Ашық сабақ. Цифрлық сауаттылық. 3 сынып. "Кейіпкерлер" тақырыбына

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Цифрлық сауаттылық. 3 сынып. "Кейіпкерлер" тақырыбына

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Цифрлық сауаттылық. 3 сынып. "Кейіпкерлер" тақырыбына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Кейіпкерлер

Өтілген сабақтың электронды нұсқасы: https://youtu.be/ak4i1JB0kaA?si=tpMoQfzHHkBd8jI5


Бөлімі:

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

2-бөлім. «Ойын құру» (ортақ тақырыптар: «Уақыт», «Сәулет»)

Педагогтің аты-жөні:

Әшірбай Р.Н.

Күні:

24.11.2023ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кейіпкерлер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу;

3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Көрініс пен кейіпкердің айырмашылықтарын атай алады.

Оқушылардың көбі үшін:

Жобаға кейіпкерлерді қосудың түрлерін үйренеді.

Кейбір оқушылар үшін:

Программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеуді үйренеді.

Құндылықтар:

Әділдік пен жауапкершілік:

  • Өз бетінше әділ шешім қабылдай білу;

  • Пәнге деген өзіндік құндылық бағдарларын тұжырымдай білу;

Бірлік және ынтымақ

  • Шындықты айту, басқаларды жақсы көру;

  • Өз өзіне адал болу;

  • Командада жұмыс істей білу;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының ісәрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі:

1-6 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту. «Амандасу» ойыны

Оқушылар сыныпқа біртіндеп кіреді. Мұғалім оқушыларды көңілді әуенмен қарсы алып алады. Алдын ала дайындалған тақтайшаларда, қол беріп амандасу, қол түйістіру, қол соғыстыру, құшақтасу бейнелері тұрады. Мұғалім мен оқушылар сол бейнелерді қайталайды. Мұғалім мен оқушылар арасында керемет байланыс орнатылады.


Picture 3

https://youtu.be/CZW7xTArCLQ?si=bP5AUh0geXMDppRC



Топтастыру:



Топтастыру

Оқушылар сабақтың бастапқы кезінде мұғалімнің қолданылған Flippity флатформасындағы Random Name Picer әдісімен екі топқа бөлінеді.

1-топ: Кейіпкер

2-топ: Көрініс

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын арттыру үшін топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.


5-6 мин




Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, жауап беретін оқушыны интерактивті тақтадан Wordwail колесосын айналдыру арқылы анықтайды. Оқушылар жеке үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Scratch бағдарламасында кейіпкер деген не?

  • Scratch бағдарламасында көрініс дегеніміз не?

  • Сценарий дегенімі не?

  • Scratch бағдарламасының мүмкіндіктері қандай?

Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Wordwail сервисі


Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «Тізбектей оқу» әдісі

Топта оқушылар оқулықта берілген жаңа білім айдарындағы мәтінді кезектесіп бірінен соң бірі тізбектей оқиды. Әрбір оқушы өзінің оқыған мәтіні бойынша топта өзара талқылау жасайды. Бір-біріне және мұғалімге сұрақтар қойып, өздерінің білімін толықтырады.

Топтық жұмыс

1-тапсырма


Дескриптор

  • Тапсырмаға

топтық

Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірін сабаққа

Интерактивті

тақта

Оқулық



Picture 1









Интерактивті тақтада жұмыс

1-топ: Кейіпкер тобы интерактивті тақта алдына топтаса шығып, Wordwail платформасында алдын ала дайындалған викториналық сұрақтарға жауап береді.

2-топ: Көрініс тобы өз кезегінде олар да интерактивті тақта алдына топтаса шығып, LearningApps сервисінде сәйкестендіру тапсырмасын орындайды

талқылау жасайды.

  • АКТ ны тиімді пайдалана біледі

  • Интерактивті тақтамен жұмыс жасай біледі

қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Wordwail сервисі


LearningApps сервисі

Топтық жұмыс

2-тапсырма

Әр топ оқушыларына конверт таратылады. Ол жерде Scratch бағдарламасына қатысты, бүгінгі өткен тақырыпқа байланысты және бұл бағдарламаға қатысы жоқ суреттер беріледі. «Артығын тап» әдісі бойынша, артық суретті бөліп көрсетеді.

Дескриптор

  • Тапсырмаға топтық талқылау жүргізеді.

  • Scratch-те берілген терминдерді түсінеді. .

Қалыптастырушы бағалау

Топтасқан оқушылар бір-бірін сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Қошеметтеу»

әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері


Сергіту сәті

Көңілді әуенге екі топтан бір-бір оқушы шығып арнайы жасалған кілемшеде секіріп ойнайды. Бұл ойын түрі оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Musica??

Borboletinha


https://youtu.be/H9BGJp0WJ9U?si=3_DCKSgczAS7a63i



Жеке жұмыс

3-тапсырма

Оқушы тапсырманы компьютерде орындайды. Компьютерге отырмас алдын техника қауіпсіздігін еске алады. Scratch бағдарламасына тақырыпқа сай жоба жсайды

  • Көрініспен кейіпкердің қандай айырмашылықтарын атай аласың?

  • Жобаға кейіпкерлерді қосудың қандай түрлері бар? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа толық жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өзін-өзі сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс

«Араның ұясы» техникасы

Мұғалім топтағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің көмегімен берілген мәліметтер қорытындыланады, өңделеді.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке

«Қошеметтеу»

әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.



Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Мен сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:


2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2024
560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі