Материалдар / Ашық сабақ. Дәрігер бізге қонаққа келді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Дәрігер бізге қонаққа келді

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға дәрігер не үшін қажет екенін түсіндіру. Медициналық құралдармен және емдік шөптермен таныстыру. Дәрігердің еңбегін бағалай білуге, құрметпен қарауға, топта бірлесе жұмыс істеуге, тапсырманы дұрыс орындауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
787
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

«Нұрбалапан» бөбекжайының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: «Балауса» ортаңғы тобы

Күні: 24.11.2020 ж

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бізге дәрігер қонаққа келді»

Мақсаты: Балаларға дәрігер не үшін қажет екенін түсіндіру. Медициналық құралдармен және емдік шөптермен таныстыру. Дәрігердің еңбегін бағалай білуге, құрметпен қарауға, топта бірлесе жұмыс істеуге, берілген тапсырманы дұрыс орындауға тәрбиелеу. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Үлестірмелі материал, емдік шөптер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Қажетті көрнекіліктер: дәргердің құралдары, үлестірмелі материалдар.

Қостілділік компонент: дәрігер-врач-doctor, дәрі – лекарства- drugs, дәріхана- аптека- pharmacy

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығу-шылығын ояту кезеңі




Шаттық шеңбер.

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды

Достарымның барлығын,

Сыйлап, жақсы көремін

Алақаным арқылы,

Жылуымды беремін.

Жыл мезгілдерін сұрау.Балалар осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі оқу қызметін бастаймыз.

Мнемокесте арқылы балалардың тілін жаттықтыру. Тақпақ айту.

Алтын, сары, қызыл-көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі Сөйлеуді дамыту. «Бізге дәрігер қонаққа келді»-деп аталады.

Іш ауырса, тіс ауырса,

Маған дәрі береді

Барлық ана, барлық бала,

Оны жақсы көреді. Балалар айтыңдаршы, тақпағымыз кім туралы?

Дәрігер мамандығы өте құрметті мамандық. Өйткені дәрігер ол адамдарды емдейді, дәрі береді. Ал ауырмас үшін дені сау, мықты болып өсу үшін жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек. Дұрыс тамақтанып, таза жүру керек. Дәрумендер жеп тұру қажет.

Балалар, ауырғанда дәрі беретін, емдейтін апайлар мен ағайларды дәрігер деп атайды.

Балалар адамдардың көңілді, күліп жүруі неге байланысты деп-ойлайсыңдар?

Әрине денсаулыққа байланысты. Балалар айтыңдаршы біздің балабақшада дәрігер бар ма? Фариза апай-дәрігер.Ол-балалар ауырып қалған кезде алғашқы көмекті көрсетеді.

Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдесіп, жылы тілектерін айтады.









Балалар бірге қайталап айтады











-Дәрігер ауырып қалған кезде алғашқы көмек көрсетеді.

-Денсаулыққа байланысты

-қолымызды жуып, дұрыс тамақтануымыз керек.

-ия бар

Ұйымдастыру

шылық ізденіс кезеңі


Ғажайып сәт:

-Балалар дәрігер апайымыз бізге қонаққа келе жатыр. Қәне, қол соғып қарсы алайық.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Бүгін мен сендерге дәрігер мамандығының жұмысын көрсетіп, дәрігерге қажетті құралдармен таныстырамын. Бұл қораптың ішінде дәрігерге қажетті құралдар бар. Бұл құралмен ауырған адамның өкпесін тыңдаймыз. (әр құралға жеке- жеке тоқталып көрсетеді, балаларды тыңдап қарайды) Ал бұл құралмен қызу өлшейміз. Тамағын қараймыз. Егер ауырған болса мынадай дәрілер беріп, екпе жасаймыз. Ал, балалар, мен қайтайын, келесі топтардың балаларын да қарап келейін.

Билингвальды компонент: дәрігер-врач-doctor, дәрі – лекарства- drugs, дәріхана- аптека- pharmacy

Сергіту сәті.

Музыка арқылы жасау.

Ендеше балалар емдік шөптер туралы көбірек білу үшін дәріханаға саяхатқа барамыз. Жолдан Сайқымазақты көреді.

