Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ "Дәрілік өсімдіктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып ұстаздары мен биология пәнінің ұстаздарына керек материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

7.10.16.

Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер
Мақсаты:
Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы терең мағлұмат беру, білімдерін кеңейту; ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын дамыту;табиғатта өздерін дұрыс ұстауға үйрету, табиғаттағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу

Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: шайқурай, түймедақ,ошаған т/б дәрілік өсімдік суреттері.

Күтілетін нәтиже:Дәрілік өсімдіктерді біліп жүреді.
І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

ІІ.Қызығушылығын ояту

Сұрақ-жауап

Жеуге жарамды саңырауқұлақтарды кім атап береді?

-Балдырлар қайда болады?

Дәрілік өсімдіктер дегенді қалай түсінесіңдер?

Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?

Олардың пайдасы қандай?

ІІ. Ребус шешу,,,
Жауабы: «Дәрілік өсімдіктер»
Бейне көрініске назар аударайық.
- Бейне көріністе не бейнеленген?
1. Дәрілік өсімдіктердің суреттері көрсетіледі. Таныстыру
Видеожазба көрсету.
ІІІ.Нақты ұғым беру
-Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы,мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар.
Шырғанақтың жемісінен күйікке және жараға жағатын май алынады.
Итмұрынның жемісінен дәруменге бай дәмді қайнатпа және шырындар жасайды.
Таңқурай жаңа піскен, кептірілген, тоспа түрінде де өте пайдалы. Оны суық тиген кезде шайға салып ішу керек.
Шайқурайды халық 99 аурудың емі деп санайды. Онда пайдалы заттар өте көп. Жұпаргүл ас қорытуды жақсартады, суық тигенде көмектеседі. Бұл өсімдіктің атауының өзі оның жұпар иісі туралы айтып тұр. Жұпаргүлді шайға қоссаң, ерекше дәм және хош иіс береді.
Жолжелкеннің жараны емдеп жазуда көмегі көп. Жолжелкенді жараға жапсырып қойсаң, тез жазылады. Жолжелкеннің шырынынан жөтелді басатын дәрі дайындайды.
ІV. Дидактикалық ойын «Үйіне орналастыр»
1
. Берілген өсімдіктердің ішінен дәрілік өсімдіктерді тауып, өз орнына орналастыр.
V. Шығармашылық тапсырма
А) Жұмбақтар шешу.
1 - топқа:
Өзіне шап - шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап.
( Бақбақ)
2 - топқа:
Саздауыт жерде өседі,
Хош иісі аңқыған,
Шипа өсімдік деседі.
(Жалбыз)
3 - топқа:
Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек.
(Бүлдірген)
Ә) Осы жұмбақ шешуіндегі өсімдіктердің суретін салу.
VІ. Қорытынды
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Оларды не үшін қолданады?
-Өз жерімізде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы ата - анаңнан сұрап біл.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2019
1512
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12