«Қалалық Оқушылар
Сарайы»МКҚК
Педагог: Жұмабаева
А.М.
Ашық сабақ
жоспары
Пәні : Дәстүрлі
ән
Өтетін күні:
18.01.2021ж
Класс: 1
оқу
жылы
Сабақтың
тақырыбы: Бұхар жыраудың термесі «Биік
тауға жарасар»
Сабақтың
мақсаты: Бұхар жырау шығармашылығымен
танысу.
1.
Білімділік: Бұхар жыраудың «Биік тауға
жарасар» термесін үйрену,жыраулық дәстүр жөнінде білімдерін
тереңдету.
2.
Дамытушылық: Оқушылардың аспапта ойнау
және терме айту өнерлерін дамыту, шығармашылыққа
баулу.
3.
Тәрбиелік: Оқушыларды
жақсылыққа,адалдыққа ,көпшілдікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
: Жаңа
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: Аспап, сурет,
үнтаспа.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу,
түгендеу.
Үй тапсырмасын
сұрау:
-Қане, балалар сабағымызды
домбыра аспабында қолымызды қыздырып,қол жүгіртк жаттығуларынан
бастайық.
-Енді, дауыс жаттығуларына
тоқталайық.
1. Халық әні «Қалаулым»-топпен
мәнерлеп орындау.
2. Халық әні «Гүлдерайым»
-топпен мәнерлеп орындау.Қатемен жұмыс жасау. Екінші дауысты қосып
орындау.
3. Бәкір Тәжібаевтың әні
«Туған жер өзің дегенде»- топпен орындау.
II. Жаңа сабақты
меңгеру:
-
Балалар,біздер халық әндерін
үйреніп келеміз. Осы орайда ән өнерінің неше түрге бөлінетінін
білеміз?Қане,кім айтады? Қандай түрлері
бар?
-
Оқушылар жауап береді:
Тұрмыс-саот әндері,үйлену, ұлыс әндері,тарихи әндер, қиял-ғажайып
әндер,айтыс әндері,эпикалық шығармалар,
т.б.
-
Дұрыс айтасыздар,ертедегі
халық сүйген жаанрдың бірі- терме. Терменің ұлы міндеті- елге ізгі
ұғымдарды тарату,халықты тарихтың тағылымы арқылы рухани жетілдіру,
әрі эстетикалық ләззат беру. Терме өнерінің көркемдігі
кемел,ғибраттылық қуанышы мол, асқақ та әдемі. Ерекше сүйкімді
тыңдаушының құлағын елітіп,жүрегін билейтін сазы,әуені, өздеріне
лайық мақамы мен ырғағы бар. Өзінің халыққа ерекше ұнамдылығымен,
ғасырдың көркемдік даналығын саф таза қалпында бүгінгі қауымға
жеткізуге мүмкіндігі молдығымен, өткен өмірдің ең жүрек жарды
өсиетін, ата-бабалардың өмір сабағын, дүниетанымдылық құбылстарға
берген бағасын, үміті мен арманын айта алатындығымен, терме өнері-
рухани байлығымыздың, мәдениетіміздің заңды мұрагері. Жас буынды
парасатқа, биік адамгершілік, сергектік, ата-бабаның
үлгі-өсиетін,қағидасын қадір тұту кең ойлап үйренушілік,
дүниетанымдық рухында тәрбиелеуде қызметі
ерекше.
-
Балалар,біз Бұхар жырау
термесінің алдыңғы бас буында орындалуын үйренген болатынбыз.
Енді,қысқаша ғана Бұхар жырау кім?Бұхар жырау тарихта қандай игі
істерімен қалды?Соған тоқталып кетелік. Мектеп бағдарламасынан да
сіздер білетін боларсыздар?! Кім айтқысы
келеді?
-
(оқушылар жауап
береді)
-
Бұхар жырау Қалқаманұлы
(1668-1781)- қазақтың ұлы жырауы, 18 ғасырда жоңғар басқыншыларына
қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты
Абылай ханның ақылшысы.
