылы бағалаймын. ТЖ. «Іздену» әдісі Әр топқа мәтін үзінділері беріледі. Мәтін үзіндісінінен нақты ақпараттарды іріктеп, комментарий жасаңыз. Кестеге түсіріңіздер.
«Шатқал» тобының мәтіні Кең байтақ қазақ жері байлыққа ғана толы емес, сұлулыққа да тұнып тұр. Ұшы-қиыры жоқ дала мен аспанмен таласқан таулары адамзат баласын өзіне тәнті етпей қоймайды. Шетелдіктерді тамсандырған еліміздің үздік 10 өлкесінің ішінде Бозжыра мен Шарын шатқалдары кіреді. «Бозжыра» тобының мәтіні Бекет-ата мешітіне барал жолда кездесетін ерекше мекен Бозжыра шатқалы. Маңғыстаудағы ерекше таудың бейнесін Қазақстанның 1000 теңгесінен де көруге болады. Кез-келген альпинист пен саяхатшы бұл өлкені көруге міндетті деп есептейді көпшілік. Себебі өлкенің көз тартарлық сұлулығы мен қайталанбас пейзажы мың құбылады. Бірнеше миллион жылдар бойы тау түзілімдерінің бұзылуынан пайда болған төрткілдер күн шұғыласымен ерекше көрінеді. Мамандардың айтуынша, жер бедерін қалыптастырудың үш түрі болады: химиялық, органикалық, биологиялық. Бұл шатқал осы үшеуінің қосындысының нәтижесінде пайда болған екен. «Шарын» тобының мәтіні Ал Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі. Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Ғалымдардың зерттеуінше, шатқалға 12 миллион жыл болған. Әйтседе, Шарын шатқалының табиғаты жануарлар мен өсімдіктерге бай. Өңірде құстардың 103, бауырмен жорғалаушылардың 25, сүтқоректілердің 62 түрі мекендейді. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің 17 түрі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енген. Дескриптор
ҚБ. Тапсырма аяқталған соң, жауаптары тыңдалып, «Бас бармақ» әдісі арқылы өзара бағалау жүргізіледі. Оқылымнан кейінгі тапсырма Т.Ж. «Кім жылдам» әдісі арқылы топтарға тапсырма. 1.Сыңарын тауып, дәптерге жаз.
2. Мәтіннен біріккен сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңдар. 3. Мәтіннен күрделі сөздерді табыңдар. Ережесін айтыңдар. Дескриптор
ҚБ. Тапсырма аяқталған соң, жауаптары тыңдалып, топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Сергіту сәті. «Көңілді күн» әні бойынша бой жазу жаттығуларын жасайды. Жазылым тапсырмасы Ж. Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып «Шарын шатқалы» тақырыбына жинақы мәтін жазыңдар.
Дескриптор
ҚБ. Дескрипторға негіздей отырып, фигуралармен бағалау арқылы жүргізіледі. |
Мәтін жазылған қима қағаздар А4 қағаздар, маркерлер, мәтін үзінділері жазылған қима қағаздар
Кесте, мәтін «Бас бармақ» әдісі
jimdo.com Кесте, мәтін
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 8 мин. |
Оқушылар рефлексиясы: «Каһооt» әдісі арқылы оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау (онлайн тест).
А) Ақсу Ә) Бозжыра Б) Шарын В) Жалмауыз кемпір 2.Маңғыстаудағы ерекше таудың бейнесін Қазақстанның қай теңгесінен көруге болады? А) 200 Ә) 500 Б) 1000 В) 5000 3. Мамандардың айтуынша жер бедерін қалыптастырудың неше түрі бар? А) 5 Ә) 4 Б) 3 В) 2 4. «Шарын» шатқалы қайда орналасқан? А) Маңғыстау Ә) Батыс Қазақстан Б) Оңтүстік Қазақстан В) Алматы облысы 5. Ғалымдардың зерттеуінше «Шарын»шатқалына қанша жыл болған? А)12млн. Ә) 13млн. Б) 14млн. В) 15млн. 6. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің қанша түрі «Қызыл кітапқа» енген? 770 ₸ - Сатып алу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |