Ашық сабақ: Дәулеткерейдің күйі "Қыз Ақжелең" ,музыка мектебінің 2 класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Дәулеткерейдің күйі "Қыз Ақжелең" ,музыка мектебінің 2 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мектептерінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы « Қалалық оқушылар Сарайы»МКҚК

Қазақ ұлт аспатары студиясы,Домбыра класының мұғалімі

Жұмабаева Аманкул Мейрамқызы

Сабақтың тақырыбы: Дәулеткерейдің «Қыз Ақжелең» күйімен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Композитордың күйлерін насихаттай отырып,шығармашылығымен, күйдің шығу тарихымен таныстыру,тыңдату, үйрету.

Дамытушылық: Оқушының ойнау шеберлігін жетілдіру, музыкалық сауатын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелігі: Композитордың күйі арқылы өнерді бағалауға,оқушының бойындағы ұлттық рухани сезімін ояту,ұлт жанды болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Аспап,үнтаспа, слайд (интерактивті тақта)

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа дайындығы,назарын сабаққа аудару. Аспатың құлақ күйін келтіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

а) D-dur гаммасын әртүрлі штрихта ойнау. Арпеджио ойнау.

ә) Этюд №6

б) Ә.Желдібаев «Ерке сылқым» қайталау, мәнерлеп орындау.

III. Жаңа сабақ: Дәулекерей Шығайұлының күйі «Қыз Ақжелең»

а) Күйші Дәулеткерей Шығайұлы өмірбаяны мен шығармашылығы туралы бейнеролик арқылы,слайд арқылы таныстыру.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы күйші Дәулеткерей Шығайұлының «Қыз Ақжелең» күйі.

ә) «Қыз Ақжелең» күйінің шығу тарихы туралы. Күй қырқыншы жылдары шыққан күйшінің алғашқы күйінің бірі. Дәулеткерей ауылына жақын орналасқан жақын ауылда Ақбала атты жас қыз болады. Ақбала ақылына көркі сай,өнерлі, домбырашы қыз болған. Жас қыздың өнері Дәулеткерейді таң қалдырады. Көп кешікпей өмірге «Қыз Ақжелең» күйі келеді. Бұл күй жас қызға арналғандықтан шаттыққа, қуанышқа толы күй. Күйде жеңіл ырғағы бар, лирикалық күй.

б) Күйді оқушыға мұғалім толық орындап,тыңдатады.

Күйді талдау, өлшемі, ырғақтық өрнектерді талдап,оқушыға ойнату. Әрбір такттіні санап отырып, 1а цифрға дейін жүргізіп ойнау. Күйдің тональдігін ажырату. 1,2,3 цифрға дейін санап отырып,жүргізіп ойнау. Негізі күй жылдам екпінде ойналады,бірақ алғаш үйренген кезде екпінді жайлатып ойнау керектігін түсіндіру.

Күйде дыбыс ұзақтығы ауысып отырады,сегіздік, төрттік, он алтылық ноталар кездеседі. Өлшем бірлігі 6/8, тональділік фа мажор. Күйде он алтылық ноталарды жеңіл, жұмсақ, ойнақы тартуға тырысамыз, сонда жеңіл, би ырғағын байқаймыз. Күйдің қайырмасы әр буын бөлімінде кездесіп отырады. Енді осы екпінді, қағысты сақтап күйдің сағасын үйренеміз.

Әр шығарманың қиын жері –күйдің әдемі сазы болып есептеледі. Күйді тартып отырып саусақтардың қойылуына мән береміз (аппликатура) бұл өте маңызды.

Күйде крещендо, форшлаг әдістері де кездеседі.

Крещендо- Дыбыстарды бірте-бірте күшейту.

Форшлаг-дыбыстарды әсемдеу,қағыс аланбайды,жанау арқылы дыбыс шығару.

Сабақты қорытындылау:

Сұрақтар қою арқылы:

-Дәулеткерей қай өңірде дүниеге келді?

- Дәулеткерейдің алғашқы шығарған күйі қандай?

-Дәулеткерейді қандай күйші дейміз?

- Лирика дегенеміз не?

- Аппликатура дегеніміз не?

«Қыз Ақжелең» күйі кімге арналып шығарған?

  • Крещендо дегеніміз не?

  • Форшлаг дегеніміз не?

Үй тапсырмасы: Күнделікті Гамма,арпеджиоларды ойнау.

«Ерке сылқым» т.б өткен күйлерді үнемі қайталап отыру.

«Қыз Ақжелең» күйін нотамен жүргізіп орташа екпінде ойнап, келу.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2021
1600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі