Материалдар / Ашық сабақ "Ч" және "Щ" дыбыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ч" және "Щ" дыбыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
әдіс алмасу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2020
623
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 27-сабақ. Ч, щ

дыбыстары

МЕКТЕП: №72жом


КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:Токмейлова С.


СЫНЫП: 3

қатысқандар саны:



қатыспағандар саны:



ОҚУ МАҚСАТЫ:


3.4.1.3 ч, щ əріптері бар сөздердің емлесін білу;

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық жəне жабық сұрақтарға жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.




САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Ч, щ əріптері бар сөздердің емлесін біледі.



Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.




Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.


Алдыңғы білімдер


Ф дыбысы.

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет



Дереккөздер

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

2 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».

Шеңберге жиналып, бір-біріне есімінің бастапқы əріпінен басталатын жылы лебіз, тілек айту.


(Ұ) Суреттегі сөздердің алғашқы əріптері мен əріптердің қосындысынан жасырынған мақалды тауып оқу.

Мағынасына талдау жасау (Жақсыда кек жоқ).


СЫД

Е

О

Көңілді əуен


қосып қою

3 минут

Интерактивті


тақта

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)

4 минут

3.4.1.3 (ОТ; Ө; Ұ; Қ) Ч, щ əріптері бар сөздердің емлесін білу.

31-жаттығу. Кестедегі сөздерді оқиды. Ш, щ, ч дыбыс- тарын жеке-жеке айтып, өзара салыстырады. Бұл дыбыстар- дың əртүрлі айтылу себебін түсіндіріп, мысалдар арқылы дəлелдейді. Ш, щ, ч дыбыстары сөздің қай жерінде келетінін анықтайды. Кестедегі сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Оқулық

4 минут

3.1.1.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Өлеңді мұқият оқып, негізгі ойды анықтау. Өлеңдегі сұрақтарға жауап беру.

32-жаттығу. Өлеңді мұқият оқиды. Өлеңде берілген сұрақтарға жауап береді. Ащы, ашшы сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстырып, тұжырым жасайды. Щ əрпі қай сөздерде жазылатынын айтып, дəлелдейді.

Оқулық

3 минут

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Өлең мазмұнына өз пікірін жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Өлең мазмұнына өз пікірін жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара

бағалайды.

2 дəптермен жұмыс

Shape1

1 минут

Ой сергек!

Бейнежазбадағы əуен ырғағымен билеу.


4 минут

3.1.1.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мəтінді оқып, алғашқы екі сөйлемді көшіріп жазу. Ч əрпі бар сөздердің астын сызу. 33-жаттығу. Мəтінді түсініп оқиды. Мəтіндегі алғашқы екі сөйлемді көшіріп жазады. Ч əрпі бар сөздердің астын сызып, олардың жазылуына назар аударады.

Оқулықта берілген жаңа ақпаратты түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.

Оқулық

2 дəптермен жұмыс

3 минут

(Т) Түрлі дереккөздерден ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Тақырып мазмұнына сай материалдар жинақтап, алдын ала дайындалған сынып бұрышымен жұмыс ұйымдастырылады. Чукчалар туралы ақпаратты дереккөздерден тауып оқып, талдау жасайды.

Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты орындау жəне оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:

  • тапсырманы орындау барысында тақырыптан ауытқымау;

  • интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

  • сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау. Жұмыстарын топта жариялау.

Сынып бұрышы Энциклопедия

5 минут

(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.

Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.

(МК; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау.

Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында

«Бағдаршам» əдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады.

Əрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сəйкес карточкалар таратылады.

Топтық жұмысты тыңдап, бағдаршам түстеріне сəйкес карточкаларды көрсету арқылы бағалайды.

«Жасыл» түс – негізгі ойды түсініп, мазмұнын толық ашқан.

«Қызыл» түс – мазмұнын ашқан. Əңгіме жүйелі құрылмаған.

«Сары» түс – мазмұнын толық ашпаған. Тақырыптан ауытқыған.

Бағдаршам түстеріне сəйкес карточкалар

6 минут

3.2.3.1 (Қ; Ұ; Т; Қ) Өлеңді оқып, сұрақтың жауабын айту. Өлең мазмұнын өз сөзімен айту. Ақпарат жинап, өз ойымен бөлісу.

34-жаттығу. Өлеңді түсініп, мəнерлеп оқиды. Сұрақтың жауабын тауып айтады. Өлеңдегі негізгі ойды анықтайды. Өлеңнің мазмұнын өз сөзімен айтуларына басшылық жасалады. Чемпион деп кімдерді атайтынын жəне қандай чемпиондарды білетіндерін айтып, өз ойларымен бөліседі. Топта берілген тапсырма бойынша талқылау жасайды.

Чемпион болу үшін не істеу керегі туралы өз ойларымен бөліседі.

Топтық жұмыс ретінде Қазақстаннан шыққан əлем чемпиондары туралы ақпараттар жинап келу іздену жұмысы ретінде үйге беріледі.

Оқулық


ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

4 минут





1 минут

(Ө; Қ) Берілген сөйлемді керекті сөздермен толықтыру.

Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтыру арқылы өз іс- əрекетіне кері байланыс жасайды.


(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.

2 дəптермен жұмыс




2 дəптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар

Қосымша ақпарат

Дифференциация: Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау: Оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс: Денсаулық пен қауіпсіздік АКТ

Құндылықтар

Бақылау:

Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-əрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым жəне неліктен?


Қорытынды бағалау: Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1.

2.

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт. 1.

2.

Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар жайлы не білдім?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!