Балалар қарандаршы мұнда Сайқымазақ көңілсіз тұр.- Сайқымазақ саған не болды?

Сайқымазақ:  Кеше қатты жауын жауды,  мен үйге жете  алмай далада қалдым. Енді міне ауырып қалдым.

Ал балалар Сайқымазаққа қалай көмектесеміз? Өзімізбен бірге дәріханаға ала кетейік, дәріханашы апай көмектесер.

Балаларды дәріханашы күтіп алады. Дәріханашы апай біз дәріханаға саяхатқа келдік.  Біздер емдік өсімдіктерден жасалған дәрілермен  танысқымыз келеді.

Дәріханашы:(Айғаным)  Міне  мынау емдік шөптер, дәрілер. Бұл  дәрілерді дәрігердің нұсқауымен қолданады.

Түймедақ (Ромашка)- 1 жылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы  кезектесіп орналасқан және жіңішке. Күлтелері ақ  сопақша. Ортасында сары түтікшелері бар. Суық  тигенге тұмауға  пайдалы.

Бақ- бақ(Одуванчик) - көп жылды көктем гүлі. Сабағын  сындырсан  сүт тамшылары шығады.Асқазан,  ішек  жұмыстарына  көмектеседі.

Жолжелкен (Подорожник) Шөптесін өсімдік. Таулы аймақтарда   өседі.  Жапырағы тамыр  түбінен шығады. Қанат  тәрізді тілімделген. Жүйке  және бүйрек ауруларына,  ішек жолдарына пайдалы.

Жалбыз –(Мята)- ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты, хош иісті өсімдік. Емдік қасиеті де бар. Қазақстанда жалбыздың 9-10 түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Биіктігі - 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең күлгін түсті. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, онда 5% эфир майы болады. Асқазан ауруына, іш ауырғанда пайдалы.
Шатыраш-(Шалфей)-жапырақтың түсі бозғылт-жасыл (үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Күшті хош иісі бар.Дәмі ащы. Шатыраш шөбі күйікке, түрлі жараларға,тіс ауырғанда, шаш өсіруге т/б түрлі ауруларға пайдаланады.

Итмұрын (Шиповник) -раушан гүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі.Асқазанға, иммунитет көтеруге, суыққа, тұмауға қарсы ішеді.

Ал мынау емдік өсімдіктерден жасалған дәрілер.   Дәрілермен таныстырады. Бұл өсімдіктерді жинап  алып арнайы орындарда өндеп тазалап мынадай  қорапқа салып дәріханаға әкеледі. Тәжірибе алаңы:

Дәріханашы апай Сайқымазақ пен балаларға арнап суыққа қарсы шай дайындап береді.

Сайқымазақ жазылып орынынан тұрып секіріп рахмет айтады.

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты: Балалар суреттен дәрігерге қажетті құралдарын тауып орнына қояды.

Дәрумендер орталығы. Ойын: «Сиқырлы қорап»

Шарты: Балалар жемістерді тауып орнына орналастыру арқылы сиқырлы қораптың ішінен тәттілерді алады








Сайқымазақтың тамағы ауырып қалды





-ия








Дәріханашы балаларды емдік шөптермен таныстырады.




Балалар Сайқымазаққа көмектеседі





Дәріханашы апаймен танысып дәрілік шөптермен танысады.









































Балалар тәжірибе алаңында дәріханашы апайдың жасаған шәйін бірге көреді.


Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.




Іс-әрекетті бағалау кезеңі

Қорытындылау:

-  Балалар, бізге кім қонаққа келді?

-Біз бүгін қайда бардық?

Жолдан кім кездесті?

Өте жақсы. Балаларды мадақтау.


-Дәрігер

Дәрілермен емдік шөптермен таныстық.

Күтілетін нәтиже: Нені біледі:   Емдік  өсімдіктердін түрлері мен қасиеті туралы  білді. Өсімдіктерден дәрілер жасау жолдары туралы  білді. Қандай түсініктерді игерді: Мейірбикенің құралдарын қалай пайдалануын біледі. Меңгерген дағдылары: Өсімдіктердін адам ағзасына пайдасы туралы меңгерді. Дәріханадағы дәрілер мен өсімдіктен жасалған дәрілердің   айырмашылығын меңгерді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!