Материалдар / Ашық сабақ. Бұйым өру. 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Бұйым өру. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып қыз балаларына бұйым өру туралы мәлімет беруі арқылы қарапайым бұйымдардан бұйым өруді үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Шілде 2018
2405
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем еңбек пәнінің қысқа мерзімді жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 2А.

Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп: «С.Ерубаев атындағы №7 жалпы орта мектеп-

интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Күні: 21.12.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ибрагимова Эльмира


Сынып: 5

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Бұйым өру.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.3.2 Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау.

5.2.3.4 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.

5.2.6.1 Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау.


Сабақ мақсаттары

  • Бірнеше өру әдісін пайдаланып бұйым орындай алады;

  • Ұлттық мәдениет элементтерін пайдалана алады;

  • Шығармашылық жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтай алады;

Жетістік критерийлері

  • өру өнері туралы білімін көрсетеді;

  • өрудің бірнеше тәсілдерін меңгереді;

  • материалдар мен құрал-жабдықтарды ұқыпты қолдана алады;

  • шығармашылық жұмысты ұқыпты орындайды;


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Өру – плетенеие – Embroidery

Макраме – Macrame

Түйін түрлері – Виды узелков - Types of knots

Құндылықтарды дарыту


  • Еңбек және шығармашылық

  • Патриотизм

Пәнаралық байланыстар

  • Математика /өруде түйін сандарын санау үшін қолданылады/,

  • орыс тілі, қазақ тілі /өз ойларын жеткізу, тілдік дағдыларын дамыту үшін/

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді іздену арқылы АКТ дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім


Оқушылар СҚӨ бұйымдары туралы білімдері бар. Практикалық тапсырмалар орындау арқылы алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларын белсендіру.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Миға шабуыл презентациясы

2 минут



Бастапқы кері байланыс

«ой толғау»

3 минут









Жұпқа біріктіру

2 минут

«Термин сөз бен анықтама»

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын айтпас бұрын оқушыларға презентация көрсетіледі. Презентацияда сәндік тоқыма бұйымдарының мысалы, қамшы, газеттерден тоқылған ыдыстар,білезіктер,мактаме паннолар, шашбау т.б. заттардың фотосуреттері көрсетіледі.

Слайдтар көрсетіліп болған соң оқушыларға төмендегіше сұрақтар қойылады.Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады. Бұл бастапқы кері байланыс болады.

Сұрақтар:

1.Осы суреттерге байланысты не байқадыңдар, қандай ортақ қасиеттерді көруге болады?

2. Өру жұмыстары үшін қандай материалдарды қолдануға болады?

3. Өру, тоқу яғни сәндік қолөнер бұйымын жасаудың қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?


Жұпқа біріктіру:қағаз қималарының біріне термин сөз,екіншілеріне анықтамасы жазылып жсырылады. Оқушылар кезекпен қағаз қималарының біреуін алу қажет. Барлық оқушылар қағазды алып болған соң жұптарын термин және оның анықтамасы бойынша іздеп тауып бірігеді.




Презентация

1,2,3,4,5 слайдтар
















Қағаз қималары








Қажетті құрал-жабдықтар. Таспалар, мулине жібтері, моншақтар, бисерлер,

">http://sovets.net/3451-kak-sdelat-braslet-iz-bisera.html </a>


Сарамандық жұмыс кезеңі.

«Ойлан, бірік, бөліс»

15 мин










Сарамандық жұмыс.

Өру техникасында бұйым жасау.

Алдыңғы сабақта оқушылар өру техникасында орындалатын бұйымның нобайы мен сұлбасын орындаған. Оқушылар осы сабақта қажетті құрал-жабдықтарды,түрлі материалдарды қолданып, өру техникасын, түстердің үйлесімділігін өз бетінше таңдап бұйым өруіп шығады.

Оқушыларға жұп бойынша конверт таратылады. Конверт ішінде бұйымның нобайы мен сұлбасы және қажетті құрал-жабдықтар мен материалдары бар. Жұп болып осы тапсырманы орындайды.

Тапсырманы бастамас бұрын техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы үшін нұсқамалық жұмыстарын еске түсіреміз.

Тапсырма: шашбау, жіптен білезік, макраме, моншақтан білезік, таспадан білезік өру.

Жұмыс барысында оқушыларды қолдап, көмектесіп, қажеттілігіне қарай өру тәсілдерін көрсетемін.

Бағалау критерийі

2 минут


Таныстыры-лым кезеңі

8 минут

Өзара бағалау

«Смайлик» әдісі







Кері байланыс

«жаңғақ» әдісі

5мин





Сабақты қорыту

2 минут




Үйге тапсырма

1 минут

Сарамандық жұмысқа қойылатын бағалау критерийі:

  1. Өрілген бұйымның сапасы.

  2. Түстердің үйлесімділігі.

  3. Таныстырылым аясын ашып көрсету.

Бағалау критерийіне сәйкес оқушылар жұп болып өз таныстырылым кезеңін бастайды. Қалған тыңдаушы оқушылар әр жұп бір сұрақтан қояды, және өзара бағалау жүргізеді.

Өзара бағалау жүргізу үшін оқушыларға екі түрлі смайлик суреттері таратылады. Бағалау критериінің үшеуіне толық жауап берген жұпқа күліп тұрған, ал екі бағалау критерийі айтылған жауапқа мұңайып тұрған смайликтердің суреттерін көрсету арқылы бағалап отырады.


Кері байланыста оқушылар қағазға әрқайсысы өз сұрақтарын жазады да оны мыжып, жаңғақ пішініне келтіріп, ортадағы тарелкеге салады. Араластырады да әр қайсысы бір-біреуін қайта алады. Қолдарындағы жаңғақты ашып сұраққа жауап береді.


Сабақты қорыту мақсатында бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын айтып өтемін. Сәтті тұстары: оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысқандығы болуы мүмкін.

Сәтсіз тұсы: Сарамандық жұмыс кезеңіне уақыттың жетпей қалуы немесе таныстырылым кезінде өз ойларын толық жеткізе алмаулары болуы мүмкін.


Қайшы, тоқыма жіптері, қажет емес газет, ПВА желімі, картон алып келу керектігін ескертемін


Жұмыс орнын тазалау.

ауызша











Смайликтер





Қоңыр түсті қағаз










Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.

Сұрақ-жауап алу, практикалық тапсырмаларды орындау нәтижесі арқылы.

Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс істеуін және түзу отыруын қадағалау.

Терезені ашып, ауаны тазартып отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Оқу ісінің меңгерушісі: О.Әбілдаева









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!