Материалдар / Ашық сабақ: Дәуірлерді жалғастырушы желі 6 "А" сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Дәуірлерді жалғастырушы желі 6 "А" сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркістан Рухани астанамыз Түркістан қаласы туралы айту. Түркістан қаласының адамзат өміріндегі алатын орны мен қасиеті туралы мағлұмат беру Мағжан ақынның «Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деген өлең жолының мағынасын түсіндіріп беру. Түркістан қаласының басқа қалалардан ерекшелігі оның тарихының терең де қасиетті қала екенін айту «Түркістанды рухани астанаға айналдыру» идеясына көзқарастарын білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2022
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім: 3


Мұғалімнің Аты-жөні, тегі

Бейсетов А.А.

Мерізімі:


Сынып: 6

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы №25

Дәуірлерді жалғастырушы желі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

Мақсаттары

Барлығынан жақсыны көре білу арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.


Құндылық


Ақиқат

Қасиеттер

Ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсыны көру, қарапайымдылық.


Сабақтың мақсаты


Оқушыларға өзгелермен үндесудің маңыздылығын түсіндlре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Білімділік:

Ойдың, сөздің және істің бірлігі туралы түсінік беру;

Дамытушылық:

Барлығынан жақсыны көре білуге баулу;


Тәрбиелік:

Қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)


1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)


5 «Т» - ережесін сақтау

Талап,

Тазалық,

Тыныштық,

Татулық,

Тәртіптілік

Тыныштық сәті:

№2 Жағымды күйге ену, «Су асты патшалығына ойша саяхат»

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

Оқушылар тыныс алып, жағмды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістеме

лік құрал,

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


«Табиғат баға жетпес сый» жобасының төртінші кезеңіне бейнеролик, фотоколлаж, презентация








Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларға ізгі қасиет ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі.

Презентация, слайд.

Жұмыс дәптер

лері.


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

Дәйексөз

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де,

болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі

кезеңге көз жіберуіміз керек»

Халық мақалы

Бүгінің мен ертеңіңді көру үшін кеше күнге үңіл дегенді қалай түсінесің?

Оқушылар мақалдның мағынасын түсіндіреді, екі рет қайталайды және дәйексөзді дәптерлеріне жазып қояды.

Презентация, слайд.

Жұмыс дәптер

лері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Әңгімелеу

Түркістан

Рухани астанамыз Түркістан қаласы туралы қандай ой түйдіңдер?

2.Түркістан қаласының адамзат өміріндегі алатын орны мен қасиеті туралы не ойлайсыңдар?

Мағжан ақынның «Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?

Түркістан қаласының басқа қалалардан ерекшелігі оның тарихының терең де қасиетті қала болғанынан ба? Мысал келтір.

«Түркістанды рухани астанаға айналдыру» идеясына көзқарастарың қалай? Әңгімелеп беріңдер.

Оқушылар оқиғаның тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтары на жауап бере отырып, Түркістан қаласының адамзат өміріндегі алатын орны мен қасиеті туралы терең ойланады.


5. Шығармашылық жұмыс

(12-15 мин)


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Түркістан қаласы жайлы ақпаратты ортаға салып, сыныптастарыңмен бөліс. Әңгіме жүргізу.

2-тапсырма: Ахмет Ясауи кесенесін кімнің салдырғаны жайлы дұрыс жауабыңды бер:

Шыңғыс хан

Жошы хан

Абылай хан

Ақсақ темір

3-тапсырма: Мағжан Жұмабаев ақынның «Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деген өлеңінен екі шумақ.

Оқушлар дайындаған ақпараттарын ортаға салып, талқылайды және мәнін түсіндіреді.

Өз жұмыстарын сыныпқа таныстырады..

Баяу әуен қойылады.


6. Үй тапсырмасы (1-2 мин)

Үй тапсырмасы

Келесі сабақ:«Түркістан»қаласы жайлы фотоальбом, коллаж, макет жасап келу.

Оқушылар үй тапсырмасын дайындап келеді.


7. Топпен ән айту

(2-3 мин)



Топпен ән айту

«Отырардағы той»

Той басталды Отырарда

Қайырмасы:

Туған елім-ай,

Сырдың сұлу бойында.

Өскен жерім, асқар белім,

Кеудесінде оты жанған.

Сенсің әнім менің,

Қызылқұмның бойында. Сәнім менің.

Аңыздарда аты қалған, Алақандай аялаған,

Талай ақын толғаған - Арманым да өзіңсің,

Осындай той Отырардан

Ақ тілегін аямаған,

Басқа жерде болмаған! Ардағым да өзіңсің.

Сендегі жас, кәрінің де,

Отырардың күні бүгін Қуанышы мол болсын.

Қайта туды жаңғырып. Шәуілдірдің әр үйінде,

Жырлап жатыр ұлылығын

Дәл осындай той болсын.

Барлық аймақ, атырап.

Әнмен бірге

Зіл қара жер қозғалғандай

Күймен бірге толғанам. Палуандар алысқан.

Осындай той Отырардан Қызғалдақтай қыздар қандай

Басқа жерде болмаған!

Көз тартады алыстан!

Сол қыздарға оты бар жан

Жүрек отын жалғаған.

Осындай той Отырардан

Басқа жерде болмаған!

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

8. Сабақтың қортынды сәті (1 мин)

Мұғалім: Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!