Материалдар / Ашық сабақ: Дәуірлерді жалғастырушы желі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Дәуірлерді жалғастырушы желі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеден келе жатқан халық даналығы, ата-баба , салт-дәстүрінің,көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымы, адамгершілік құндылық, даналық ретінде түсінік алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2021
577
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: ДОІЖО________

Мектеп: №72

Күні: 06.04.2020ж

Мұғалім: Едилова А.Т

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны: 26

Қатыспағандар:2

Сабақтың тақырыбы:

Дәуірлерді жалғастырушы желі

Құндылық:

Сүйіспеншілік

Қасиет:

Мейірімділік, жауапкершілік, патриотизм

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.2.3.4. Мәліметтерді жинақтау

5.3.1.2Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну


Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

 Ертеден келе жатқан халық даналығы, ата-баба , салт-дәстүрінің,көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымы, адамгершілік құндылық, даналық ретінде түсінік алады

Оқушылардың көпшілігі

Ақпаратты құрылымды қолданған.

Презентацияда

таныс ақпарат берілген.

Сыныптастарын қарата алды.

Оқушылардың кейбірі

Ақпаратты ретсіз қолданған.

Презентацияда берілген ақпаратты өңдей алды.

Сыныптастарын қарата алмады.

Бағалау критерийі

Халық даналығы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын қазына екендігін ұғынады
Ұлттық мәдениетке, ата - баба дәстүріне деген сүйіспеншіліктерін дамытады

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, музыка

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, ғаламтор желісіне қосылған компьютер

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қоғам игілігі үшін еңбек» тақырыбын меңгерді

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

2 мин






2 мин



3 мин

Ұйымдастыру кезеңі. -Сәлеметсіздерме , құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

-Көңіл –күйлеріңіз қалай?

Сынып оқушыларын түгендеу.«Өзін –өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталау (тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық).


Ал енді балалар сабағымызды бастамас бұрын әрқайсымыз өз атымызы байланыстыра отырып бойымыздағы бір жақсы қасиеттерімізді атап шығайық.

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Сурет бойынша лексикалық тақырыпты болжайды.

Түркістан Отырар Сығанақ


Тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:













Дидактикалық материал

карточкалар

Сабақ ортасы





28 мин

Жаңа ақпарат (сабақтың мақсатын аша түсу мұғалім тақырыпқа байланысты мәліметтермен бөліседі)
Әр халықтың құнды дүниесінің бірі, әрі бірегейі – оның мәдени мұрасы. Мыңдаған жылдардың тарихын таңбалап, өткен күннен белгі болып қалған тарихи – мәдени ескерткіштер, жазбалар, кешегі күн – бүгінгі тарихтан қандай да бір сыр шертетін деректер – баға жетпес асыл қазынамыз. Әр мәдениет көрінісінің жарқын келбеті болған мұраларымызды келер ұрпаққа аманаттау – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз. Елбасының бастауымен құрылған «Мәдени мұра» бағдарламасының рухани-мәдени өмірімізге тигізген үлкен бір шапағаты – ғылымға нақты қолдау жасалды.


Дәйексөз

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек

Н.Ә.Назарбаев

  • Хормен оқыту. Ұл балаларға және қыз балаларға бөлек оқыту.

  • Жұмыс дәптерге жаздыру.

  • Осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

  • Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып, қорытындылау.


Бейнеролик «Қазақ жеріндегі тарихи-мәдени мұралар»



  • Мәтінмен жұмыс

    Оқулықтың 101-103 беттерінде берілген «Түркістан» тақырыбын оқушылар үйден мазмұндап және қосымша мәліметтерді дайындап келіп презинтация арқылы қорғайды.

Сергіту сәті: «Көршінің суреті»

  • Оқушылар дәптерін төбесіне қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, берілген қысқа уақыт ішінді (1-1,5 минут) оның суретін салуға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Оқушылар сурет салынған парақтарға өз қолдарын қойып, бір – біріне тарту етеді.


  • Шығармашылық жұмыс
    1- тапсырма: « Кім жылдам?» Оқушыларға 5 сұрақтан құралған тест тапсырмалары интербелсенді тақтадан көрсетіледі. Оқушылар жылдамдықпен дәптерлеріне дұрыс жауапты жазып, мұғалімге тексертеді. Алғашқы болып бес баланының жауабы тексеріліп, сосын қалғандары үшін дұрыс жауап тақтаның бетіне шығарылады.

  • 2-тапсырма: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы,парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлы тұлғаларымен мақтанады.» деген сөзін басшылыққа ала отырып, ой толғау жазады, сосын сыныптастарымен пікір алмасады.

Топпен ән айту. «Отырардағы той»

Оқулық 107-бет


Сөзін жазған: Сабырхан Асанов

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов


Той басталды Отырарда,

Сырдың сұлу бойында.

Кеудесінде оты жанған

Қызылқұмның қойнында.

Аңыздарда аты қалған,

Талай ақын толғаған-

Осындай той Отырардан

Басқа жерде болмаған!


Қ-сы:

Туған елім-ай,

Өскен жерім, асқар белім,

Сенсің әнім менің,

Сәнім менің,

Алақандай аялаған,

Арманым да өзіңсің,

Ақ тілегін аямаған,

Ардағым да өзіңсің.

Сендегі жас, кәрінің де,

Қуанышы мол болсын.

Шәуілдірдің әр үйінде,

Дәл осындай той болсын.















Дәптер






Интернет көздері


Өзін-өзі тану оқулығы



Кеспе ақ қағаздар












































Сабақ соңы

5 мин


Рефлексия.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Picture 5


Жүректен жүрекке

Сабақ соңында оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, қолдарындағы жүрекшелерді бір-біріне береді.






Үш түрлі стикерлер













Жүрекше қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға өткен сабақта қолданылған тыңдалым мәтінін пайдалану үшін ұсынылады.

2 – оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?


Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!