Заманындағы сыншылар оны
«көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек
өлең сөз төгіледі. Сырдария облысы Қазалы уезі Көшербай болысының
6-шы ауылының «Қарақ» деген жер. Әкесі Қалқаман ерлігімен елге аты
шыққан батыр болған. Бұхар жырау- мемлекет істеріне тығыз араласқан
қабырғалы би болған. Жырау бір ғасырдан астам жас жасайды. Бұхар
жырау Абылай хан тұсында да ел билігіне араласады. Өз заманында
өткен хан-сұлтандардың кемшілігі болса бетіне басып, ал жақсы
істері болса мадақтап жырға қосып отырған арқалы жырау. Сонымен
бірге, Бұхар жырау халыққа арнап терең ойға толы толғауларды да
шығарған, ақылгөй-дана. Бұхар жыраудың «Биік тауға жарасар» атты
өсиет-термесін бізде үйреніп жүрміз. (Плакатқа терменің сөзін жазып
қою. А4 қағазына ырғақтардың,қағыстардың суретін салып қою, солар
арқылы әртүрлі жаттығулар жасату.)
.
-Қане, барлығымыз, асықпай
бірге орындап көрелік:
- Алыстан қызыл
көрінсе
Манат емей
немене
Көтеріліп ұшқан
соң
Қанат емей
немене
Екі жақсы
қосылса
Санат емей
немене
-Жақсы осы тұсқа дейін тағы
бір қайталап көрелік.
-Енді, балалар бүгін бұл
терменің соңғы буындарын үйренейік!
Шөлдегенде берген
су
Шекер емей
немене
Үмітсізге біткен
мал
Бекер емей
немене
Жаймендеп жүргізе отырып,
үйрету.
Пысықтап, қайталатып, әр
оқушыдан жеке сұрау.
-
Балалар, терменің сөздерін
талдайық. Қане, плакатқа жазылған сөздерге назар
аурарыңыздар!
-
Кім маған
айтады?
-
Дұрыс адам бойында кездесетін
түрлі қасиеттерді теңеп жырлаған.
«Биік тауға
жарасар»
1. Алыстан қызыл
көрінсе
Манат емей
немене?!
Көтереліп ұшқан
соң
Қанат емей
немене?!
Екі жақсы
қосылса
Санат емей
немене?!
Шөлдегенде берген
су
Шекер емей
немене?!
Үмітсізге біткен
мал
Бекер емей
немене?!
2. Қараңғыда
жүгірген
Қабан емей
немене?!
Айтқан сөзге
көнбеген
Жаман емей
немене?!
Сұрағанда
бермеген
Сараң емей
немене?!
Кісі ақысын көп
жеген
Арам емей
немене?!
Біліп тұрып
білмеген
Амал емей
немене?!
3. Биік тауға
жарасар
Ығынан тиген
пайдасы!
Терең сайға
жарасар
Тобылғылы
саласы
Ер жігітке
жарасар
Қолына алған
найзасы!
Би жігітке
жарасар
Халқына тиген
пайдасы!
Бұл жалғанда ең
жаман
Ағайынның
аласы!
«Биік тауға жарасар» атты
өсиет сөзі 7-8 буындық өлең өлшемінде құрылған. Өсиет сөздің ізімен
өлең құрау үшін ең алдымен «панасы» сөзіне ұйқас сөз тауып алайық.
Олар : данасы,санасы, шанасы, анасы, қаласы, ағасы,тағасы,
бағасы,жағасы,сағасы т.б. Ал, енді осы аталған ұйқас сөздерді
таңдап алып, өсиет сөздің мазмұнына сай өлең шығарып көрелік. Ол
үшін төмендегі берілген өлең шумақтарындағы көп нүктенің орнына өз
ойыңды жазып көр! (Әр оқушыға жеке қағаздар тарату,тақтаға іліп
қою.)
Ер жігітке
жарасар
....................ағасы
Ата-анаға
жарасар
.....................баласы
Қара жерге
жарасар
......................даласы
Ақ көйлекке
жарасар
.......................жағасы
Ал,енді балалар,ұйқас сөзді
өзгертіп өлең шығарып көрелік!
III. Жаңа сабақты
қорыту:
Сұрақтар
арқылы:
-
Бұхар жырау
кім?
-
Жыраулар деп кімді
айтады?
-
Бұхар жырау қай ғасырларда
өмір сүрді?
-
Бұхар жырау қай ханның тұсында
өмір сүрді?
-
Бұхар жырау хандар тұсында
қандай қызмет атқарған?
-
Бұхар жырау нені өсиет
етті?
-
Қандай нәрсені жаман қасиетке
теңейді?
-
Сараң қасиет пен арам қасиетті
қалай бейнелейді
-
Шөлдеп ішкен суды не нәрсеге
теңейді?
Топпен бірге тағы да термені
басынан аяғына дейін қайталау.
IV. Үй
тапсырмасы:
1. Өткен әндерді үнемі
қайталап отыру.
2. Бұхар жырау термесін
жаттау.
V. Орындаушылық және
сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды
бағалау.